AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда демалыс күнгі жәрмеңкеде 700 тонна жаңа ө...

Алматыда демалыс күнгі жәрмеңкеде 700 тонна жаңа өнім сатылады

Барлығы 10.10.2025, 16:50 547 dulatbekova
Алматыда демалыс күнгі жәрмеңкеде 700 тонна жаңа өнім сатылады
Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда демалыс күндері өтетін жәрмеңкеге апта сайын шамамен 700 тонна азық-түлік өнімі сатылады, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Атап айтсақ, 340 тоннадан астам ет және ет өнімдері, шамамен 280 тонна көкөніс пен жеміс-жидек, 40 тоннадан астамы сүт өнімдері және 40 тоннаға жуық азық-түлік пен тұздалған тағамдар.

Күздің басталғалы жәрмеңкеде Алматы мен Алматы облысы фермерлерінің жаңа егін өнімі ұсынылып отыр. 

Жәрмеңкені «Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы ұйымдастырған. Жыл басынан бері қалада 316 жәрмеңке өткізілді, онда 330-дан астам фермер 1 000-нан астам өнім түрін ұсынған. Өнім ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінен және қайта өңдеуші кәсіпорындардан делдалсыз жеткізіледі, бұл нарық бағасынан төмен деңгейде саудалауға мүмкіндік береді.

Жәрмеңке әр сенбі және жексенбі күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін өтеді.

Өтетін орындары:
* Алмалы ауданы — Масанчи көшесі, Гоголь және Әйтеке би көшелерінің арасы;
* Бостандық ауданы — «Қазақфильм» шағынауданы, Исиналиев көшесі;
* Әуезов ауданы — Өтеген батыр көшесі, Абай даңғылынан төмен;
* Медеу ауданы — Меңдіқұлов бульвары, Бектұров көшесінің қиылысы;
* Жетісу ауданы — «Құлагер» шағынауданы, Серіков көшесі, 2.

Апта сайын жәрмеңкеге 30 мыңнан астам адам келеді.

Демалыс күнгі жәрмеңкеден бөлек, жаңа егін өнімдері қаладағы сауда желілерінің сөрелерінде де қолжетімді бағамен ұсынылып отыр.

«Береке Fest» республикалық акциясы аясында сауда желілері қазақстандық өндірушілерге арналған арнайы аймақтар бөледі. Бұл өнімді нарық құнынан төмен бағамен сату, ішкі өндірісті қолдау және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыруға мүмкіндік береді.

Бұған дейін «Береке Fest» аясында Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы, «Алматы» ӘКК және Magnum, Small, Toimart сауда желілері арасында ынтымақтастық туралы меморандумдар жасалған болатын. Келісімдерге сәйкес, сауда үйлеріндегі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесі 10%-дан аспауы керек.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #жәрмеңке #демалыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілерге төлем жасау қағидаларын жаңартты

Бүгін 15:33

Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында Алматыда мәдени-ағартушылық жұмысты күшейтпекші

Бүгін 14:40

Алматы әуежайында заманауи өнер көрмесі ашылды

Бүгін 14:13

Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты Шемякин көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Бүгін 12:33

Қостанайда ең ауқымды «QOSTANAI TECH» отбасылық ғылыми-инновациялық фестивалі өтеді

Бүгін 12:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика