AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Көлсайға қандай қауіп бар?

Көлсайға қандай қауіп бар?

Әлеумет 06.09.2023, 13:17 1,063
Көлсайға қандай қауіп бар?
Сурет: Wikipedia.org

Көлсайда да тиісті шектеу енгізбесек, енді 5-6 жылда еліміздегі ең көрікті жерден айырылып қаламыз - депутат.


Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Данияр Қасқарауов Көлсай көлдері аумағындағы экологиялық мәселені көтеріп, Премьер-Министрдің орынбасары Тамара Дүйсенованың атына сауал жолдады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Алматы облысында Жетісудың жауһары, еліміздегі жеті кереметтің біріне баланған Көлсай көлдері бар. Ұлттық парк аумағындағы ең шұрайлы жерлер кезінде жекенің қолына өтіп кеткен. Басында бұл жерлер ауыл шаруашылығы мақсатында, шабындық және жайылымға деп берілген. Енді кәсіпкерлер қонақүй, бассейн, дәмхана салып жатыр. Мәлімет бойынша оларда құрылыс салуға рұқсат қағаздары жоқ. Жер мақсатсыз пайдаланылып жатыр. Ал ұлттық парк аумағында капиталды құрылыс жүргізуге болмайды деген ережені ешкім елемейді. Құзырлы орындар да оны тексеруге, шара қолдануға құлықсыз», - деді Д. Қасқарауов.



Ресми мәліметке қарағанда, кейінгі бір жарым жылда «Көлсай» көлдеріне жарты миллион турист келіпті.



«Көлдің айналасында бос жер жоқ. Айналаның бәріне шамамен үш жүздей киіз үй мен тамақтану шатырлары тігілген. Ешқайсысында дәретхана қойылмаған. Таулы аймақта кәріз жүйесі болмағандықтан, шайынды сулар жерге сіңіп жатыр. Септик, ассенизатор деген атымен жоқ. Осының салдарынан тұмса табиғаттың экологиясы бұзылып жатыр. Түтіні будақтаған көліктер де көлдің басына дейін барады. Сондықтан Көлсайда да тиісті шектеу енгізбесек, енді 5-6 жылда еліміздегі ең көрікті жерден айырылып қаламыз. Біз сыртқа кеткен активтерді қайтарамыз деп жаңа заң қабылдадық. Ел ішінде де кезінде қолды болған, арзан бағаға сатылған, заңсыз өзгенің иелігіне өткен осындай шұрайлы, ерекше қорғауды қажет ететін жерлер бар. Арнайы комиссия құрылып, соларды кешенді тексеру керек. Осы ретте жалғыз Көлсай емес, барлық ұлттық парк аумағындағы сатылған, ұзақ жылға жалға берілген жерлердің заңдылығын тексеріп, мемлекет меншігіне қайтару қажет деп санаймын», - деді депутат.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#көлсай #Экология #қауіп
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев: Қуғын-сүргін құрбандарын жадымызда сақтау – қастерлі борыш

Бүгін 09:08

«AMANAT» партиясы экологиялық акция аясында 300-ден астам алматылық жасты біріктірді

Кеше 17:42

Алматыда Балаларды қорғау күніне арналған BALA FEST – 2026 фестивалі өтеді

Кеше 17:38

1 маусымда Алматыда балаларға арналған қандай іс-шаралар өтеді?

Кеше 17:36

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды ҚКП ОК Саяси бюросының мүшесі Чэнь Вэньцинмен кездесті

Кеше 17:33
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);