AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Ата-аналардың жұмыс уақытын қысқарту мәселесі қайт...

Ата-аналардың жұмыс уақытын қысқарту мәселесі қайта көтеріледі

Әлеумет 19.11.2025, 14:43 386
Ата-аналардың жұмыс уақытын қысқарту мәселесі қайта көтеріледі
Сурет: istockphoto.com

Мәжілісте кішкентай балалары бар ата-аналардың қысқартылған жұмыс уақытына деген құқығының орындалу мәселесі талқыланды, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Депутаттар бұл құқық заңда бар болғанымен, іс жүзінде толық жүзеге аспай отырғанын айтты.

Мәжіліс депутаты Қарақат Абден Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқарбек Ертаевқа ата-аналардың жұмыс уақытын қысқарту мүмкіндігі туралы сұрақ қойды. Оның айтуынша, көптеген ата-ана бала күтімін ұйымдастыру немесе балабақшадан уақытында алып кету қиындықтарына тап болып отыр.

"Бұған дейінгі заңнама ата-аналарға қысқартылған жұмыс уақытына құқық береді. Алайда бұл құқық бүгінгі күні толық сақталып отырған жоқ", деді депутат.

Вице-министр Ертаевтың айтуынша, жұмыс беруші мен жұмыскер еңбек шартын жасағанда жұмыс уақытын өзара келісуге құқылы. Мысалы, жұмыс күнін таңғы 8:00–18:00 немесе 9:00–17:00 аралығында белгілеуге болады. Сондай-ақ сенбі күнін қосымша келісім арқылы жұмыс уақытына енгізуге мүмкіндік бар.

Егер жұмыс беруші қысқартылған жұмыс уақытына келіспесе, жұмыскер заңға сәйкес шағым түсіре алады. Арыз мемлекеттік еңбек инспекциясына жіберіледі, олар жағдайды бақылап, қажет көмек көрсетеді.

Депутаттар ата-аналардың жұмыс режиміне қатысты құқықтарын нақты орындау маңызды екенін атап өтті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қысқартылған жұмыс уақыты
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы әскери институтта мектеп оқушылары үшін Ашық есік күні өтті

Кеше 17:36

Түркияда тоғызқұмалақ, бестемше және мангала ойындарынан халықаралық жарыс басталды

Кеше 17:17

Қазақстандық дзюдошылар ел қоржынына 5 қола салды

Кеше 16:28

Алматының сегіз ауданында 10 мыңға жуық тұрғынның қатысқан жергілікті сенбіліктер өтті

Кеше 15:57

Алматыда Карьерная көшесінде тұрғындар мен коммуналдық қызмет өкілдерінің қатысуымен сенбілік өтті

Кеше 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика