конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Еліміздегі қызғылт түсті көл неліктен тартылып қа...

Еліміздегі қызғылт түсті көл неліктен тартылып қалды?

Әлеумет 19.07.2023, 04:15 1,351
Еліміздегі  қызғылт түсті көл неліктен тартылып қалды?
Сурет: Ulysmedia.kz

Павлодардың іргесіндегі қызғылт көлді тұз өндірушілер кептіріп жіберді деген сөз бекер.


Экология және табиғи ресурстар министрі бастаған арнайы комиссия Коряков көліне барды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Qazaqstan.tv сайтына сілтеме жасап. 


Бұрын бұл көл қызғылт түске боялып тұратын. Қазір суы тартылып, тұзы бетіне шығып жатыр. Бірақ бұдан еш қатер жоқ дейді мамандар.



«Біздің пайымдауымызша көлдің суы азайғандықтан түсі де өзгеріп отыр. Бұдан экологияға еш қауіп жоқ. Суы төмен түскен соң тұзы аппақ болып жатыр. Бұл көлді білеміз. Түсі өзгеріп отырады», - дейді ҚР экологиялық аудиторлар палатасының мүшесі Ахан Өмірбек.



Раушан Құсайынқызы 60 жылдан бері көл жағасындағы ауылда тұрады. Тұз алу үшін бұл жаққа бөгде адамдар келген емес дейді. Яғни су айдынына тұрғындардың зияны тимеді деп есептейді.



«Үш жылдан бері қыс болған жоқ. Қар жоқ. Жаңбыр жоқ. Сондықтан осындай. Біздің кезімізде осындай болған тұз», - дейді Коряковка ауылының тұрғыны Раушан Құсайынқызы. 



Бұл ғана емес, Павлодар және Успенка ауданы аумағындағы көлдердің де сортаңы шығып жатыр. Себебі, мамыр айынан бері аймақта жауын жоқ, күн ыстық. Сондықтан Экология министрлігі көл суының тартылып кетуінің басқа себебін іздемейміз дейді.



«Министрлік тарапынан бұл көлді қорғауға ешқандай қаржы қарастырылмаған. Артемий құрты бұл жерде жоқ. Сондықтан жануарлар әлемі үшін де, экологиялық тұрғыдан да еш қатері болмайды», - дейді ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі экологиялық реттеу комитеті төрағасының орынбасары Ермек Омаров.



Үш жыл бұрын Астананың іргесіндегі Көбейтұз көлінде дәл осындай жағдай болған. Бір жыл ішінде көл тұтас құрғап, тамтығы да қалмады. Ал, Коряковка көлі жаңбыр суымен немесе қар қалың түссе қайта қалпына келуі тиіс дейді осы ауылдың тұрғындары.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қызғылт көл #Павлодар #тұзы бар су айдыны
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда экологтар 440-тан астам дизельді автокөлікті тексерді

Бүгін 15:15

Алматы хайуанаттар бағында керқұланның құлыны дүниеге келді

Бүгін 15:06

Президент тапсырмасына сәйкес, «Алматы – Қаскелең» автожолы сегіз жолаққа дейін кеңейтіледі

Бүгін 14:55

Алматыда жыл соңына дейін экологиялық Жол картасы аясында алты іс-шараны аяқтау жоспарланып отыр

Бүгін 14:29

Алматыда кәсіпорындарға мемлекеттік экологиялық бақылау күшейтілді

Бүгін 14:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);