AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматының қай аудандарының ауасы ең көп ластанады?

Алматының қай аудандарының ауасы ең көп ластанады?

Әлеумет 08.08.2023, 10:44 1,413
Алматының қай аудандарының ауасы ең көп ластанады?
Сурет: Azattyq-ruhy.kz

 Алматы қаласының атмосфералық ауасының жай-күйі үнемі санитариялық-эпидемиологиялық бақылауда.


Алматы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ақпараты бойынша қаладағы автокөліктердің неғұрлым қарқынды қозғалысы бар автожолдар мен өнеркәсіптік кәсіпорындардың ықпал ету аймағындағы селитебті аумағында барлығы 79 бақылау нүктесі бар, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Осы жылдың алғашқы жартыжылдығында 6158 сынама зерттелді, оның ішінде зиянды заттардың шекті рұқсат етілген концентрациясының (ШРК) артуы 987 сынамада (16%) анықталды. Сонымен қатар, өнеркәсіптік кәсіпорындардың ықпал ету аймағындағы селитебті аумақта санитарлық-химиялық көрсеткіштерге 3062 сынама алынды, оның ішінде Жетісу және Түрксіб аудандарында мынадай ингредиенттер бойынша 56 сынамада (1,8%) ШРК асып кетуі анықталды: азот диоксиді – 1,2-2,4 есе, этилмеркаптан – 2,1-19,2 есе, күкірт диоксиді - 6,2-7,1 есе, көміртегі тотығы - 1,0-1,2 есе», - деді қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Гаухар Каткенова.



Автожолдарда санитариялық-химиялық көрсеткішке 3096 сынама зерттелді, оның ішінде 931 сынамада (30,1%) ШРК асып кеткені анықталды. ШРК-ның артуы қаланың барлық сегіз ауданының бақылау нүктелерінде келесі ингредиенттер бойынша анықталды: көміртегі оксиді-1,0-1,2 есе; көмірсутектер – 1,0-1,3 есе; қорғасын – 1,7-2,5 есе; азот диоксиді – 1,2-2,3 есе; күйе – 1,1-1,5 есе.


Гаухар Такенованың сөзінше, Алматы қаласының атмосфералық ауасының ластануының негізгі мәселесі - автокөлік шығарындыларымен байланысты, бұл жағдайды құрылыстардың тығыздығы себепті желдің болмауы күрделендіре түседі.



«Атмосфералық ауаны ластайтын барлық заттар адам денсаулығына азды-көпті теріс әсер етеді. Бұл заттар адам ағзасына негізінен тыныс алу жүйесі арқылы енеді және жоғарғы тыныс жолдарының, жүрек-қан тамырлары жүйесі мен әртүрлі аллергиялық аурулардың дамуына әкеледі», - деді спикер.



Атмосфералық ауаның жай-күйіне санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг нәтижесі бойынша шаралар қабылдау үшін Алматы қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті ШРК асып кету туралы ақпаратты Алматы қаласының жергілікті атқарушы органына, оның ішінде қалалық мобильділік басқармасына жіберді.


Мегаполистің санитариялық дәрігерлері қала тұрғындары мен қонақтарына қоғамдық көлікті пайдалануды, велосипедпен жүруді, тұрмыстық қалдықтарды азайтуды, электр қуатын үнемдеуді және жасыл кеңістікті кеңейтуді ұсынады. Себебі, осының барлығы атмосфераға зиянды газдар шығарындыларын азайтатын болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #лас аудандар #бақылау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Астанада жүк көлігі велосипедші баланы басып кетті: жасөспірім оқиға орнында көз жұмды

Бүгін 17:02

Путин Тоқаевқа алғыс білдірді

Бүгін 15:21

Атырау облысында аудан әкімінің орынбасары жол апатынан қаза тапты

Бүгін 14:08

Ресей Қазақстаннан баратын жүк тасымалдаушыларға жаңа талап енгізбек

Бүгін 11:23

Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды: сәрсенбіде елімізде ауа райы қандай?

Бүгін 10:13
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);