AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Елімізде «жасыл құрылыс» стандартына сай 100-ден а...

Елімізде «жасыл құрылыс» стандартына сай 100-ден астам нысан бар

Әлеумет 29.11.2023, 09:03 1,601
Елімізде «жасыл құрылыс» стандартына сай 100-ден астам нысан бар
Сурет: 24.kz

Оның тең жартысы "Omir" ұлттық жүйесі арқылы сертификацияланған.


Жасыл технология негізінде салынған ғимараттардың қуат көздерін пайдалану көрсеткіші 20-дан бастап 60 пайызға дейін қысқарады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. 


Бүгінде әлем бойынша энергия тарифінің өсіп жатқанын ескерсек, бұл экономикалық тұрғыда өте тиімді, дейді мамандар. Экологиялық пайдасы да көп. Бірінші кезекте жоғарыда айтылған заманауи нысандардың ішкі ауа айналымы жақсы болады. Осы және өзге де мәселелер Орталық Азиядағы жасыл құрылыс халықаралық конференциясында айтылды.



«Бұл көбіне шетелде жақсы дамыған. Өйткені құрылыс саласының қоршаған ортаға тигізетін зияны өте көп. Осының салдарын ескеріп, бүкіл дүниежүзінде осындай стандарттар пайда болды. Жасыл құрылыс саласын дамытуға жұмыстар жасалып жатыр бүкіл дүние жүзі бойынша», - дейді Қазақстанның жасыл құрылыс жөніндегі кеңесінің техникалық директоры Айман Шопаева.



Жиынға Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан және Ресей мамандары қатысты. Олар әлемдегі жасыл құрылысты жобалаудың қыр-сырын талқылады. Экологиялық материалдарды пайдалану бойынша тиімді инновациялық шешімдер туралы әңгімелесті. "Көміртекті бейтараптық" қағидатын сақтау және жасыл құрылысты ынталандыру саласындағы білімдерімен бөлісіп, өзара тәжірибе алмасты. Шара соңында конференцияға қатысушы елдердің "Жасыл құрылыс жөніндегі кеңес" өкілдері өзара ынтымақтастық туралы көпжақты меморандумға қол қойылды.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жасыл құрылыс #Экология #зиянсыз нысандар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы Wilo Group компаниялар тобының басқарма төрағасы Оливер Герместі қабылдады

Бүгін 17:15

Алматыда шығарындылары төмен аймақтың жұмыс тәртібі түсіндірілді

Бүгін 17:13

Алматы мен Лангкави арасындағы жаңа авиарейс ашылды

Бүгін 17:00

Moody's Қазақстан Республикасының «Baa1» деңгейінде егеменді кредиттік рейтингін растады, болжам «Тұрақты»

Бүгін 16:58

Азаматтардың басым бөлігі алдағы Құрылтай сайлауына қатысуға дайын екенін білдірді

Бүгін 16:52
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);