ffin.kz

Инвестицияға айырбас тарифі: Инвестициялардың мақсатқа сай жұмсалуын кім бақылайды?

Инвестицияға айырбас тарифі: Инвестициялардың мақсатқа сай жұмсалуын кім бақылайды? Сурет: Gov.kz

Бұл сұраққа ӨКҚ брифингінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Әсел Буденеева жауап берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Іске қосылған активтерге техникалық аудит жүргізу тәжірибесін енгізу бойынша қабылданған шаралар инфрақұрылым объектілерінің, инженерлік желілердің нақты тозу деңгейін анықтауға және қажетті шаралардың құнын бағалауға мүмкіндік береді», - дейді Ә.Буденеева



Осылайша, әрбір монополист бойынша қаржыландырудың жеткілікті деңгейін анықтау үшін экономикалық және техникалық жағдайына жеке бағалау жүргізіліп, кейін оларды дерек көздері бойынша бөлу жүргізіледі.
 
Қомақты инвестициялар көлемін тарту, сондай-ақ көрсетілетін қызметтердің құнына жүктемені азайту мақсатында жеңілдетілген бюджеттік несиелеу (қаржыландыру мөлшерлемесін субсидиялау, ұзақ мерзімді несиелендіру және т.б.) механизмін қарастыру ұсынылады.


Есепті қарау аясында қосымша тартылған инвестициялардың мақсатына қарай пайдаланылуы да тексерілетін болады.


Жүргізіліп жатқан реформалардан барынша жоғары нәтиже алу үшін бірқатар мемлекеттік монополистерді бір органға біріктіруді көздейтін монополистердің қызметін реттеу тәсілдерін өзгерту қажет, бұл пайдалану шығындарын оңтайландыруға және инвестициялық тартымдылықты арттыруға мүмкіндік береді.


Биылдан бастап жүргізіліп жатқан жұмыстар объектілеріне жасалатын пресс-турлар шеңберінде табиғи монополиялар субъектілерінің инвестициялық бағдарламаларын іске асыру мониторингіне жұртшылық пен мүдделі тараптардың белсенді қатысуы қарастырылған. 


«Инвестицияға айырбас тарифі» жаңа тарифтік саясатқа көшу шеңберінде тарифтік реттеу тәсілдерін жетілдіру, инвестицияларды тарту бойынша шаралар қабылдау, тарифтік реттеуді институционалдық күшейту, құқықтық қамтамасыз ету, сондай-ақ тұтынушылар үшін  тарифтік реформаның әсерін бағалауды қамтитын жол картасы әзірленді.


Бағдарламаның қағидаты негізгі жабдықтар мен желілердің тозуын жыл сайын 2-3%-ға азайту үшін қосымша инвестиция тартуды көздейді. Табиғи монополия субъектілерінің ағымдағы инвестициялық бағдарламалары негізінен ағымдағы қорларды сақтауға және жыл сайын тозуды 1% шегінде төмендетуге бағытталған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:10

18:45

18:02

17:43

17:39

17:31

17:20

17:17

17:05

16:54

16:41

16:15

16:05

15:56

15:39

15:21

15:14

14:45

14:40

14:34

14:07

13:47

13:30

12:58

12:32