ffin.kz

Климаттық технологиялар су қауіпсіздігін қамтамасыз ете ала ма?

Климаттық технологиялар  су қауіпсіздігін қамтамасыз ете ала ма? интернеттен

Таяуда Әзербайжанның Шуша қаласында «Көлік, коммуникация және климаттық өзгерістерді бақылау арқылы баянды болашақ құру» тақырыбында өткен Түркі мемлекеттері ұйымы бейресми саммиті кезінде  ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Каспий мен Арал теңіздеріндегі экологиялық мәселелерді шешуде бірлескен күш-жігер қажет екеніне назар аударды. Әсіресе, Арал теңізінің құрғап, шөлге айналуы алаңдатарлық жағдай екенін атап айтты. Мемлекет басшысы:  «Арал теңізінің құрғап, шөлге айналуы – алаңдатарлық мәселе. экологиялық апатқа ұшыраған аймақты оңалту керек. Бұған қоса, трансшекаралық өзендердің су қорын тиімді пайдалану қажет. Ол үшін су үнемдеу технологияларын кеңінен қолдану керек», – деген болатын.

Алтай Айнабек не дейді?

«Алтай Айнабек – бүгінде халықаралық климат өзгерту технологиясы саласының майталман маманы. «Әбілқайыр хан. Қарақұм құрылтайы: 1710, 1726. Бұланты шайқасы 1727», ҚОҒАМДЫҚ ПІКІР: БҰҰ-ның «Арал өңірі экологиялық инновация және технологиялар аймағы» деп жариялансын» атты Қарары» екі күндік ғылыми-практикалық конференция қарсаңында Арал қаласына келген А.Айнабек конференцияда сөз алды,  өзінің климатты өзгертуге арналған жаңа технологиясымен экологияның эпиорталығында шілденің шіліңгірінде апталап жаңбыр жаудырды.

Әлем назарын аударып отырған экологиялық өңір үшін бұл таңқаларлық дүние болды.  Міне, бір айдан асты, маңай мол ылғалданып, қурап бара жатқан төңіректің өскініне жан бітіп, көгере бастады. Климаттық өзгеріс деген осы. Кіші Арал теңізі маңындағы қанша мың гектар жерге сексеуіл егілгенімен, тұрақты ылғал болмағандықтан, жұмсалған қыруар қаржы құмға сіңген сумен тең. Осыны да ойласақ, А.Айнабектің игі бастамасымен іске асып отырған жаңа технология жетістігі арнайы мемлекеттік комиссия тарапынан жіті бақыланып, әділ бағасын алуы тиіс. Зергерлік жұмыс тәрізді ептілік пен епсектілікті қажет ететін жабдықтармен жұмыс істеу қаржылай қолдауды да қажет етеді. Қолда бардың қадірін түсінер кез келді», – дейді Арал өңірінен хат жазған «Тұран ойпаты – Арал теңізі» қоғамдық бірлестігінің заңгері Нұртуған Тұржанов.

Расы керек, кезіндегі көк теңіздің бір шеті осы аумақтағы Қызылдың құмына жақын Ұялы порты  болған. Бұл жақта да жұмыс нәтижесіз емес. Бірінші кезеңде, яки бірінші онкүндікте бұлттарды, жауын-шашын деңгейін түсірдік. Біздің жұмысымыздың нәтижесінде Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстары мен Аралдың оңтүстігіндегі Мойнақ жақтарда он күндік жұмыс ішінде 100 пайыз жылдық жауын-шашын деңгейі көтерілгені жөнінде мәлімет бар. Бұл – 70 мың шаршы шақырым болатын Арал теңізінің аумағына 7 млрд шаршы метр су келеді деген сөз», – дейді бір сөзінде Алтай Айнабек.

«Орталық Азияны сусыз қалдыру бағдарламасы»

«Құрылғымыздың бірін интернеті  нашар, инфрақұрылымы мүлдем жоқ болса да, Қаратерең ауылы маңына,  «Аралтұз» мекемесі жаққа қою қажет сияқты. Қазірдің өзінде интернеттің нашарлығына байланысты түнделетіп кезекшілікте жүрміз. Климаттық технологиялар – су қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ең тиімді жол. Бұл технология көптеген мемлекетте енгізілген. «Мен Орталық Азиядағы көптеген елдердің мемлекеттік шенеуніктерімен араласамын. Араласа келе, кейбір шенеуніктердің сыртқы күштерге жұмыс істейтінін ұғына бастадым (!). Өткен ғасырдың 60-жылдары поляк-американдық саясаттанушы Збигнев Бжезинскийдің «Әбжыланның құрығы» (Петля анаконды) кітабы жарыққа шықты. Кітап авторы кейін АҚШ президенті Джон Картердің кеңесшісі болды. Аталған автор әлдебір бағдарламаға қатысқаны бар. Бұл – Орта Азияны сусыз қалдыру бағдарламасы болатын», – дейді инженер-технолог А.Айнабек.  

Алтай бауырымыздың айтуынша, Құрама Штаттар әскері Ауғанстан жерінен шыққан соң батыстық үкіметтік емес ұйымдар Орталық Азия елдерін сусыздандыруға арналған жобасы ­­– Коштепа каналын сала бастаған. Әріден бастасақ, түп бастауын Тянь-Шяньнан тартып, тәжік жерін кесіп өтетін Пяндж (өзбек жерінен бастап Әмудәрия аталатын) – ағысы қатты өзен. 1996 жылы Тәжікстанның Таулы Бадахшан автономиялық округінде (орталығы Хорог қаласы) іссапарда болғанымызда, Памирдің тау-тасын жарып аққан нілдей көк түсті асау өзенді көргенбіз. Анадай арынды асау өзеннің Аралға жетпей сарқылып жатқанына таңымыз бар.

Зерттеушінің зерделеуінше, дәл осы күндері сол батыстық ҮЕҰ-дар Аралды «құтқаруға» тырысып, аздаған қаржысын да бөліп жатқанға ұқсайды. Мұнымен тоқталмай, Орталық Азиядағы суға қатысты көптеген жобаға да «атсалысуда». Алайда, олар бірнәрсені есептемегендей. Қазақтардың тарапынан климаттық технологияны, климаттық технологияның ішіндегі ең тиімдісі – аридтік аймақтың өзінде жауын-шашын деңгейін көтеріп, су қауіпсіздігін қамтамасыз ете алатын технология шығатынын есептеген жоқ. Сондықтан бізге бірнәрсені ұғыну қажет, бұл реттегі бүкіл істі бірігумен шешу – ғылыммен ғана қарсы тұра алатын күшіміздің болуы», – дейді инженер-технолог.   

Жаңбырдың жиі жауғаны жөн

Өткенде «Қазгидромет» қуаңшылық болады деген еді, енді жағдай реттелгендей. Алтай бір аптаға Арал қаласынан кетуіне тура келіп тұрғанын айтты. «БАӘ-ге, Сауд Арабиясына, Пәкістан мен Өзбекстанға, өзіміздің Астана мен Шымкент, Алматы қалаларына баруым керек, бірқатар келіссөз  жүргізу  керек болып  тұр. Бұл елдер де Аралда болып жатқан өзгерістерді өз тарапынан бақылауда. Аралда осымен үшініші рет жобаға кірістік.  Мемлекет назарын осы бағдарға бұру біраз қиындық туғызғаны рас. Мұны қарапайым тілмен былай түсіндіруге болар. Адам өзі бірнәрсені түсінбеген жағдайда оны жоққа шығару не болмаса, басқа нәрсеге бұра салу жеңіл. Халықаралық мұсылман елдерін азық-түлікпен қамтамасыз ету ұйымыммен де жұмыс жүргізудеміз», – дейді Алтай бауырымыз.

Сонда «Жаздың басы тамшы тамбаған Аралда ай бойы жұмыс істеп, қажырлы еңбекпен апталап жаңбыр жауғыздың. Басталған ісіңе береке берсін!» дей келе, «Жасалған жұмыс жалғасын таба ма?» деген біздің сауалға: «Құрылғылар қалады. Команда жұмыс істей береді. Онлайн тәртіпте барлық жұмыс басқарылады. Климатты өстіп-өстіп үйретеміз. Аралдың климаты Алматының климатына айналады деп кім ойлаған? Алматы жайнап тұр, жап-жасыл. Ал мына жер енді-енді ылғалдана бастады. Жәйлап ретке келетін болады», – дейді климатты өзгертуге арналған жаһандық жаңа технологияны меңгерген Алтай Айнабек.

«Қазақта небір-небір мықты жігіттер бар ғой! «Арал  маңына жаңбыр жауғызамын, теңіздің табанын ылғалдандырамын» деген Алтай Айнабекпен аз-кем әңгімелестік.  Қазір температура біршама түсіп, жауын мөлшері едәуір артты. Арал маңы ылғалдандырудың алғашқы кезеңінен өтті деуге болады», – дейді «Тұран ойпаты – Арал теңізі» ҚБ-нің хатшысы Уәлихан Жұмағұлов.

Алдыңғы аптада Алматыда да жаңбыр жиіледі. Оқтын-оқтын нөсерлетіп, шілденің ыстығына салқын самал әкелді. Жамбыл облысы аймағында да күн аяқасты түнеріп, нөсер жауын төпеледі. Желідегі жұрттың: «бұған дәу де болса, Алтайдың қатысы бар» деген болжам айтқаны рас. Аралға жасалып жатқан тәжірибе оңтүстік өңірлерге әсер етуі мүмкін. «Циклондарды технология көмегімен ұзақ уақытқа ұстап тұруға ықпал етіп жатырмыз», – деген Алтай. Қазақта «Көп түкірсе, көл болар» деген мәтел сөз де бар. Батыс аймақтар, Арал  маңы жұртшылығы ми қайнатар ыстықта жаңа технологияның жетістігімен жауған жауынға дән разы. Дейтұрғанмен, маман пікірін де тыңдағанды жөн көрдік.

 

     Тақырыпқа орай

Аида МҰҢАЙТПАСОВА, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің География және табиғатты пайдалану факультеті метеорология және гидрология кафедрасының аға оқытушысы:

Атмосфера айналымы деген түсінік бар

Жасанды жауынға қатысты әдістен бөлек, дрон арқылы да бұлттарға сәулелендіру құралдарымен заряд беріп, майда бұлт тамшыларын жаңбырға дейін ірілетіп, жерге түсуіне жағдай туғызуға болады. Қолдан жаңбыр жаудыруға тырысқан жерлесіміздің әрекетімен әлеуметтік желі арқылы таныспын. Жоба не авторы туралы ақпаратты білмеймін. Сондықтан ғылыми этика нормасын сақтай келе, пікір білдіруді жөн санамаймын. Дегенмен, метеоролог маман ретінде мына деректі айта кетейін. Кейінгі кезде  климат мәселесі – көпшілікті қызықтырып, ел назарын аударып жүрген тақырып.

Оның басты себебінің бірі – биыл еліміздің батыс өңірлеріндегі су тасқыны. Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның хабарламасында 2023 жыл аспапты бақылаулар жүргізілген кезеңнен бастапқы ең жылы жыл болып саналды. Соның салдары ретінде тек бізде ғана емес, бірқатар шетелде орын алған су тасқынының куәсі болдық. Климат тақырыбына келетін болсақ, бұл салада климаттық жүйе ұғымы қолданылады. Демек, климат тек атмосферадан ғана емес, гидросфера, литосфера, биосфера сияқты бірнеше сфералар жиынтығынан тұрады. Сонымен қатар, климаттық жүйеде атмосфера айналымы деген түсінік бар. Атмосферада барлық үдеріс белгілі циркуляцияға сай үнемі айналымда жүреді. Осы табиғи су айналымы барысында конденсация, коагуляция үдерісі нәтижесінде атмосферада бұлт түзіліп, жаңбыр жауады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:10

18:45

18:02

17:43

17:39

17:31

17:20

17:17

17:05

16:54

16:41

16:15

16:05

15:56

15:39

15:21

15:14

14:45

14:40

14:34

14:07

13:47

13:30

12:58

12:32