AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Инфляция қарқыны жоғары деңгейде қалып отыр – Ұлтт...

Инфляция қарқыны жоғары деңгейде қалып отыр – Ұлттық банк

Экономика 05.09.2022, 11:16 1,578
Инфляция қарқыны жоғары деңгейде қалып отыр – Ұлттық банк
Сурет: Trend.az

Жылдық мәнде инфляция 16,1 пайызға жетті.


ҚР Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов инфляцияға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Ұлттық банктің Ақша-кредит саясаты комитеті 2022 жылғы 6 қыркүйектен бастап базалық мөлшерлемені 14,5 пайыз деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдадық. Шешім келесі болжамды раундтың нәтижелері негізінде қабылданды. Біз биылдың соңына дейін және орта мерзімді кезеңге инфляция мен нақты жалпы ішкі өнімнің өсуі бойынша бағалауды жаңарта отырып, макроэкономикалық ахуалдың бұдан былайғы дамуына қатысты болжамдарымызды өзгерттік», - деді Ғалымжан Пірматов елордада өткен баспасөз мәслихатында.



Оның айтуынша, инфляцияның айлық динамикасы осы жылғы наурыздағы ең жоғарғы деңгейден төмендеуіне қарамастан, орташа жылдық мәндерден асып, әлі де жоғары деңгейде қалып отыр.



«Жылдық мәнде инфляция 16,1 пайызға жетті. Азық-түлік өнімдері бағасының өсуі жылдық мәнде 20,8 пайызға жетіп, ең көп үлес қосып отыр. Азық-түлікке жатпайтын инфляция да импорттық тауарлардың қымбаттауына байланысты 15,5 пайызға дейін өсті. Атап айтқанда, бұл сұраныстың өсуі аясында шаруашылық тауарларына, сондай-ақ кеңсе тауарларына қатысты болды», - деп түсіндірді ҰБ басшысы.



Оның сөзіне қарағанда, ақылы қызметтер инфляциясы 10,1 пайызға жетті. Жабдықталған тұрғын үйді жалға беру бойынша бағаның ең жоғары өсуі байқалып отыр. 2022 жылғы 1 шілдеге дейін тарифтерді көтеруге қойылған мораторий аяқталды. Осы орайда барлық өңірлерде монополист кәсіпорындардың қызметтеріне тарифтер өзгерді. Осылайша, олардың айлық өсімі 1,3% болды.


Ғалымжан Пірматовтың пайымынша, инфляция қатысты бағалау әлі де жоғары болып тұр. Биылдың қорытындысы бойынша жаңартылған болжамдарға сәйкес, инфляция 16-18 пайыз деңгейінде болуы мүмкін. Бұл Ұлттық банктің алдыңғы болжамынан жоғары.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#инфляция #Қазақстан #банк
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы Наурыз: мерекелік іс-шаралар төртінші күн қатарынан жалғасуда

Бүгін 21:42

Наурыз мерекесі аясында Алматыда жас таланттар өнер көрсетті

Бүгін 21:35

Тоқаев альпинист Ерванд Ильинскийге «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын берді

Бүгін 16:18

Оқушылар сарайының Наурыз керуені алматылықтардың жүрегін баурады

Бүгін 14:57

Қазақстандық блогерге мемлекетаралық іздеу жарияланды

Бүгін 14:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика