Жылына 150-ге жуық адам саудасына қатысты қылмыс тіркеледі

Жылына 150-ге жуық адам саудасына қатысты қылмыс тіркеледі None

Оның 13-і құлдықтың заманауи түрлеріне қарсы іс-қимылмен тікелей байланысты, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz

Заңсыз көші-қон мен адам саудасына қарсы күрес саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту Қазақстанның 2020 - 2030 жылдарға арналған сыртқы саясат тұжырымдамасындағы басымдықтардың қатарында көрсетілген.

"Адам саудасы проблемалары әлемнің барлық елдеріне тән. Ішкі істер министрлігінің деректері бойынша елімізде жыл сайын адам саудасына байланысты 150-ге жуық қылмыс тіркеледі. Ұйымдасқан топтардың, оның ішінде адам саудасының құрбандарын жалдаумен және қанаумен айналысатын трансұлттық топтардың заңсыз әрекеттерінің жолы кесіледі", - деді сенатор Қайрат Тастекеев.

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы - 60-тан астам көпжақты шарттардың қатысушысы, оның 13-і құлдықтың заманауи түрлеріне қарсы іс-қимылмен тікелей байланысты, олардың қатарында:

  • Біріккен Ұлттар Ұйымының адам саудасына және үшінші тұлғалардың жезөкшелікті пайдалануына қарсы күрес туралы конвенциясы;
  • Адамдарды, әсіресе әйелдер мен балаларды сатудың алдын алу және жолын кесу және ол үшін жазалау туралы хаттама.
  • Халықаралық конвенциялардың көптеген ережелері ұлттық заңнамаға енгізілген.

"Бүгінгі таңда адам саудасының алдын алу және оның жолын кесу, сондай-ақ жәбірленушілердің құқықтарын қорғауды, адам саудасына қарсы бірыңғай іс-қимыл жүйесін айқындайтын, онымен күресудің тиімді тетіктерін көздейтін дербес заңның және жауапкершілікті күшейтетін ілеспе заңдардың қажеттілігі туындады", - деді спикер.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:26

16:49

16:23

15:56

15:09

14:40

14:17

13:18

12:44

12:08

11:44

11:12

10:40

10:00

00:14

23:33

23:15

19:28

18:05

17:32

16:55

16:23

15:48

15:14

14:47