Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / Көңіл қымбат

Көңіл қымбат

Өмір-өзен 24.12.2021, 06:22 1,563
Көңіл қымбат
almaty-akshamy.kz

Күн әжептәуір қысқарған. Таңның өзі қараңғы қазір. Автобустамын. Терезеден сыртқа қарап отырмын. Көше шамдары самаладай жарқырап тұр.


Кезекті аялдамадан жүгі көп бір әйел автобусқа міне алмай жатыр. Сүйрететін темір арбаға  артып, бірнеше жерінен байлап қойған үлкен пакеті, 5 литрлік суы, қолына ұстаған бөлек тағы бір пакеті бар. Автобус жүріп кетіп қалып қоярмын дегендей жанталаса ентелей кіріп келе жатқандықтан, есікке сыймай жатыр әлгі заттарымен.


Жүргізуші күтіп тұр.


– Таң атпай құдалыққа шыққансыз ба, немене, мына жерді көшіріп жібердіңіз ғой, – деп әзілдеді орта жастардағы шопыр.


Салондағылар күліп жатыр. Әйел де еріксіз күліп жіберді.


Автобус жүйткіп келеді. Жүргізуші ойланып кетті ме екен, кезекті аялдамадан біраз өтіп барып кілт бұрылыс жасап тоқтады. Кейіндеу қалып қойған бір әйел ентіге жүгіріп жетіп, рақметін жаудырып жатыр.


– Көрдіңіз бе, мен сіз үшін маневр жасап барып тоқтадым ғой, – деді шопыр, аялдамаға тоқтауға міндетті екенін, соны ескермей қалғанын жуып-шайғандай. Тағы езу тарттық.


Кезекті аялдамадан 6-7-лердегі бір қыз баланы әжесі отырғызып жіберген болатын. Әлгі бүлдіршін түсер кезде шопырға жолақысын ұсынды.


– Жарайды, төлемей-ақ қой, қызым! – десе де, бала қолын алға әлі созып тұр  "жолақыны алыңыз" дегендей.


– Төлемей-ақ қой, балам, бара ғой, түсе бер, – деді тағы да жүргізуші. Қызыл телпекті қыз түсіп алып, томпаңдай жүгіріп бара жатты.


Автобус терезесіне қайта үңілдім. Сыртта да талай адам кетіп бара жатыр. Асығыс жүгіріп бара жатқандары бар. Таң да атыпты. Терезеден жарық түсті.


Міне, таңмен бірге тағы бір күн басталды. Әр күніміз қалай басталса, солай өтері ақиқат нәрсе. Бүгін біздің күнімізді жаны жайсаң, қарапайым, көңілі кең жүргізуші жақсы бастап берді.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #автобус #көңіл
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда AI Engineering бағдарламасының жаңа легі басталады: оқушылар жасанды интеллект пен жобалар жасайды

Бүгін 19:41

Алматыда жасыл желектерді ауқымды дәрілеу жұмыстары басталды

Бүгін 19:38

Махаббат пен парыз арасындағы тартыс: Алматыда «Шідер» детектив-драмасының премьерасы өтеді

Бүгін 18:38

Алматыда Жетісу көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 18:17

Алматыда World Schools Team Championship 2026 Азия кезеңі басталды

Бүгін 17:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика