AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Түрмеде отырғандар да ЖОО білім алуы мүмкін

Түрмеде отырғандар да ЖОО білім алуы мүмкін

Әлеумет 27.06.2024, 10:59 725 Almaty-akshamy.kz. 
Түрмеде отырғандар да ЖОО білім алуы мүмкін
dzen.ru

Жазасын өтеушілердің дені 18-35 жас аралығындағы жастар.

Елімізде бас бостандығынан айырылып, түрмеде отырған адамдар да жоғары оқу орындарында білім алуы мүмкін, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.   

Қазақстанның Адам құқықтары жөніндегі уәкілі Ғылым және жоғары білім министрінен сотталушыларға оқу квотасын бөлуді сұрап отыр.

Артур Ластаевтың мәліметінше, жазасын өтеушілердің дені 18-35 жас аралығындағы жастар. Оған қоса, қамаудағы 28 500 адамның 59 пайызы орта, 24 пайызы арнаулы орта білімді, 6 пайызы мүлдем білім алмаған. Сондықтан оларды дұрыс жолға бейімдеудің бірден бір бағыты - мамандық алуларына мүмкіндік жасау дейді.

Оның айтуынша, бакалавриат бағдарламалары бойынша оқудың орташа құны жылына 1 миллион теңге. Бұл соманы сотталушылар төлей алмайды.

"Жоғары білім алу – сотталғандарға бостандыққа шыққаннан кейін өз мүмкіндіктерін іске асыру тиімділігін арттыруға жол ашатын, сол арқылы қайта қылмыс жасау ықтималдығын азайтып, әлеуметтендіруге арналған бағыттардың бірі. Сонымен қатар мемлекеттің міндеті – сотталғандарды түзеу мекемесінен тыс өмірге дайындау", – деді Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Түрме #білім #жоо
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Орталық Азия аймағына трансұлттық қылмыстық желінің қызығушылығы жоғары

Бүгін 17:42

Мемлекет басшысы «Орталық Азия – Қытай» форматындағы елдердің ішкі істер және қоғамдық қауіпсіздік министрлерін қабылдады

Бүгін 17:40

Алматыда Орталық Азияның жаһандық геосаясаттағы рөліне арналған халықаралық дөңгелек үстел өтті

Бүгін 17:37

Алматы тұрғындары құрамында сынабы бар 480-ден астам шам мен құрылғыларды қайта өңдеуге тапсырды

Бүгін 15:51

«Ұлттық ұлан – патриотизм мен батылдық мектебі»: 5571 әскери бөлімінде ашық есік күні өтті

Бүгін 14:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);