AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Әлемдегі ең бай адамдардың жаңартылған тізімінен Қ...

Әлемдегі ең бай адамдардың жаңартылған тізімінен Қазақстаннан алты адам енді

Экономика 02.04.2025, 12:55 1,426
Әлемдегі ең бай адамдардың жаңартылған тізімінен Қазақстаннан алты адам енді
Сурет: Astanatv.kz

Forbes журналы әлемдегі ең бай адамдардың жаңартылған тізімін жариялады.

Оған Қазақстаннан алты адам енді. Олардың бесеуінің байлығы АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамптан асып түсті, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Қазақстандықтардың арасында көш басына Вячеслав Ким жайғасты – ол 464-орында, оның байлығы 7,1 миллиард доллар деп бағаланады. Forbes сайтының мәліметінше, Ким – Қазақстандағы ең ірі финтех-компания саналатын Kaspi.kz акционері және директорлар кеңесінің төрағасы.

Михаил Ломтадзе 597-орынға ие болды, оның байлығы 5,9 миллиард доллар деп бағаланған.

Үшінші орында Тимур Турлов тұр – ол 605-орынға жайғасқан, оның байлығы 5,8 миллиард доллар. Турлов – Freedom Holding-тің негізін қалаушы және бас директоры. Бұл компания Қазақстанда, Орталық Азияда, Еуропа мен АҚШ-та қаржылық қызмет көрсетеді.

Тізімде Владимир Ким де бар – ол 620-орында, оның байлығы 5,7 миллиард доллар. Владимир Ким – «Қазахмыс» холдингінің президенті.

673-орында Динара және Тимур Құлыбаевтар орналасқан. Олар Halyk Bank пен «Алмэкс» холдингтік тобының негізгі иелері. Олардың байлығы 5,3 миллиард доллар деп бағаланады.

Қазақстандықтардан тізімді Болат Өтемұратов қорытындылады. Ол 3,7 миллиард доллар байлыққа ие. Forbes-тің мәліметінше, Өтемұратов – қонақ үй бизнесі мен Kar-Tel, сондай-ақ қырғызстандық Sky Mobile мобильді байланыс операторларына инвестиция салған кәсіпкер.

Айта кетерлігі, АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп бұл тізімде 711-орында, оның байлығы 4,9 миллиард доллар деп көрсетілген.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Forbes журналы #Бай адамдар #жаңартылған тізім
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан мен Ұлыбритания одан арғы ынтымақтастыққа ашықтықты растады

Бүгін 21:15

Алматыда World Tennis Бас ассамблеясы өтеді

Бүгін 17:55

Ауладағы алаңнан үлкен арманға: Алматының Жетісу ауданында «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында аулалар жаңартылды

Бүгін 17:01

Неліктен қыздарға 11-13 жасында АПВ-ға қарсы вакцинация ұсынылады?

Бүгін 16:58

Алматы Онкологиялық орталығында сәулелік терапияны жоспарлаудың зияткерлік жүйесі енгізілді

Бүгін 16:56
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);