AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Ғалымдар әлемде пандемия қайталануы мүмкін деп қау...

Ғалымдар әлемде пандемия қайталануы мүмкін деп қауіптенеді

Әлем 08.08.2023, 10:33 1,242
Ғалымдар әлемде пандемия қайталануы мүмкін деп қауіптенеді
Сурет: Naked-science.ru

Британ ғалымдары осындай болжам жасап отыр. 


Сол үшін олар осы бастан вакцина жасау ісін жетілдіруді қолға алған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Мақсат - жаңа кеселге қарсы екпені қысқа уақыт ішінде әзірлеуді үйреніп, індеттің таралуына жол бермеу.


24.kz сайтының ақпаратынша, Ұлыбританияда жаңа індетке қарсы вакцина жасау жұмысы Уилтшир графтығындағы Портон-даун зертханасында жүргізіліп жатыр. Ғылыми жобаға 100-ден аса маман жұмылдырылған. Айтуларынша жаңа індет 3 жыл бұрынғы коронавирус сияқты жануардан тарауы мүмкін. Осыны негізге ала отырып қауіпті вирустардың тізімі жасалған. 



«Қазір біз әлемде жаңа пандемияның туу қауіпін зерттеп жатырмыз. Бұл бір жағынан адамдардың қалаларға көптеп шоғырлануымен байланысты. Мысалы, құс тұмауын алайық. Климаттың өзгеруі де жаңа індеттің шығу қауіпін арттыруы ықтимал. Сондықтан мұндай жағдайдың алдын алу үшін ғылыми зерттеулерді күшейтуіміз қажет»,  - дейді Ұлыбритания Ұлттық денсаулық сақтау қызметінің атқарушы директоры Дженни Харрис.



Британдық ғалымдар терең зерттеп жатқан кеселдердің арасында құс тұмауынан бөлек маймыл шешегі, тышқан безгегі сияқты вирустар бар. Мамандар бұл аурулар жаңа пандемияның пайда болуына әкелуі әбден мүмкін -дейді.



«Жаһандық жылынудың салдары жыл сайын күшейіп келеді. Мысалы біз маса мен кене арқылы тарайтын аурулардың өзгеріске ұшырауына куә болып жатырмыз», - дейді Ұлыбритания Ұлттық денсаулық сақтау қызметінің бас ғылыми қызметкері Изабель Оливер. 



Ғалымдар жаңа кеселге қарсы вакцинаны 100 күн ішінде жасап шығаруды мақсат етеді. Орталық мамандарының бұл істе тәжірибесі мол. Зертхана Конго-Қырым қанды безгегіне қарсы алғаш болып екпе жасап шығарған. Қазір вакцинаны сынау жұмыстары жүріп жатыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Британ ғалымдары #болжам #Пандемия #вакцина
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы жұлдызды кеш: Solana Fest әлемдік артистерді бір сахнада тоғыстырды

Бүгін 11:35

Алматы кітапханасында Ілия Жақановтың сазды әндері шырқалды

Бүгін 11:19

Алматыда автобус жолақтары мен веложолдар желісі кеңейтіліп, бірқатар көшеде біржақты қозғалыс енгізіледі

Бүгін 11:11

Алматыда «BIR TOLQYNDA» жобасы аясында жастармен ашық диалог өтті

Бүгін 11:09

Алматы әкімдігі Горький атындағы орталық саябақтағы 5 гектар жерді мемлекет меншігіне қайтарады

Бүгін 11:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);