AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алдымызда ауқымды міндеттер тұр - Әшімбаев

Алдымызда ауқымды міндеттер тұр - Әшімбаев

Әлеумет 10.04.2023, 17:47 1,000 Almaty-akshamy.kz. 
Алдымызда ауқымды міндеттер тұр - Әшімбаев
Сурет: ашық дереккөз

Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата Бюросының отырысы өтті, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz  BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.



Онда VIIІ сайланған Парламенттің І сессиясына арналған Сенаттың негізгі іс-шаралар жоспары және 11 сәуірде өтетін Палатаның кезекті отырысының күн тәртібі бекітілді.


Өз сөзінде Мәулен Әшімбаев Жұмыс жоспары Мемлекет басшысының сессияның ашылуында берген тапсырмаларына сәйкес дайындалғанын атап өтті. Сондай-ақ ол ел Президенті белгілеп берген міндеттерді сапалы әрі уақтылы іске асыру үшін заң шығару үдерісі барынша ашық және инклюзивті түрде жүргізілуі керектігін тілге тиек етті. Соған байланысты Сенат Спикері Палатаның Комитет төрағаларына өз салалары бойынша осы бағыттағы жұмысты жандандыруды тапсырды.



«Сенаттың жоспарында VIIІ шақырылымдағы Парламенттің І сессиясының ашылуында Мемлекет басшысының жүктеген міндеттері мен Жолдауында берілген тапсырмалары ескерілген. Сондай-ақ Комитеттердің ұсыныстары да назарға алынды. Сенаторлар өткізетін әр іс-шараның нақты нәтижесі болуға тиіс. Кездесулер мен жиналыстарда тек мүдделі орталық мемлекеттік органдармен шектелмей, талқылауға ғалымдарды, қоғамдық көмекшілерді, сарапшыларды және бизнес өкілдерін жұмылдыру қажет. Жергілікті басқару органдарын да іс-шараларымызға кеңінен шақырған жөн. Өйткені алдымызда ауқымды міндеттер тұр, атқаратын жұмыс көп», – деді Мәулен Әшімбаев.



Сонымен қатар Бюро мүшелері Палатаның алдағы отырысының күн тәртібін бекітті. Онда сенаторлар «Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Төтенше жағдайлар және дүлей зілзалалардың қауіп-қатерін азайту жөніндегі орталық арасындағы Қазақстан Республикасының аумағында оның болу шарттары туралы келісімді ратификациялау туралы» заңды қарайды. Келісімде көзделген міндеттерді орындауы үшін аталған халықаралық ұйымның Қазақстан Республикасының аумағында болуына қажетті жағдайларды қамтамасыз ету мәселесі қарастырылған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Әшімбаев #Сенат спикері #міндеттер тұр
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Кітап оқудың маңызы зор

Бүгін 17:28

Қазақстанның төрт боксшысы Әлем кубогі финалына шықты

Бүгін 15:44

Ақтауда екі жұмысшы тұз қышқылынан күйіп қалды

Бүгін 14:43

Трамп қатысқан қабылдауда қарулы адам шабуыл жасады

Бүгін 12:24

Жексенбіде еліміздің басты қалаларында ауа райы қандай?

Бүгін 11:04
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика