Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Азаматтық-құқықтық келісім арқылы жұмыс істеу шект...

Азаматтық-құқықтық келісім арқылы жұмыс істеу шектелмек

Әлеумет 19.11.2025, 16:15 377
Азаматтық-құқықтық келісім арқылы жұмыс істеу шектелмек
Сурет: telegram.org

Мәжілісте жұмыс берушілердің еңбек шартын айналып өтіп, азаматтармен азаматтық-құқықтық келісім жасасу тәжірибесіне нүкте қою мәселесі көтерілді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Депутаттар мұндай келісімдер жұмысшыларды негізгі әлеуметтік кепілдіктерден толық айыратынын айтты.

Бірінші оқылымда қаралған заң жобасына қатысты депутат Асхат Аймағамбетов көптеген жұмыс берушінің шығынды азайтып, әлеуметтік міндеттемелерден қашу үшін еңбек шартын емес, азаматтық-құқықтық келісім (ГПХ) рәсімдейтінін атап өтті.

- Мұндай жағдайда қызметкер еңбек тәртібіне бағынады, графикпен жұмыс істейді, басшысы бар. Бірақ қағаз жүзінде ол — “қызметкер” емес, “мердігер”. Бұл әлеуметтік кепілдіктерден толықтай айырады, — деді Аймағамбетов.

Депутаттың айтуынша, азаматтық-құқықтық келісім бойынша жұмыс істейтін азаматтар ақы төленетін демалыс ала алмайды, әйелдерге босану және бала күтімі бойынша демалыс берілмейді, зейнетақы жарналары толық аударылмайды, сондай-ақ міндетті медициналық сақтандыруға да қол жеткізе алмайды.

Оның айтуынша, енді бұл тәжірибеге қатаң шектеу қойылады. Егер еңбек қатынасында еңбек шартына тән кем дегенде бір белгі болса, азаматтық-құқықтық келісім жасауға тыйым салынады.

Депутат Арман Қалықов та бастаманы қолдап, қандай жағдайда азаматтық-құқықтық келісім еңбек шарты ретінде танылатынын нақтылауды сұрады.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бірінші вице-министрі Аскарбек Ертаевтың айтуынша, Еңбек кодексінің 27-бабына сәйкес еңбек шартының негізгі үш белгісі бар: қызметкердің белгілі бір мамандық немесе біліктілік бойынша жұмыс атқаруы, міндеттерді басшылыққа бағына отырып жеке орындауы және тұрақты жалақы алуы.

- Егер азаматтық-құқықтық келісім осы белгілердің біріне сәйкес келсе, онда ол міндетті түрде еңбек шарты ретінде рәсімделуі қажет. Мұны алдымен жұмыс берушінің өзі тексеруге тиіс. Ал мемлекеттік бақылауды еңбек инспекциясы жүргізеді, — деді ол.

Вице-министр қазір елде еңбек шарттарын тіркейтін бірыңғай жүйе жұмыс істейтінін, онда азаматтық-құқықтық келісімдер де мониторинг үшін жүктелетінін айтты.

- Жүйеде шамамен 300 азаматтық-құқықтық келісім бар. Егер инспекция олардың ішінде еңбек шартына тән белгілерді көрсe, жұмыс берушіге оларды еңбек шартына ауыстыру туралы нұсқама беріледі, — деді Ертаев.

Депутаттар бұл өзгерістер қабылданса, он мыңдаған азамат толық әлеуметтік және еңбек кепілдіктеріне қол жеткізетінін атап өтті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#азаматтық-құқықтық келісім
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мәдениет қайраткерлері референдум туралы: конституция қазақша сөйледі

Бүгін 13:38

Алматының қоғамға белгілі тұлғалары дауыс беруге шақырды

Бүгін 13:31

Алматылықтар мүгедектікті белгілеуге онлайн жазыла алады

Бүгін 12:46

Конституция қабылданған күн мемлекеттік мереке болып есептеледі

Бүгін 12:26

Елімізде жеке детективтер институты болуы мүмкін

Бүгін 11:59
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі