ffin.kz

Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылауды жүзеге асыру туралы

Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы  бақылауды жүзеге асыру туралы Сурет: ашық дереккөз

Мүгедектігі бар адамдардың (бұдан әрі – МБА) өмір сүру сапасын жақсарту шараларының бірі – МБА үшін қолжетімді әрі кедергісіз ортаны құру, әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілерін жүріп-тұруы шектеулі адамдардың қажеттіліктеріне бейімдеу, мәдени және ойын-сауық шараларына қол жеткізуді қамтамасыз ету болып табылады. Жергілікті атқарушы органдар (бұдан әрі – ЖАО) қолжетімді орта құру және объектілерді мүгедектігі бар адамдардың қажеттіліктеріне бейімдеу жөнінде барлық қажетті шараларды қабылдауға міндетті. Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті (бұдан әрі – департамент) әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілерінің бейімделуіне зерттеу және тексеру жүргізу арқылы кедергісіз ортаны қалыптастыру бойынша бақылауды жүзеге асырады.


2015 жылы Қазақстан мүгедектігі бар адамдардың құқықтары туралы БҰҰ Конвенциясын ратификациялады және мүгедектігі бар адамдарға қатысты кемсітушілікке жол бермеу және мүгедектігі бар адамдардың қоғамда тең құқықтарды пайдалануы үшін қолайлы жағдайлар жасау үшін бірқатар шаралар қабылдау жөніндегі міндеттемелерді қабылдады. Үкімет мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын арттырудың 2025 жылға дейінгі ұлттық жоспарын енгізді.


Департамент қызметінің негізгі бағыттарының бірі «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы»  және  «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» заңдарының талаптарын сақталуын жүзеге асыру болып табылады. Осылайша, мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне қолжетімділікті және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету бөлігінде ЖАО-ға бақылау жүзеге асырылады. Бақылау жұмыстарын жүзеге асыру үшін департамент қызметкерлері кез келген субъектілерге (объектілерге) барып, профилактикалық бақылау және жоспардан тыс тексерулер жүргізеді.


2022 жылы департаментпен мүгедектігі бар адамдарға қолжетімділік бөлігінде заңнаманы сақтау талабына мемлекеттік басқару, денсаулық сақтау және спорт мекемелерінің 73 объектісінде (2021 жылы – 33 объект) тексеру жүргізілді, оның ішінде:


- профилактикалық бақылау шеңберінде – 52 (2021 ж. - 30), оның 5-і арнаулы әлеуметтік көмек көрсету бойынша (2021 ж. - 1);


- берілген ұйғарымды орындау аясында, сондай-ақ жеке тұлғалардың өтініштері бойынша жоспардан тыс тексеру – 21 (2021 ж. - 3).


Сонымен бірге, прокуратураның жұмыс топтары мен Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мен қоғамдық ұйымдар өкілдерінің қатысуымен мониторингтік топтың құрамында 146 іс-шара өткізілді.


Оның ішінде:


1)    прокуратураның жұмыс тобы құрамында – 19;2)    МӘМ қызметін мониторингтік топтың құрамында – 7;3)    2022 жылы «Кедергісіз келешек» партия бағдарламасы аясында120 объектіде мониторингтік жұмыстар жүргізілді (2021 ж. - 260).


Жоғарыда аталған іс-шаралардың нәтижелері бойынша 487 заң бұзушылық анықталып (2021 – 375), оның ішінде 276 заң бұзушылық Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ҚСАЕжК ТСмОБТ деректер базасына тіркелді. Бұл ретте, прокуратура  мен мониторингтік топтардың жұмыс топтары құрамында 211 ескерту, бұл МБА әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілеріне қолжетімділігін қамтамасыз етпеу бойынша ұсыныстар берілді.


Тексерулер нәтижесінде анықталған заң бұзушылықтарды жою туралы 73 шешім шығарылып, оның ішінде 12-не жалпы сомасы 7,2 млн теңгеге жуық әкімшілік айыппұл салынып, толық көлемде өндірілді.


Негізінен объектілерде пандустың болмауы немесе дұрыс орнатылмауы, пандус енінің талапқа сай келмеуі, биіктік талаптарының сқталмауы, тұтқалардың болмауы, пандустардың енінің сәйкес келмеуі, бүйірлердің болмауы, нашар көретін адамдарға арналған ақпараттық белгілердің болмауы, жаяу жүргіншілер жолдарының төсемінде ескерту функцияларын орындайтын тактильді құралдардың, есту мүшелерінің қызметі бұзылған адамдарға берілетін ақпараттың көрнекі құралдарының, санитарлық және дәретхана бөлмесінде жиналмалы тұтқалардың болмауы, кіреберіс есіктердің ені арасындағы сәйкессіздік анықталған.


Сондай-ақ, 2022 жылдың екінші тоқсанында тиісті аудандардың прокуратураларымен бірлесіп, Алматы қаласының 8 ауданында орналасқан жерүсті және жерасты жаяу жүргіншілер өткелдерінің жүріп-тұруы шектеулі адамдар үшін қолжетімділігі тексерілді. 121 жаяу жүргіншілер өткелдері тексерілді (оның ішінде 66 - жер үсті, 55- жерасты). Тексеру нәтижелері бойынша әрбір аудан бойынша нақты бұзушылықтарды көрсете отырып, жою туралы ұсыныстармен жеке қорытындылар берілді. Бұл ретте, 2022 жылғы 16-17 мамырда тиісті аудандардың прокуратураларымен бірлесе отырып, Әуезов (4) және Бостандық (8) аудандарындағы көшелердегі жеке тұрған қоғамдық дәретханалардың мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділігі тексерілді. Бұл бағыттағы жұмыстар басқа аудандарда жалғасатын болады.


Бұл ретте, Департамент 2023 жылдың бірінші тоқсанында «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы»   Заңының сақталуы бойынша екінші деңгейлі 17 банктің 160 бөлімшелерінде тексеріс жүргізді. Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімдігіне арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету саласына қатысты бір жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Барлығы 13 әкімшілік хаттамалар толтырылып, салынған айыппұл сомасы 9,3 млн теңгені құрап, толық өндірілді.


Мониторинг тобының құрамында бес медициналық-әлеуметтік мекемелерде мониторинг жүргізіліп, оның қорытындысы бойынша мекеме басшыларына және Алматы қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына оларды жою бойынша ескертулер мен ұсыныстар көрсетілген анықтамалар берілді.


 



Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

21:49

19:02

18:44

18:21

18:04

17:49

17:33

16:55

16:55

16:37

16:15

16:07

15:58

15:19

15:05

14:30

14:22

14:14

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04