AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Ресми бөлім / Тоқаев Досаевты қабылдады

Тоқаев Досаевты қабылдады

Ресми бөлім 30.07.2024, 16:06 1,005
Тоқаев Досаевты қабылдады
Ақорда

Мегаполис басшысы Президентке Алматының әлеуметтік-экономикалық дамуының алдын ала қорытындысы туралы есеп берді.

Мемлекет басшысы Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевты қабылдады, деп хабарлайды aqshamnews.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Ерболат Досаев:

биылғы бірінші жартыжылдықтағы Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының алдын ала қорытындысы туралы баяндады:

      – аталған кезеңде Алматыда инвестициялық өркендеудің жоғары қарқыны байқалады. Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 15,8 пайызға өсіп, 714,8 миллиард теңгеге жетті;

      – жеке инвестицияның көлемі 21,1 пайызға ұлғайды, оның ішінде IT-секторда, сондай-ақ туризм, өңдеу өнеркәсібі, денсаулық сақтау және көлік салаларында өсім бар;

      – жыл соңына дейін 2 триллион теңге инвестиция тартылады деп жоспарланып отыр;

      – 2024 жылдың басынан бері 32,7 мың жұмыс орны ашылды. Оның 75 пайызы тұрақты жұмыс орны.

қоғамдық көлікті жаңарту мен экологиялық талаптарға сәйкестендіру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы мәлімет берді:

      – биыл экологиялық таза қоғамдық көліктің үлесі 70 пайызға дейін артады. Былтыр бұл көрсеткіш 53,7 пайызды құраған;

      – жергілікті бюджет есебінен жыл соңына дейін газбен жүретін 600 автобус, 100 электрлі автобус, 112 троллейбус сатып алынады. Сондай-ақ қаланың троллейбус паркі толығымен жаңартылады.

қаланың жоғарғы бөлігін сумен қамтудың резервтік схемасын жасау жөніндегі тапсырмасының орындалуы туралы баяндады:

      – бұл бағыттағы құрылыс жұмыстары биылғы шілде айында аяқталып, 6 жаңа ұңғыма және 1,5 шақырым магистральдық құбыр пайдалануға берілді. Нәтижесінде қосымша схеманың қуаты 60 пайызға артты. Бұл Медеу ауданының 50 мың тұрғынын сумен үздіксіз қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға ерекше көңіл бөлінетінін айтты:

    – биыл 4 медициналық-санитарлық алғашқы көмек орталығының құрылысы және 12 емхананың күрделі жөндеу жұмыстары аяқталады;

      – жыл соңына дейін 11 жаңа медициналық-санитарлық алғашқы көмек орталығы мен емхана құрылысының жобасы жасалады;

      – осы жылы маусым айында Алматы қаласының Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығында «Фетальді хирургия» пилоттық жобасы жүзеге асты. Бұл жоба елімізде алғаш рет қолға алынып отыр.

мектептердегі орын тапшылығын азайту бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар жөнінде айтты:

      – жыл соңына дейін жергілікті бюджет есебінен 3,7 мың орындық 8 нысан пайдалануға беріледі. Сонымен қатар 6,4 мың орындық 10 жекеменшік мектеп ашылады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өңдеу өнеркәсібін дамытуға, сондай-ақ Алматы экономикасын әртараптандыру аясында шағын және орта бизнес үлесінің өсуі есебінен кірісті одан әрі арттыруға баса назар аударуды тапсырды.

 

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Тоқаев #Досаев #қабылдау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қала қауіпсіздігі басты назарда: Наурыз қарсаңында алматылық ұландықтардыңавтопаркі заманауи техникамен толықты

Бүгін 21:14

Алматыда көктемгі әскерге шақыру басталды

Бүгін 19:27

Тоқаев: ғылымды қаржыландыру ісіне қатаң тәртіп керек

Бүгін 17:52

Алматыда “Батамен ел көгерер” атты батагөйлер байқауы өтті

Бүгін 17:29

Құндылықтар мен қолдау: отбасы арқылы экстремизм мен зорлық-зомбылыққа тосқауыл

Бүгін 17:14
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика