Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Ескі тәртіппен жұмыс істейтін базарлар жойылады

Ескі тәртіппен жұмыс істейтін базарлар жойылады

Әлеумет 19.06.2023, 08:27 1,080
Ескі тәртіппен жұмыс істейтін базарлар жойылады
19 маусымда мәжілісте өткен үкімет сағатында Сауда және интеграция вице-министрі Арман Шаққалиев жыл соңына дейін Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы базарларды жаңғырту керек екенін айтты. Ескі тәртіппен жұмыс істейтін базарлар жойылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 


Оның айтуынша, жалпы сауда туралы заң талаптарына сәйкес үш қаланың – Алматы, Астана, Шымкенттің базарлары жыл соңына дейін толықтай жаңартылуға тиіс, деп жазды Zakon.kz.



«Жол картасы аяқталды, біз орындалуын қадағалап жатырмыз. Талаптарды орындамаған базарлар жойылады», -деді Арман Шаққалиев





Ол бүгінде базарларға қатысты сұрақтар туындап отырғанын айтты. Соның ішінде Алматының «Алтын Орда» базарында мониторингтік топтың, Бас прокуратураның, Ішкі істер министрлігінің қатысуымен күрделі тексеру жүріп жатыр.




«Біз әр базармен осындай жұмыс істейміз. Базардың жағдайы бағаның көтерілуіне және салық салу базасына тікелей жауап береді. Бүгінде атап айтқанда, Алматыда 26 базар жаңғырту жұмыстарының жоспарына тартылған. Ең әуелі, бұл базарларда бақылау-кассалық машиналары, жалға беру келісім-шарттарын сақтау, автотұраққа кіруден бастап түрлі анықтама беруге дейін қосымша төлемдерді алып тастауға жағдай жасалуы үшін айтып отырмыз», -деді Сауда және интеграция вице-министрі.



Вице-министр депутаттардың қолдауының арқасында 2022 жылы заң жобасы аясында президенттің жекелеген тапсырмасымен көтерме сауда аймағын бөлшек сауда аймағынан бөлу, қосымша шығынды алып тастау және сауда орындарын жалға берудің нақты механизмі туралы ереженің болуын көздейтін өзгерістер енгізілгенін айтты.


«Шымкентте де базарлар туралы түсінік бар. Талапқа сай келмейтін бірқатар базар белгілі. Оларды сәйкестендірудің мерзімі мен нақты шаралары қарастырылған», -деді А.Шаққалиев үкімет сағатында.

2022 жылдың ақпан айында Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын Орда» базарында тәртіп орнатуды тапсырды. Содан кейін ол «бұл жер алыпсатарлардың ыңғайлы ортасына айналғанын» айтты.


1 маусымда Бас прокуратура «Алтын Орда» базарының қызметінде Қазақстанның 300-ден астам заңнамасын бұзу фактісін анықтады.


10 маусымда «Алтын Орда» базарын үкіметтік топ тәулік бойы тексеріп жатқаны белгілі болды. Кейін Сауда министрлігінің байланыс орталықтары мен Telegram чаттарына «Алтын Орда» базарының жұмысына қатысты 200-ден астам шағым түскені хабарланды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ескі #жүйе #Тәртіп
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Кеше 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Кеше 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Кеше 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Кеше 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Кеше 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика