Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда «Береке Fest» аясында Абай облысынан 150...

Алматыда «Береке Fest» аясында Абай облысынан 150 тонна ет өнімдері әкелінеді

Барлығы 10.10.2025, 14:40 453
Алматыда «Береке Fest» аясында Абай облысынан 150 тонна ет өнімдері әкелінеді
Сурет: Almaty.tv

11–12 қазан күндері Алматыда «Береке Fest» республикалық бастамасы аясында кеңейтілген ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді.

Оған Алматы облысының тауар өндірушілері, қала кәсіпорындары және Абай облысының фермерлері қатысады, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Басты мақсат – әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыру, отандық өндірушілерді қолдау және тұрғындарды қолжетімді әрі сапалы өніммен қамтамасыз ету.

Жәрмеңке – бастаманың негізгі іс-шарасының бірі. Алматылықтар делдалсыз, тікелей фермерлерден жаңа өнім сатып ала алады. Іс-шараға Алматы облысының он ауданы мен Семей қаласы қатысады.

Жәрмеңкеде көкөніс пен жеміс-жидек, сүт өнімдері, шұжық, жарма, ұн және май түрлері сындв 50-ден астам түрлі өнім ұсынылады.

Сонымен қатар, Абай облысынан 150 тонна ет жеткізіледі. Жалпы көлемі 370 тонна ауыл шаруашылығы өнімі ұсынылады, оның ішінде 60 тонна сүт өнімі, 50 тонна көкөніс-жеміс, 30 тонна балық және 80 тонна өзге де тауарлар бар.

Жәрмеңке 11-12 қазан күндері сағат 8:00-ден 17:00-ге дейін Қазыбек би көшесінде, Абылай хан мен Панфилов көшелерінің арасындағы аумақта өтеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Береке Fest #Алматы #жәрмеңке
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Сенатор Бибігүл Жексенбай референдум қарсаңында "Қазатомөнеркәсіп" ұжымымен кездесті

Бүгін 08:51

Дәрігер адамның жүрісі психикалық жағдайға қалай әсер ететінін түсіндірді

Кеше 17:31

Алматыда терроризмді насихаттау және жалған хабарлама үшін жауаптылық еске салынды

Кеше 17:14

Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына арналған салтанатты концерт өтті

Кеше 17:14

Алматыда «Жасыл болашақ» жобасы басталды

Кеше 17:11
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі