Қазір әлемдік саяси сарапшылар дүниежүзінде нәсілдік сипаттағы толқулардың кеңінен туындап келе жатқанын айтады. Жаңа жыл басталғалы бері АҚШ-та полицияның қаталдығы мен нәсілдік кемсітушілікке қарсы наразылык акциялары жаңа толқуларға ұласып отыр. Қазіргі күндері Нью-Йорктің, сондай-ақ, Окленд және Беркли секілді қалаларда бұл толқулар жергілікті билікке бағынбай тоқтаусыз қақтығыстарға ұласып барады.
Халқымыздың ғасырлар бойы жинақталған толеранттылықтың бізге тән нәсілдік код екендігіне куә. Ислам дінінде барлық негіздердің негізі, бастапқы алғышарт жанның ізгі ниетінен туындайтыны анык. Иман ұйыған Пайғамбарымыз Мұхаммед ғ.с. мүміндерге көршілермен жақсы қарым-қатынас жасаудың, адамдарға мейірімділік танытудың, туысқандык қатынасты үзбеудің маңыздылығын ескертеді. Шын мәнінде Аллатағалада барлық істе жұмсақтықты жақсы көреді. Алла Елшісі мұсылман еместер өзінің өміріне бірнеше рет қауіп төндіргеніне қарамастан, оларға әрдайым кеңпейілділік танытып келген.
Ислам қазіргі әлемде соғыспен, қақтығыстармен және лаңкестікпен байланыстырылады. Ақыл-ой және санаға бағытталған шабуыл өз дегенін жасап келеді. Исламға деген белгісіз үрей бар. Алайда әрбір саналы адам діни сеніміне, мамандығы мен ұлтына қарамастан, бұл Ислам дінінің негізгі мәнін жоятын, бұрмаланған түсінік екенін білгенде ғана әлемде тыныштық орнайды. Өздерін Ислам дінін ұстанушылар деп көрсеткен адамдардың зорлық-зомбылықтары, қатыгездіктері, басқа дін өкілдеріне басқыншылық қатынастары туралы мәліметтер кейбір тұрғындар қатарының Ислам және мұсылмандар туралы қате түсініктерінің қалыптасуына себеп болғаны айдан анық. Алайда, қатыгездік, басқыншылық, төзбестік танытушылардың мақсаттары мен пиғылдарының дінге еш қатысы жоқ екенін есте сақтағанымыз абзал. Саяси мақсаттарды көздеген адамдар пиғылының астамшылдығы жүректерді улап, қоғамда бүлік тудыруда.
ХІХ ғасырдың 1880 жылдары өмір сүрген француз жазушы-романшысы Жозеф де Гобиноның: «Егер діни сенімді саяси қажеттіліктен ажыратсақ, Исламнан асқан толерантты дін болмас еді» деген сөзін алға тартсақ та болар еді.
Исламды терроризммен қатар қоюдың басы – ХХ-шы ғасырдың тоқсаныншы жылдары басталды. Қырғи-қабақ соғыстан кейінгі әлемдік саясат пен халықаралық қатынастардағы тыныштық көптеген саясаткерлердің ақыл-ойында үрей тудырды. Мәселен, кезінде АҚШ президенті болған үлкен Буш: «Біз Қырғи-қабақ соғыста жеңіске жеттік, алайда біз өзіміздің «қарсыластарымызды» жоғалттық, оның үстіне, біз сыртқы саясатымызды өрге сүйреп тұрған ұлттық ұйысу факторын да жоғалттык» дегенді байқаусызда айтып салды.
Адамзат баласы бейбіт заманға енді ғана қол жеткізді деп отырған ХХІ ғасырда әлем елдерінде терроризм, экстремизм сияқты құбылыстардың етек алуы кім-кімді де алаңдатпай қоймайды.
Ланкестік әрекет жасаушылар ел таңдамайды. Шетелдік телеарналарды қарағанда, кейбір елдерде мешіттер мен метроларды да жарып жіберіп жатады. Жолаушылар пойыздарына күшті жарылыс қойып, бейбіт адамдарды қырып салып жатқандарын да көріп отырмыз. Лаңкестік әрекеттер бейбіт тұрғындарға тек қана қасірет әкелуде.
Қазір Америка, Батыс Еуропа мемлекеттері, Израиль және Ресей «терроризм» және «исламизм» сөздерін жиі қолданады. Оны кейінгі жылдары осы алпауыт елдердің қас-қабағына қарап, солардың ығына жығылуға бейім, өздерін тәуелсіздік алдық деп жариялаған жекелеген мемлекеттер де қайталауға құмар. Жалпы, қанқұйлы террорлық ұйымдарды ХХ ғасырдың бас кезінде сионист еврейлер ойлап тапқан.
Израильдің тұңғыш премьер-министрі Бен-Гурион еврей мемлекеті жарияланбай жатып-ақ, 1947 жылы «Араб коалициясының ең осал тұсы Ливан. Мысырдағы арабтардың жасанды басымдығын Ливан аркылы күл-паршысын шығаруға болады. Ол жерде христиан мемлекетін құру керек. Біз ондай мемлекетпен одақтас болар едік. Осыдан кейін Трансиордонияны дүмбінің астына алып, Сирияны, Мысырды, Порт-Саидты, Александрияны, Каирды бомбалап, бұрынғы кеткен ата- бабамыздың кегін қайтарар едік»,-деп көксепті. (И. Ярославцев. В чем обвиняется сионизм).
Біздің бүгінгі терроризм туралы түсінігіміз жаңа феномен, алайда исламды зорлық-зомбылықпен қатар қоятын «ориенталистік» түсінік сан ғасырлық тарихка ие. Жалпы, «ориенталистік түсінік» түбірімен алғанда Шығысқа, жекелей алғанда исламға қатысты жағымсыз әрі жиынтық шаблондардан құрылған біржақты ойлау жүйесін білдіреді. «Шығыстық деспотизм», «ислам қылыштың діні» сынды жағымсыз, үрей туғызатын ұғымдар «нағыз «ориенталистік» шаблондардың бірден-бір ұғымы болып негізсіз қалыптасып қалған.
Террор сөзі – латынша үрей, қорқыныш деген ұғымдарды білдіреді. «Википедия» ашық энциклопедиясына сүйенсек, лаңкестік, терроризм саяси-әлеуметтік себептерге байланысты жеке адамға, көпшілікке немесе мемлекетке қысым жасау, үрей туғызу мақсатында қасақана жасалатын қылмыстық іс-әрекетті көрсетеді. Соңғы кездері әлемнің әр шалғайында түрлі қақтығыстар орын алуда. Олардың кейбірі қолдан жасалуда. Әсіресе, соңғы жылдары қарақұрылықта түрлі сипаттағы басбұзарлықтар орын алуда. Кейбіреулер осы оқиғалардан терроризмнің сарқыншақтарын көргісі келеді. Мәселен, бұған дейін Малидің солтүстігіндегі біраз қалаларды басып алған фанаттардың тағылық әрекеттері туралы естісек, кейін олардың ЮНЕСКО-ның тізіміне алынған екі мавзолейді қиратқаны туралы хабар тарады. Малидің солтүстігін басып алып, ондағы тағылық тәртіп орнатып жатқан «Ансардин» тобы («Сенім сарбаздары») атақты «Әл-Каида» лаңкестік тобымен сыбайлас көрінеді-мыс. Мұндай кезде оны ұйымдастырушылар ислам құндылықтарын еске алуды да ұмытпайды.
Тимбукту қаласында ғана ЮНЕСКО тізіміне кірген 16 нысан бар екен. Бұлар мұсылман әлемінің мақтанышы. Ал ислам фундаменталистері оны қиратып жатыр-мыс. Қаладағы 60 жеке кітапханаларда 700 мыңдай ежелгі колжазбалар бар көрінеді. Бұл жерде олардың діни ұстанымдарының дұрыс-бұрыстығын дәлелдеп жатудың қажеті шамалы. Басқаны былай койғанда, Алланың үйі мешіттерге шабуылды көрсетуде сол ислам жаулары өз ынғайларына қарай сәтті пайдалануға тырысуда.
Міне, қатарынан бірнеше жыл бойы Палестина мен Ливан, Йемен халқы зардап шегуде. Өткен жылы Германияның Дрезден қаласында ислам қозғалысына қарсыларды жақтаушылардың акциясы болып өтті. Саксония жеріндегі шаһар көшелеріне бір мезгілде 18 мың адам шықты. Өздерін «Кәрі құрлықтың исламдануына қарсы еуропалық патриоттар» қозғалысын қолдаушылар деп атаған бұл топ заннамаға өзгеріс енгізу арқылы елге сырттан босқындардың әсіресе, мұсылмандардың басып кірулеріне тосқауыл қоюды талап етуде. Жалпы, бұл 2022 жылғы желтоқсанда басталған еді. Содан бері мұнда 21 рет қарсы шеру өткізілген.
Франция астанасы Париж қаласында ислам қозғалысына қарсылыкка қатысты тағы бір ауыр оқиға орын алды. Ол Париждің орталығындағы Charlie Hebdo сатиралық апталық журналынын редакциясында болды. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, Калашников автоматы, мен гранатомет асынған белгісіз екі адам басылым орналасқан ғимаратқа кіріп келіп, редакция алқасының жиынын өткізіп жатқан журналистерге қарай оқ жаудырған. Оқиға орнында 12 адам мерт болған. «Charlie Hebdo» журналы бұған дейін Мұхаммед Пайғамбарды мазаққа айналдыру жөнінде біраздан бері белсенділік танытып келіпті. Жанжалмен атын танытуды көздеген журнал 2006 жылы даттың «Jullands-Posten» үнпарағында жарық көрген Пайғамбар туралы сайқымазақ суретті көшіріп басудан бастаған. Басылым 2012 жылы «Мұсылманның кінәсіздігі» атты фильмнің шығуына байланысты Еуропаның көптеген қалаларында жаппай тәртіпсіздік жасалып жатқан кезде тағы осындай бірнеше карикатура жариялап жіберген. Мұсылман елдерінде АҚШ елшіліктеріне шабуыл кең ауқымда өршіп бара жатыр. Ливияда басталған бұл әрекет қазір Африка, Азия құрылығында өріс алғаны сонша, ол тіпті Еуропаны койып, басқа дінді Австралияға дейін жетіп отыр. Барлық жерде АҚШ-ты айыптаған ұран, ғимараттарды қирату, полициямен қақтығыс орын алуда.
Мұның өзі өткен жылдардағы «Араб революцияларын» еске түсіреді. Кезінде Тунисте басталған көтеріліс іле-шала басқа елдерге ауысқан болатын. Бұл жолы Ливияның Бенгазы қаласында басталған елшілікке шабуыл келесі күні Египеттің, Йеменнің астаналарында жалғасты да, көп кешікпей ол бүкіл араб дүниесін шарпыды. Бенгазыдағы әрекеттен төрт америкалық дипломат қаза тапса, он ливиялык мерт болды. Мұсылман елдеріндегі АҚШ-қа карсылық әрекеттері бұл елдерде «Мұсылман пәктігі» деген фильмнің интернетте көрсетілуінен басталған. Онда мұсылмандардың сенімі мен ар-ожданын қорлайтын факторлар бар. Қазір сол фильмді кім жасады дегенге ешкім жауап бере алмауда. Бір нәрсе анық. Оны исламның жаулары жасады. Ал ислам әлемі оған көнер емес. Рейтер агенттігі оны алғашқыда Флорида штатында тұратын пастор Терри Джонс қаржыландырыпты десе, кейін оны жасаған порнорежиссер Роберт Браунелл деген деп шықты. Ал идеясын берген Сэм Бэсил деген көрінеді. Қалай дегенде де, бұл фильмнің қазіргі күнде ислам әлемінде дінге деген көзқарастың қандай екенін білгеннен кейін олар оны қолға алмауы тиіс еді. Бұған дейін Данияда Мұхаммед Пайғамбарға қатысты карикатураның жариялануына байланысты және Ауғанстанда Құран көшірмесінің өртелуі қандай шу тудырғанын ескеруі тиіс болатын. Жалпы, бірде-бір мұсылман елі дүниежүзілік соғысты бастап көрген емес. Нәсілді кемсітушілік фашизм мен апартеид сияқты қасіретті кұбылыстар еш уақыттада ислам мемлекеттеріне тән болған емес.
Ислам жек көрудің емес, сүйіспеншіліктің діні. Сондықтан ол адамзат баласына жат әрекеттердің бәрін айыптайды. Қазір бүкіл Батыс әлемі ислам құндылықтарына қарсы кең көлемдегі насихат жұмыстарын жүргізуді қолға алып отыр. Бұл мақсатта саяси идеологиялық мобилизация жүргізуде. Олар адамзат баласы пайда болғаннан бастап, ең құнды саналып келген ислам шариғаттарын қабылдамауға, мектептерде Қасиетті Құран және хадис ілімдері мен принциптерінен дәріс алуға қарсылық білдіруге шақыруда. Мұнан біз мұсылмандардың ақыл-ой безбеніне іріткі салып, миын шайқалтуға деген әрекетінің шірік ойын көреміз. Әртүрлі деңгейдегі білім беру ошақтарына арнайы бағдарламалар дайындап, оларды араб ислам елдеріне таратуды және оны қабылдауды мәжбүр етуді қолға алып отыр. Бұл мақсатта олар араб елдеріне хабар тарататын ғарыштық жүйелер мен радио толқындарын пайдалануда. Осылайша АҚШ өз саясатының ықпалына бағынбайтын араб режимін күштеп өзгертуге барынша күшін салуда.
Ислам өсиеттеріне сай және қасиетті Құранға сәйкес әділдік, кеңесу және тең құқылық басқарудың негізі болып саналады. Сондықтан оны өзгертем деу- Батыс елдері тарапынан жасалып отырған зорлық-зомбылық болып табылады. Сол себепті олар осы уақытқа дейін өзге елдерге жасаған қарсы насихаттары үшін әлем халқынан кешірім сұрауы тиіс.
Ислам ешбір елге, дінге дұшпандығы жоқ, ол қашанда бейбіт өмірді жақтайды. Коммунизм жойылган соң, Батыс әлемі исламды жаңа дұшпан ретінде көре бастады. Бұлар демократия, даму жолындағы басқа да бүкіл адамзат мәдениеті қолданып жүрген исламды қорлауда.Бір Аллаһқа сену адамзаттын көзқарасын күнделікті тіршіліктін шеңберінен кеңірек кеңістікке жетелейді, адамзатты құрметтеуге, жаппай халыққа еркін өмір сүру заңдылықтарын мойындауға жеткізеді.
Модернизм адамзатқа көптеген табыс алып келді, бірақ Аллаһты естен шығарды. Осыдан келіп, жауыздық, террор кең қанат жайды. Бүгінгі таңда адамзатты алалау, мейірімсіздік, қырып-жою шаршатып отыр. Сондықтан қазіргі әлем ислам дінінің ең асыл құндылықтарына зәру. Исламда хаһтың барлық сипаттарының ішінде оның рахман мен рахим (кешірім мен мейірім) сипаттары басты назарда ұсталады. Демек, ислам атымен жасалған тар өрісті, қорқыныш тудыратын нәрсенің бәрі исламға жат. Исламдағы ең басты мақсат-сыйластык пен сенімділік. Францияның журналында да Мұхаммед Пайғамбарымыз сайқымазаққа айналдырылған. Ол және қолдан жасалды. Бұл арқылы олар исламның ең қасиетті құндылыктарына тиісті. Басылым қызметкерлері тіпті осы әуелде Карл Марксті де келемеждеуге болады десті. Олай болса, Мұхаммедті неге болмасқа дегендей сыңай танытты. Шынында да сөз, баспасөз бостандығын желеу етіп, ауа жайылуға, ойыңа не келсе, соны істеуге, ақыр соңында мұсылмандардың діни нам-сенімін мазаққа айналдыруға кім құқық беріпті. Бұл нағыз арандатушылық қадам екендігі күмән туғызбайды.
Қорыққан бірінші жұдырықтайды демекші, қазірдің өзінде Ұлыбританияның қарсы барлау қызметі Батыс елдерін ықтимал деген террорлық шабуылдардан алдын-ала сақтандырып отыр. Барлау ұйымының айтуынша, Батыс елдеріне болашақта «Ислам мемлекеті» мен «Әл-Каида» содырлары тарапынан қауіп туындауы мүмкін-міс. Экстремистер Батыс елдері тұрғындарына кең ауқымды шабуылдар дайындауда, дейді ағылшындык британдық қарсы барлау қызметінің басшысы. Біз «Әл-Каида» терроршылар тобының Сирияда Батыс елдеріне қарсы шабуылдар дайындап жатқанын білеміз. Әріптестерімізбен бірлесіп қолдан келгеннің бәрін жасап отырғанымызға қарамастан, біз барлық шабуылдардың алдын ала алмаймыз, дейді ол. Осы орайда «Ислам мемлекеті» содырларының 2019 жылдың жазынан бері Ирактын солтүстігі мен батысында айтарлықтай аумақты басып алғанын алға тартқан халықаралық коалиция күштері олардың шабуылдарын тоқтату үшін әуе соккыларын жасап келеді. Мұның бәрі қолдан жасалған саясат. Оның түпкі мәнінде исламды әлсірету жатыр. Барлық мемлекеттер де бірінші кезекте өз елінің тыныштығын қорғауды көздейтіні ақиқат. Халқымыздың ғасырлар бойы жинақталған даналығы толеранттылықтың біздің ұлтқа тән нәсілдік код екендігіне куә.
Осы кезең аралығында елімізде көптеген заңдар қабылданды. 1999 жылғы 13 шілдеде «Терроризммен күрес туралы» Заң қабылданды. Ол Қазақстан Республикасындағы лаңкестікпен күресу жолдарын, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметтер тәртібін, сондай-ақ, азаматтардың құқықтары, міндеттері мен кепілдіктерінің құқықтық және ұйымдастырушылык негіздерін белгілеп берді.2000 жылдың 10 шілдесінде «Терроризм мен экстремизм белгілерінің алдын алу және жолын кесу жолындағы шаралар туралы» Қазақстан Президентінің Жарлығы шықты. Президент тапсырмасы бойынша «Терроризммен күрес мәселелері жөніндегі кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» зан жобасы дайындалып, ол заң 2002 жылы кабылданды. 2012 жылы Мемлекет басшысы заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға карсы іс-қимыл мәселелері бойынша заңнаманы жетілдіруге бағытталған заңға қол қойды.
2012 жылы қазан айында Қазақстан Парламенті «Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша кұралдарын өткізу кезінде қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы шартты ратификациялау туралы» Заң қабылдады. 2024 жылы да жаңа тұрпаттағы заң шаралары қабылданды. Мұның бәрі біздің қауіпсіздігімізге жауап береді. Бүгінгі таңда жаһандану процесі жүріп жатқанда, сыртқы күштердің әсері мол сезілуде. Сондықтан бұған аса сақтықпен қараған абзал. Өзіміз бірікпей, өзге ел ешқашан бізді жарылқамасы анық.