Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Мыңнан аса алматылық сенбілікке шығып, ағаш отырғы...

Мыңнан аса алматылық сенбілікке шығып, ағаш отырғызды

Барлығы 11.10.2025, 16:04 433
Мыңнан аса алматылық сенбілікке шығып, ағаш отырғызды
Алматы әкімдігі

Бүгін мегаполисте ауқымды сенбілік өтті. "Таза Қазақстан" экологиялық бағдарламасының кезекті маусымы аясында ағаш отырғызатын аумақтар белгіленіп, көшелер, қоғамдық кеңістіктер, парктер, саябақтар, жағалау аймақтары мен су айдындары тазартылды. Іске волонтерлер, жастар, қоғам белсенділері, мәдениет және спорт қайраткерлері тартылды.

Негізгі санитарлық жұмыстар "Достық" паркінде өтті. Бұл орын тұрғындардың өтінішіне байланысты арнайы таңдалған.

Эко-белсенді Евгений Мұхамеджанов та тазалық шарасына қатысып, екінші рет өңдеуге болатын шикізатты (қалдықтарды) өңдеу жобаларын таныстырды.

"Біз адамдарға экология туралы айтып жүрміз: күн сайын қоқысты сұрыптауды әдетке айналдыру қажет. Кешенді жұмыс керек, тұрғындарды қызық интерактивтерге тартып, барлық іс-шараны экологияландыру маңызды", - деді Евгений Мұхамеджанов.

Акцияға ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, Қазақ радиосының ардагері Аманжан Енсебайұлы да келді. Ол Алматыны абаттандыру — әрбір қала тұрғынының парызы екенін атап өтті.

"Таза Қазақстан" республикалық бағдарламасы - Алматыны одан әрі жайлы, тартымды етуге бағытталған нақты қадам. Бұл бастама табиғатқа және қоршаған ортаға деген құрметтің көрінісі. Ата-бабаларымыз "Шөпті таптама, жұлма" деген. Бұл мұра экологиялық мәдениетті қалыптастыруда ерекше рөл атқарады. Әсіресе жастарға сұлулыққа, тазалыққа, мәдениетке дұрыс көзқарас дарыту маңызды. Мұндай сенбіліктерді мен тәрбие мектебі деп бағалаймын", - деді Аманжан Енсебайұлы.

Айта кетейік, қалалық сенбіліктің қорытындысы бойынша шамамен 1 мың ағаш және 3 мың бұта отырғызылды. 8 мың тонна қоқыс жиналып, шығарылды. Барлығы 13 мыңнан астам адам қатысып, 350 техника бірлігі жұмылдырылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #тазалық #сенбілік #Таза Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Темірге жан, ал жастарға үн бітті: Алматыда «Jas Stars» қалай өтті?

Кеше 22:45

ӘЛЕМДІК АРЕНАДАҒЫ ЖЕҢІС: ҰЛАНДЫҚ ЖАУЫНГЕРЛЕР ОҚУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Кеше 21:47

Алматыда Робо-DJ мен Робо-бишілердің қатысуымен референдумды қолдауға бағытталған ауқымды концерт өтті

Кеше 21:40

Солтанай Жәнібек: «15 наурыздағы референдум – азаматтық ұстанымым»

Кеше 21:34

Шахислам Лайсханов: Ғылым мен бейбітшілік – қоғамның басты құндылығы

Кеше 21:25
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі