Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Бақытжан Сағынтаев: Алматы ауруханалары мен емхана...

Бақытжан Сағынтаев: Алматы ауруханалары мен емханаларының жабдықталуы 91,5%-ға дейін артты

Медицина 08.12.2021, 06:57 1,340
Бақытжан Сағынтаев: Алматы ауруханалары мен емханаларының жабдықталуы 91,5%-ға дейін артты
Almaty-akshamy.kz

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қалада ауруханалар салынып, медициналық кадрлардың даярланғаны туралы хабарлады. 


Бүгінгі таңда денсаулық сақтау нысандары бойынша жабдықтау көрсеткіші 91,5%-ды құрайды, анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшелерінің жарақтандырылуы 100%-ға дейін жеткізілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Жедел медициналық жәрдем жұмысы жақсарды. Үш жаңа қосалқы станция салынды. Бригадалар саны екі есеге артты. Автопарк 70%-ға жаңартылды.


Тұңғыш Президент – Елбасы Н. Назарбаевтың тапсырмасы бойынша ағымдағы және ықтимал эпидемиологиялық қатерлерге ден қою бойынша елдің ғылыми-медициналық әлеуетін шоғырландыру мақсатында Алматыда инфекциялық аурулардың көпбейінді ғылыми-зерттеу орталығының құрылысы басталды. Сондай-ақ, 3 емхана, 9 отбасылық-дәрігерлік амбулатория, 2 модульдік КТ-орталығының құрылысы басталды. 


Ағымдағы жылы Алатау және Наурызбай аудандарында үш емхана, 9 отбасылық-дәрігерлік амбулатория, екі модульді КТ-орталығының құрылысы басталды.


Балаларға шұғыл көмек көрсету орталығының және №2 БЖКБ қосалқы корпустарының құрылысы, паллиативтік көмек орталығы бар жаңа онкологиялық орталықтың және Медеу ауданында көпбейінді стационардың құрылысы жүргізілуде. 


250 төсек-орындық балаларды оңалту орталығын және 50 төсектік ерте араласу орталығын орналастыру үшін бұрынғы «Алматы темір жол ауруханасын» қайта жаңарту және күрделі жөндеу жоспарлануда.



Медицина кадрларының тапшылығын төмендету үшін ағымдағы жылы резиденттерді аса тапшы медициналық мамандықтар бойынша оқытуға 120 грант бөлінді. Медициналық колледжде оқуға 391 грант бөлінді.


Алматы қаласының медициналық ұйымдарында 26 808 қызметкер жұмыс істейді, оның ішінде 6 343 дәрігер, 13 232 орта медициналық қызметкер, 3 872 кіші медициналық персонал және басқа да персонал - 3 361 адам. Сондай-ақ, КВИ дерті өршіген жағдайда инфекциялық стационарларда жұмыс істейтін медицина кадрларының резерві дайын.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #аурухана #емханалар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда AI Engineering бағдарламасының жаңа легі басталады: оқушылар жасанды интеллект пен жобалар жасайды

Бүгін 19:41

Алматыда жасыл желектерді ауқымды дәрілеу жұмыстары басталды

Бүгін 19:38

Махаббат пен парыз арасындағы тартыс: Алматыда «Шідер» детектив-драмасының премьерасы өтеді

Бүгін 18:38

Алматыда Жетісу көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 18:17

Алматыда World Schools Team Championship 2026 Азия кезеңі басталды

Бүгін 17:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика