AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда 120 төсек-орындық жаңа жатақхана ашылды

Алматыда 120 төсек-орындық жаңа жатақхана ашылды

Әлеумет 11.04.2025, 09:02 719 Bakyt
Алматыда 120 төсек-орындық жаңа жатақхана ашылды
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматыда студент жастарға қолайлы жағдай жасау мақсатында жеке инвестициялар есебінен салынған жаңа жатақхана пайдалануға берілді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Жаңа нысан 120 студентке арналған және заманауи талаптарға толықтай сай келеді. Бұл жатақханада Қазақ Үлттық Қыздар педагогигалық университетінің студенттері тұрады.

Жатақхана аумағында студенттердің жайлы өмір сүруі үшін барлық жағдай қарастырылған: жарық әрі кең бөлмелер, ас үй, оқу және демалыс орындары да бар. Сонымен қатар, конференц зал wi-fi желісімен жабдықталған, бұл білім алушыларға түрлі іс-шаралар ұйымдастыруға және онлайн білім алуына мүмкіндік береді.

«Бүгін біз үшін өте қуанышиы күн, себебі жаңа жатақханаға көшіп жатырмыз. Мында сабақты оқуға, іс-шара өткізуге толық жағдай жасалған. Жатақхананың орналасқан жері де ыңғайлы. Аялдама, асхана, дүкен бәрі жақын жерде орналсақан», - деді студенттердің бірі.

Бүгінгі таңда Алматы қаласында 127 студенттік жатақхана жұмыс істейді. Бұл жатақханаларда 40,3 мыңнан астам студент тұрып жатыр. Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының мәліметінше, 2024 жылы 4304 төсек-орынға арналған 16 жаңа нысан пайдалануға берілген. Ал 2025 жылдың соңына дейін тағы 6000 төсек-орын қосылады деп жоспарлануда.

Еске сала кетейік, Алматы қаласында студенттерді жатақханамен қамту мақсатында жобалық кеңсе жұмыс істейді. Бұл кеңсе жатақхана құрылысын тиімді үйлестірумен қатар, мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға және жастарға арналған тұрғын үй инфрақұрылымын дамытуға үлес қосып келеді.

Анықтама үшін: +77015282837 – студенттік жатақхана құрылысы бойынша жобалық кеңсенің басшысы Дамир Кутумов.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Студент #жатақхана
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Бүгін 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Бүгін 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Бүгін 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Бүгін 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);