Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Көктемгі демалыс уақытында Алматының 6500-ден аста...

Көктемгі демалыс уақытында Алматының 6500-ден астам педагогі біліктілігін арттырды

Барлығы 02.04.2025, 13:07 657
Көктемгі демалыс уақытында Алматының 6500-ден астам педагогі біліктілігін арттырды
Сурет: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Алматыда көктемгі демалыс кезеңінде ұйымдастырылған педагогтерге арналған білім беру іс-шараларының циклі аяқталды.

Бұл туралы Алматы қаласы білім басқармасының «Білім берудегі жаңа технологиялар қалалық ғылыми-әдістемелік орталығының» директоры Дәурен Сағынғалиев өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында мәлімдеді, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

«Көктемгі демалыс аясында 26-31 наурыз аралығында білім берудің түрлі бағыттарындағы педагогтар үшін 50-ге жуық іс-шара өткізілді. Жалпы қамту 6500-ден астам адамды құрады», - деді спикер.

Оның айтуынша, негізгі бастамалардың қатарында 2672 педагог қатысқан аттестаттау мәселелері бойынша 15 қалалық семинар бар. «Ұстаз» платформасына құжаттарды жүктеу бойынша консультациялық жұмыс деректерді енгізуді 100% аяқтауды қамтамасыз етті.

Сонымен қатар Дәурен Сағынғалиев SDU University-мен бірлесіп 400-ден астам мектеп пен колледж директорларын біріктірген «Тиімді басқару нұсқаулығы» форумы өткенін хабарлады. Форум стратегияларды, білім берудегі Жасанды Интеллектінің рөлін және оқу орындарының заманауи мәдениетін қалыптастыруды талқылауға арналған алаңға айналды.

Сондай-ақ, 16 бағыт бойынша VII қалалық педагогикалық оқуларының үшінші кезеңі өтті. 700-ден астам педагог өтінім беріп, 150-і ақтық мәреге жетті. Негізгі мақсат - тәжірибе алмасу, шығармашылық кәсіби байланыстар орнату.

Спикер Алматының халықаралық білім беру бастамаларына белсенді қатысатынын атап өтті: 1 сәуірден бастап PISA-2025 зерттеуі басталды, оған қаланың 27 білім беру ұйымы қатысады. Оған функционалдық сауаттылық бойынша 12 семинар, сондай-ақ жаратылыстану-математикалық бағыттағы 500 мұғалімге арналған 80 сағаттық семинар-практикумдар орайластырылған.

«Жаңадан бастаушылардан бастап педагог - шеберлерге дейін мұғалімдерді сапалы даярлауға ерекше көңіл бөлінеді. Бұл біздің оқушыларымыздың табысты болашағының кепілі», - деп атап өтті Дәурен Сағынғалиев.

Оның айтуынша, тәрбие жұмысына ерекше назар аударылды: ҚХР, Түркия және Швейцария педагогтарының қатысуымен 8 іс-шара, соның ішінде халықаралық семинарлар өткізілді. Олардың бірі Алматы - Швейцария - Мәскеу - ЮНЕСКО телекөпір форматында өткен халықаралық ынтымақтастықтың үлгісі болды.

«Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында World Skills Kazakhstan кәсіби шеберлік конкурстары мен чемпионатының жеңімпаздарын құрметтеу рәсімі өтті. Іс-шараға қала колледждерінің 300 жас оқытушылары қатысты.

Сондай-ақ, мектепке дейінгі ұйымдар үшін 200 педагог пен ата-ананы қамтыған форсайт-сессиялар мен семинарлар өткізілді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #педагогтерге білім #біліктілік арттыру
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Таза Қазақстан»: Ұлттық ұлан әскери қызметшілері сенбілікке белсене қатысты

Бүгін 18:49

Қала тазалығы – ортақ жауапкершілік: Алматыда мәдениет саласының өкілдері сенбілікке белсенді қатысты

Бүгін 16:55

Алматылықтар «Желтоқсан» саябағында сенбілікке қатысты

Бүгін 14:45

Болашақтың саясында өткен мереке: Алматыда «Тамырлас» жобасы басталды

Бүгін 14:19

ІІМ басшысы Сәденов Алматыдағы жол апатына қатысты бірқатар мәлімдеме жасады

Бүгін 14:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика