Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Еліміздің 14 өңіріне дауылды ескерту жарияланды

Еліміздің 14 өңіріне дауылды ескерту жарияланды

Әлеумет 21.10.2025, 08:45 435
Еліміздің 14 өңіріне дауылды ескерту жарияланды
Сурет: Prophotos.ru

Сейсенбіде Қазақстанның 14 өңіріне дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстік-шығысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі. Түнде және таңертең Атырауда 21 қазанда оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-18 м/с құрайды. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Ұлытау облысының батысында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Облыстың шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі. Жезқазғанда 21 қазанда жоғары өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысында жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтауда 21 қазанда жоғары өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылордада 21 қазанда жоғары өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында соққан желдің екпіні 15-18 м/с құрайды.

Түнде және таңертең Абай облысының солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстік-батысында солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстік-шығысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-18 м/с.

Батыс Қазақстан облысының батысында кей уақыттарда нөсер жаңбыр жауады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Оралда 21 қазанда түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, орталығында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-18 м/с құрайды. Облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, солтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде және таңертең Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Түнде және таңертең Қостанай облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігнде, оңтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Петропавлда 21 қазанда түнде және таңертең тұман болады деп күтіледі.

Түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Көкшетауда 21 қазанда түнде және таңертең тұман түседі деп болжанады.

Түнде және таңертең Жетісу облысының таулы аудандарында тұман түседі деп күтіледі. Түнде облыстың орталығында, шығысында сынап бағаны 1-3 градус суықты көрсетеді, үсік жүреді деп болжанады. Талдықорғанда 21 қазанда түнде сынап бағаны 1-3 градус суықты көрсетіп, үсік жүреді деп күтіледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ауа райы #тұман
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда мектеп директорларын тағайындау жүйесі өзгереді

Бүгін 17:09

Таяу Шығыстан 7300-ден аса қазақстандық елге оралды

Бүгін 16:00

Марокко сарапшысы: Қазақстанның жаңа Конституциясы адам құқықтарын күшейтеді

Бүгін 14:27

Алматыдағы бизнес өкілдері қала тұрғындарын референдумға қатысуға шақырды

Бүгін 14:25

Жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі референдумға қазақстандықтардың 70%-дан астамы қатысуға ниетті

Бүгін 12:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі