Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Биыл Алматыда 16 мың орындық мектеп пайдалануға бе...

Биыл Алматыда 16 мың орындық мектеп пайдалануға беріледі

Әлеумет 08.12.2021, 06:57 1,073
Биыл Алматыда 16 мың орындық мектеп пайдалануға беріледі
almaty-akshamy.kz

Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында хабарлағандай, мегаполисте мектепке дейінгі мекемелер мен мектептердің құрылысы қарқынды жүріп жатыр, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz



Қазіргі кезде қалада 1 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың 64,2%-ы және 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың 90,6%-ы мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылған. Бұл ретте 1 жастан 6 жасқа дейінгі 41 мыңнан астам бала мектепке дейінгі ұйымдарға кезекте тұр.



Осы проблеманы кезең-кезеңімен шешу үшін ағымдағы жылы 4 658 орындық 72 жекеменшік мектепке дейінгі ұйым ашылды. Оның ішінде 67-де 4 378 орынға мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған. Ағымдағы жылдың соңына дейін 250 орындық тағы 5 жекеменшік мектепке дейінгі ұйым ашу жоспарлануда.


Биылғы жылы жеке меншік балабақшаларда орналастырылатын мемлекеттік білім беру тапсырысы да ұлғайтылды. Бүгінгі таңда мемлекеттік тапсырыс 30 460 орынды 519 жекеменшік балабақшаға орналастырылған. Қалада 360 орынды үш мемлекеттік балабақшаның құрылысы аяқталды. Бұл ретте, екеуі Наурызбай ауданындағы  Ақжар мен Таусамалы шағын аудандарында және біреуі Бостандық ауданында салынуда.Түрксіб ауданында 280 орынды балабақша құрылысы жалғасуда.


Сонымен қатар, Әуезов ауданындағы "Ақсай-4" шағынауданда 315 орынды балабақша ашу жоспарлануда. Ол жалдау мерзімі аяқталғаннан кейін қайтарылды. Желтоқсан айында балаларды қабылдау жоспарланған.


Орта білім беру саласында қазіргі кезде Алматыда 291 мектеп жұмыс істейді, оның 207-і мемлекеттік. Бұларда барлығы 303 110 оқушы оқиды, бұл өткен оқу жылымен салыстырғанда 12 мыңнан астам оқушыға артық. Бүгінде оқушы орындарының тапшылығы – 33 812.


Осы мәселені шешу үшін «қадамдық қолжетімділік» қағидатын ескере отырып, 12 600 орынға арналған 8 мемлекеттік мектептің құрылысы жүргізілуде, оның ішінде 5 100 орынға арналған 3 мектеп ағымдағы жылдың желтоқсан айында пайдалануға беріледі.



8 263 орындық мектептерде 17 жаңа корпустың құрылысы жалғасуда. Бұл ретте 4 600 орындық 11 корпус бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды, қалған 6 (3 663 орын) ағымдағы жылдың соңына дейін аяқталады. Жеке инвестициялар есебінен жаңа оқу жылының басында 2 656 орындық 13 жекеменшік мектеп ашылды.



Ағымдағы жылдың соңына дейін осы шаралар есебінен 16 019 жаңа оқушы орнын құру және орын тапшылығын 47%-ға төмендету жоспарлануда.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #әкім #мектептер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда AI Engineering бағдарламасының жаңа легі басталады: оқушылар жасанды интеллект пен жобалар жасайды

Бүгін 19:41

Алматыда жасыл желектерді ауқымды дәрілеу жұмыстары басталды

Бүгін 19:38

Махаббат пен парыз арасындағы тартыс: Алматыда «Шідер» детектив-драмасының премьерасы өтеді

Бүгін 18:38

Алматыда Жетісу көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 18:17

Алматыда World Schools Team Championship 2026 Азия кезеңі басталды

Бүгін 17:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика