AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Жартығасырлық қойылымға жаңа көзқарас

Жартығасырлық қойылымға жаңа көзқарас

Мәдениет 15.12.2022, 10:21 1,510
Жартығасырлық қойылымға жаңа көзқарас
Суретті түсірген - Елены Петрова

Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында Дж.Пуччинидің «Мадам Баттерфляй» үш бөлімді операсы жаңартылған қойылыммен сахналып жатыр.


Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында «Мадам Баттерфляй» операсының жаңартылып сахналануына орай баспасөз-конференциясы өтті. Жиынға Абай атындағы ҚазҰОБТ директоры Нұрбақыт Бөкебав, қоюшы режиссёр Наталья Кагадий, қоюшы дирижер және Абай атындағы ҚазҰОБТ бас дирижері Ерболат Ахмедьяров, қоюшы суретші (сценография) Владимир Пономарёв қатысты.



- Біздің Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында бәріңізге белгілі, әлемдегі ең көп қойылатын спектакльдердің бірі – «Мадам Баттерфляй» операсы алғаш рет 1972 жылы қойылған. Ол кезде режиссері А.Жданов, ал суретші Гүлфайрус Ысмайылова болды. Чио-Чио-санды алғашқы болып біздің опера саласының корифейлері – Күләш Байсейітова, Роза Жаманова, Рахима Жұбатырова орындаған. Бір ерекшелігі спектакль алғашқы күннен қазақ тілінде жүрген. Сол жылдардан бері толассыз жүріп жатқан спектакль Қазақстан көрермендерінің көзайымына айналды. Сонша уақыт өткеннен кейін заман талабына сай жаңалап, қойылымға арнайы тоқталдық. Ол үшін сырттан кісі шақырмай, өзіміздің режиссер Наталья Кагадийге тапсырдық, – деді Абай ат. ҚазҰОБТ директоры Нұрбақыт Бөкебав.



Сондай-ақ, ол театрдың келесі жылға қойған жоспарларын да айтып өтті:



- 2023 жыл Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрына 90 жыл толады. Осыған орай, келесі театр маусымын үлкен фестивальмен ашу жоспарда бар. Мәдениет және спорт министрлігінің жоспары бойынша біз жылына 2-3 жаңа қойылым қоюымыз керек. Сондықтан келесі жылы біз «Жұмбақ қыз» операсын қазақша сахналау көзделіп отыр. Балеттен «Жизель» қойылымы бар. Қазір техникалық мүмкіндіктерді пайдалан отырып заман талабын сай қойылымдар көрсету – біздің алға қойған мақсаттарымыздың бірі. Сонымен қатар, бізде балаларға арналаған балеттер жетіспейді. Сол себепті «Алдаркөсе» балетімен театрымыздың репетуарын толықтыруды жоспарлап отырмыз, – деді ол.



Спектакль режиссері Н. Кагадий оны жаңарту барысында қандай жұмыстар істелгенін хабарлады.



- Жалпы, таңғажайып Жапония мәдениетін көрсететін опералар көп емес. Сондықтан «Мадам Баттерфляй» қойылымын жаңарту барысында қандай да бір заман жаңашылдығына тым артық берілу дұрыс болмас еді. Біздің қолымызда дәстүрлі киімдері бар дәстүрлі қойылым болды. Ондағы ұлттық ерекшелікті сақтай отырып, спектакльге жаңа көзқараспен қарауға тырыстық. Ол үшін Жапонияның «Кабуки» және «Но» дəстүрлі театрларының элементтерін қолдандық. Нақты айтқанда, киім үлгісін жасауда осы театрлардың тәжірибесіне сүйендік. Сонымен қатар, «Но» театры өз қойылымдарында бетперде киюмен ерекшеленеді. Біз де эпизодтардың бірінде жапон бетперделерін қолдандық. Қозғалыс (пластика) туралы да айтпай өтуге болмайды. Жапон әртістері мен еуропа әртістерінің сахна қозғалысы бір-бірінен ерекшеленеді. Біздің өнерпаздардың қозғалысы олардан бөлек. Сондықтан сахна тілі, сахна қозғалысына осы қойылымда аса мән бердік, – деді қоюшы режиссёр Наталья Кагадий.



Айта кеткен жөн, «Мадам Баттерфляй» операсы – опера өнерінің өте əсерлі інжу-маржаны. Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының сахнасында жаңа сценографиясы мен костюмдері, бірегей интерпретациясы үйлесім тапқан қойылым жаңа нұсқасының тұсаукесері өтіп, театр репертуарында қайта жаңғырды. Операның сюжеті – таңғажайыпқа толы елдердің бірі, мəдениеті мен дəстүрі арқылы ерекшеленетін Жапонияда өтеді.



Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Ең үлкен шаңырақ: Алматыда Наурыз күндері әлемдік рекорд орнатылды

Бүгін 18:23

Алматы әкімі Наурыз мерекесі аясында ағаш егу жұмыстарына қатысты

Бүгін 16:41

Дархан Сатыбалды алматылықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады

Бүгін 14:43

Алматының саябағында: тазылар, бүркіттер, аңыз-әфсана кейіпкерлері

Бүгін 14:22

Бакуда қазақы үлгідегі Наурыз мерекесі кең көлемде тойлануда

Бүгін 14:14
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика