AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мұны білген жөн / Жазда күннен қалай қорғану керек?

Жазда күннен қалай қорғану керек?

Мұны білген жөн 15.07.2025, 11:17 621
Жазда күннен қалай қорғану керек?
сурет: ашық дереккөз

Күн өткенде көрсетілетін алғашқы көмек қандай? Бұл туралы  Алматы бөлімшелік көліктегі санитрариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы айтып берді, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Күн тию — адамның ұзақ уақыт күннің астында жүруінен болатын денсаулыққа зиян жағдай. Бұл кезде күннің ыстығы ағзаға қатты әсер етеді. Нәтижесінде адам өзін әлсіз сезінеді, ұйқысы келе береді, басы ауырады, жүрегі айнып, басы айналады. Дене қызуы көтеріледі, жүрек дұрыс жұмыс істемей, қан қысымы не жоғарылап, не төмендеп кетуі мүмкін. Ауыр жағдайларда миға қан құйылуы да мүмкін. Бұл кезде жүйке жүйесі (яғни адамның ойлау, қозғалу, сезіну қабілеті) зақымдалып, өте қауіпті салдарға әкелуі мүмкін.

Оның қандай қаупі бар?

Күн тию - күннің ыстығынан ағзадағы қан тамырлары кеңейіп, қан айналымы мен терлеу процесі бұзылған кезде пайда болатын ауыр жағдай. Бұл кезде ағзаға оттегі жеткіліксіз болады.

Ең алдымен, жүйке жүйесі мен жүрек зардап шегеді. Адамның жүрегі тоқтап қалуы, есінен тануы (комаға түсуі), тіпті қайтыс болуы да мүмкін. Сондықтан күн соғуын дер кезінде байқап, адамға шұғыл көмек көрсету өте маңызды.

Күн тиюдің негізгі себептері – күн сәулесі, бас киімсіз жүру, жамылғысыз жүру,  сондай-ақ жалаңаш денесін күйдіру.  

Күн өткенде алғашқы көмек қалай көрсетілуі керек?

Белгілері болған жағдайда жедел жәрдем шақырыңыз. 

Жедел жәрдем келгенге дейін сізге:

1. Науқасты көлеңкелі жерге апарып, жатқызу керек. Жүрегі айнып, құсқысы келсе, оның басын бір жаққа бұру керек. Адам өз құсығына тұншығып қалмауы керек.

2. Кеуде қуысы мен мойынды қысатын киімдерден босатыңыз, белдікті шешіңіз

3. Су беріңіз.

5. Бет пен денені шүберекпен салқын сумен сулаңыз, баланың үстіне температурасы 22-24 ° С болатын су құюға болады.

6. Жәбірленушінің ақыл-ойынан танған кезде аммиакты пайдаланыңыз.

Алдын алу шаралары 

Күн ыстық кезде далада көп жүрсеңіз, басыңызды міндетті түрде күннен қорғаңыз - ашық түсті қалпақ, панама немесе жеңіл шарф киіңіз. Сондай-ақ ашық, жеңіл матадан тігілген киім киген дұрыс.

Таңғы 10-нан кешкі 16.00-ге дейін күн ең қатты шағылысатын уақыт, сол кезде далаға шықпаған жөн. Егер сол уақытта далада болуға немесе жұмыс істеуге тура келсе, көлеңкеде жиі демалып, денені суытып отыру қажет.

Суды көп ішіңіз, сағат сайын кемінде бір стақан ішкен дұрыс. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#денсаулық #күн тию #ыстық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «WorldSkills Almaty – 2026» ауқымды кәсіби шеберлік чемпионаты басталды

Бүгін 18:14

Дархан Сатыбалды Айнабұлақтағы көріктендіру жұмыстарын тексерді

Бүгін 15:15

Нұрлан Байбазаров Президенттің көмекшісі болып тағайындалды

Бүгін 14:14

Ерболат Досаев Президентінің Әкімшілігі басшысының орынбасары лауазымынан босатылды

Бүгін 14:11

Серік Сәпиев тағы бір лауазымға ие болды

Бүгін 13:20
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика