AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Жайық өзенінің тағдыры қалай шешіледі

Жайық өзенінің тағдыры қалай шешіледі

Әлеумет 08.11.2021, 13:15 1,803
Жайық өзенінің тағдыры қалай шешіледі
inform.kz

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр еліміздің батыс өңіріндегі су ресурстары мәселесінің шешу жолдарын айтып берді, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Жайық өзенінің экологиялық жағдайы Үкіметтің ерекше бақылауында. Соңғы жылдары жауын-шашын көлемінің аздығына байланысты Жайықтың жағдайы қиындап барады. Сондай-ақ, Сағыз, Ойыл, Жем өзендерінің суы да тартылып барады. Осы орайда аталған мәселені шешу үшін тиісті шаралар қабылданады», - деп жауап қатты Роман Скляр



Жайық өзенінің тағдырына қатысты депутаттық сауалға. Үкімет басшысының орынбасары Жайық өзенін ерекше мемлекеттік қорғауға алуға қатысты пікір білдірді.



«Соңғы уақытта Жайық өзенін мемлекеттің ерекше қорғауына алу мәселесі жиі қозғалып жүр. Осы тұста өзеннің негізгі ағысы Жайықтың жоғары бөлігінде, яғни Ресей Федерациясы жағына тиесілі екенін айтып өткен жөн. Жайық өзені бассейніндегі су шаруашылығы саласын үйлестіру 1996 жылғы 20 маусымдағы трансшекаралық су нысандарын қолдану және қорғау туралы ортақ хаттамаға сәйкес анықталған. 50% қамтамасыз ету – 7,79 текше метр, 75% қамту – 5,360 текше метр және 95% қамтамасыз ету – 2,97 текше метр», - дейді ол.



Депутаттық сауалға берілген жауапта айтылғандай, 2017-2020 жылдары Жайық өзенінің жылдық ағысы 10,6 текше метрден 4,5 текше метрге дейін азайған.



«Соған қарамастан Жайық өзенінің жыл сайынғы судың жиналуы 0,5 текше метрді құрайды. Сондықтан да Жайық өзенін ерекше мемлекеттік қорғауға алу мәселесі Ресеймен екіжақты қарастырылып жатыр. Ал өзеннің су шаруашылық жағдайы мен экологиялық жүйесін шешу Қазақстан-Ресей арасындағы 2021-2024 жылдарға арналған трансшекаралық су нысандарын қолдану және қорғау туралы ынтымақтастық бағдарламасы аясында шешіледі», - деді Р.Скляр.





Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #жайық #скляр
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);