Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматы әкімі «Auezov City» тұрғындарымен кездесіп,...

Алматы әкімі «Auezov City» тұрғындарымен кездесіп, «Думан» су қоймасының қайта жаңғыртылу барысын тексерді

Барлығы 10.10.2025, 17:11 349
Алматы әкімі «Auezov City» тұрғындарымен кездесіп, «Думан» су қоймасының қайта жаңғыртылу барысын тексерді
Cурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

«Auezov City» тұрғындарының өзекті мәселелері шешілді 

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды жұмыс сапары барысында «Auezov City» тұрғын үй кешеніне барып, тұрғындармен кездесті. Кездесуде инженерлік инфрақұрылым, абаттандыру және аумақтың қауіпсіздігіне қатысты өзекті мәселелер талқыланды, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Тұрғындар бірқатар ұсыныс айтып, шағымдарын жеткізді. Атап айтқанда, инженерлік желілерді қаланың балансына беру, шлагбаум орнату және полиция тірек пунктін ашу қажеттігі көтерілді. Сондай-ақ, Әуезов көшесі бойындағы тротуарларды коммерциялық нысандардың заңсыз иеленуіне қатысты мәселе қозғалды.

Кездесу қорытындысы бойынша әкім тиісті басқармалар мен коммуналдық қызметтерге нақты тапсырмалар берді. Инженерлік желілерді сумен жабдықтау, кәріз және жылу жүйелерін қаланың балансына беру үдерісін жеделдету жөнінде шешім қабылданды. Қазір желілердің бір бөлігі қабылданды, қалғаны жақын күндері рәсімделеді. Алғашқы он блоктың тұрғындары қоғамдық келісімге ауыстырылды, қалғандары бойынша жұмыс бірнеше күн ішінде аяқталады.

Полиция тірек пунктін «RAMS EVO» тұрғын үй кешенінде 2026 жылдың екінші тоқсанында орнату жоспарланып отыр.

Дархан Сатыбалды тұрғындардың барлық өтінішін жедел қарап, нақты шара қабылдауды тапсырды.

«Барлық заңсыз иелену тоқтатылады. Біз жұмыс тәсілін өзгертіп отырмыз, енді көше кешенді түрде «қасбеттен қасбетке дейін» әдісі бойынша тексеріледі. Егер кімде-кім тротуарды немесе өзге аумақты өз бетінше иеленсе, ол нысандар бұзылады. Тәртіп барлығына бірдей болуға тиіс», – деді қала әкімі.

Сапар соңында Дархан Сатыбалды Медеу ауданын сумен қамтамасыз ететін «Думан» таза су резервуарының қайта жаңғырту барысын тексерді. Нысан он жыл бұрын салынған, бірақ анықталған ақауларға байланысты әлі пайдалануға берілмеген.

Әкім «Алматы Су» АҚ мен жобалық ұйымдарға жобалық шешімдердің дұрыстығын мұқият тексеріп, кемшіліктерді жою және қайта жаңғырту жұмыстарын жеделдетуді тапсырды.

Дархан Сатыбалды бұл жобаның стратегиялық маңызына тоқталып, резервуардың маңайында орналасқан тұрғын үй аймағының сумен қамтылуын тұрақтандыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#«Auezov City» #өзекті мәселелер #Шешім
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Дәрігер адамның жүрісі психикалық жағдайға қалай әсер ететінін түсіндірді

Бүгін 17:31

Алматыда терроризмді насихаттау және жалған хабарлама үшін жауаптылық еске салынды

Бүгін 17:14

Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына арналған салтанатты концерт өтті

Бүгін 17:14

Алматыда «Жасыл болашақ» жобасы басталды

Бүгін 17:11

Тоқаев Оман халқына тілектес екенін жеткізді

Бүгін 16:59
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі