AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / «Жеңіс» лентасы

«Жеңіс» лентасы

Әлеумет 06.04.2023, 11:23 2,840
«Жеңіс» лентасы

Ұлы Отан соғысының қан майданын жаяу кешкен, кеудесіндегі орденмедальдары сыңғырлап, таяғына сүйеніп жүретін ардагер аталарымыздың саны азайып қалды бүгінде. Ал кейінгі ұрпақ тарихтың тереңіне кетіп бара жатқан сол сұрапыл соғыстың қасіретін, қазіргі бейбіт заманның қалай келгенін, қадірін біліп жүруге тиіс.

 

Биылғы мамыр айында Ұлы Жеңіске 78 жыл толады. Жеңіс күні кеудемізге сол күннің белгісі ретінде біразға дейін Георгий лентасын тағып келген болатынбыз. Ол лента қоғамда біраз дау тудырып, қарсы шыққандар аз болмаған. Нәтижесінде сары, қара түсті Георгий лентасының орнын басқан өзіміздің отандық, оюмен көмкерілген «Жеңіс» лентасы жасалды. Бұл лента әлеуметтік желілерде бірден қолдау тауып ала жөнелді. Сосын барып ресми бекітілді. Көңілге жып-жылы әсер беретін лентамыз тәуелсіз Қазақстанның Туымен түстес. Иә, «Жеңіс» лентасы көк түсті жібек матадан дайындалған.

 


Оның ұзындығы – 30, ал ені – 3 см. Ұлттық оюмен көмкерілген лентаның екі шетінде «Отан соғысы» ордені бейнеленген. Бүгінде жыл сайын елімізде мереке қарсаңында «Жеңіс» лентасы тұрғындарға тегін таратылып жүр. Бұл лента жай шүберек емес, оны аталарымыздың қан майданда төгілген қаны мен жеңіс үшін деп алға ұмтылғанда тамшылаған маңдай терінің белгісі һәм жас ұрпақтың тарихқа құрметі деп тануымыз керек.

 

Осынау Жеңістің символын отаншылдықтың жарқын үлгісі десек те қателеспейміз. Көгілдір лентамыз әр ұланның кеудесінде желбіреп, олардың патриоттық сезімін оятып жатса, мақсатымыздың орындалғаны. Былтыр Алматыда Жеңіс күніне орай 40-тан астам ісшара ұйымдастырылды. Соғыс батырлары бейнеленген 40 билборд орнатылып, жеңіс тақырыбында қаланың барлық медиабордында және метробекеттерінде роликтер орналастырылды. 20 мың «Жеңіс» лентасы дайындалып, қала тұрғындарына таратылған болатын. Әрине, биыл да осы ісшара заңды жалғасын табады. Тақырыпқа орай айта кетсек, Алматыда 59 Ұлы Отан соғысының ардагері және 8243 тыл еңбеккері тұрады. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #жеңіс #лента
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды

Бүгін 13:00

Президент Аустрия мен Пәкістанның елшілерін тағайындады

Бүгін 12:07

Алматының Ревматология орталығында «Ашық есік» күні өтті

Бүгін 11:58

Алматы мектебінде домбыра үйрену бірінші сыныптан басталады

Бүгін 11:16

Алматының Медеу ауданында 20 мың тұрғынды сумен қамтамасыз ететін нысандардың құрылысы аяқталуға жақын

Бүгін 10:40
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);