Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Райымқұлова бокстан әлем чемпионатының жеңімпаздар...

Райымқұлова бокстан әлем чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін қабылдады

Спорт 08.11.2021, 12:46 1,353
Райымқұлова бокстан әлем чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін қабылдады
baq.kz


Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Сербия астанасы Белградта өткен бокстан ерлер арасындағы XXI әлем чемпионатының жеңімпаздарын, жүлдегерлерін және Қазақстан құрамасының бапкерлерін қабылдады деп хабарлайды almaty-akshamy.kz Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Министр өз сөзінде Сербиядағы чемпионатта Қазақстан құрамасы қол жеткізген бірнеше елеулі оқиғаны атап өтті.



Қазақстан егемен ел ретінде 1993 жылдан бері бокстан әлем чемпионаттарына үздіксіз қатысып келеді. Осы аралықтағы 15 әлем чемпионатында біздің былғары қолғап шеберлері 51 медальді қоржынға салды. Оның 14-і алтын, 15-і күміс, 22-сі қола. Осы бәсекеде біз барлық жүлде саны бойынша АҚШ-тан озып, жалпы есепте Куба мен Ресейден кейін үшінші орынға көтеріліп отырмыз. Бұл біздің бокстан әлемдегі жетекші мемлекеттің бірі екенімізді көрсетеді. Алдағы уақытта да тынымсыз еңбектің арқасында спортшыларымыз осы қарқынымен жүлде қорын молайта береді деп сенемін. Сіздер үшін келесі меженің бірі – Ташкентте өтетін әлем чемпионаты болмақ, – деді министр.




Сонымен қатар Ақтоты Райымқұлова барлық боксшымыз шаршы алаңда барын салып жұдырықтасқанын, жарқын жекпе-жектерімен қалың жанкүйердің жоғары бағасын алғанын жеткізді.



Сіздер осы дүбірлі додада жоғары шеберліктеріңізді паш еттіңіздер. Әр жекпе-жекте жеңіске деген зор құштарлық таныттыңыздар. Мұны Сіздерге қызу қолдау көрсеткен жанкүйерлер сезеді. Әрбір үлкен жеңістің артында спортшының табандылығымен қатар бапкердің қажырлы еңбегі тұрады. Осы тұста біздің бапкерлер қосынына ерекше алғыс айтқым келеді. Лайым шәкірттеріңіз сенім үдесінен шығып, үміттеріңізді ақтасын, – деп айтты министр.



Кездесу барысында Ұлттық құраманың капитаны Абылайхан Жүсіпов сөз алып, чемпионатқа тыңғылықты дайындалу үшін жағдай жасағаны үшін министрлікке, федерацияға құрама атынан рақмет айтты.


Осыдан кейін Мәдениет және спорт министрі әлем чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне спорттық атақтарды, разрядтарды және біліктілік санаттарын беру нормалары мен талаптарына сәйкес, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы және еңбек сіңірген спортшысы атағын орындаған бапкерлер мен боксшыларды марапаттады.


Екі жылда бір өтетін бокстан әлем чемпионаты 26 қазан мен 6 қараша аралығында Белград қаласында өткен болатын. Бұл чемпионатқа әлемнің 105 мемлекетінен 650 спортшы қатысты. Қазақстан құрамасы сапынан 13 спортшы аттанып, құрама 2 алтын, 2 күміс, 1 қола медаль жеңіп алды. Осылайша, жалпы командалық есепте екінші орынға тұрақтады.




Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #бокс #райымқұлова
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жайдарманның үздік командалары Алматыда бас қосты

Кеше 20:41

Алматыда Зенков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 20:35

Өмірзақ Айтбаевтың 90 жылдығына арналған ғылыми жиын өтті

Кеше 19:18

Алматыда 3 сәуірден бастап жылу кезең-кезеңімен өшіріле бастайды

Кеше 19:13

Алматыда Жамақаев көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 18:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика