Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Тоқаев: Әзірбайжан арқылы қазақ мұнайын әлемдік на...

Тоқаев: Әзірбайжан арқылы қазақ мұнайын әлемдік нарыққа шығару – басым міндет

Әлеумет 10.04.2023, 18:49 1,165
Тоқаев: Әзірбайжан арқылы қазақ мұнайын әлемдік нарыққа шығару – басым міндет
Сурет: Ашық дереккөз

Ортақ дәлізді дамыту жөніндегі жол картасы


Транскаспий халықаралық көлік бағыты әлеуетін толыққанды ашу зор маңызға ие. Бұл туралы Әзірбайжан Президенті Ильхам Әлиевпен келіссөздерден кейінгі БАҚ өкілдеріне арналған брифингте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Транскаспий халықаралық көлік бағыты әлеуетін толыққанды ашу зор маңызға ие. Сөз логистикалық қызметті жетілдіру, бірыңғай көлік операторларын құру, техникалық және тарифтік шарттарды жаңғырту, әкімшілік кедергілерді жою және тұйық логистикалық цикл қалыптастыру жайында болып отыр. Сонымен қатар 2022-2027 жылдарға арналған Орта дәлізді дамыту жөніндегі жол картасын тиімді жүзеге асыру зор маңызға ие. Біз бұл бағытқа арта түскен қызығушылықты толықтай қолдау және оның инфрақұрылымдық дамуына үшінші елді тарту маңызды екендігіне келістік. Бұл іс-шаралардың барлығы, сондай-ақ халықаралық серіктестерімізбен өзара тығыс іс-қимыл «Шығыс-Батыс» бағытында жүктерді тұрақты және жедел жеткізуге кепілдік беруге жол ашады», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.



Мемлекет басшысы келіссөздер барысында энергетика саласындағы ынтымақтастықты ұлғайтуға да баса назар аударылғанына тоқталды.



«Бүгінде әлемдік нарыққа энергия ресурстарын жеткізуді одан әрі әртараптандыру біздің басым міндетіміз саналады. Өздеріңіз де білетіндей, биыл біздің уағдаластығымыздың арқасында Әзірбайжан арқылы қазақстандық мұнайдың бірінші партиясы жөнелтілген болатын. Келесі қадам – жеткізу көлемін арттыру және оған ұзақмерзімді тұрақты сипат беру», - деді Президент.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#мұнай #Әзербайжан #Транскаспий
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҒЫЛЫМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА ҒЫЛЫМИ ОНКҮНДІК ӨЗ ЖҰМЫСЫН ҚОРЫТТЫ

Кеше 19:20

Алматыда Розыбакиев көшесінің бір бөлігінде қозғалыс уақытша шектеледі

Кеше 18:29

Алматыда Ғылым күні қарсаңында ғылыми жобаларды гранттық қаржыландыруға өтінім қабылдау басталды

Кеше 18:17

Отты жырдың оғланы: Ақын Олжас Сүлейменов 90 жаста

Кеше 18:13

«Цифрлық иммунитетті қалай қалыптастыруға болады?»

Кеше 18:09
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика