AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / БІЛІМДІ ҰРПАҚ  ТӘРБИЕЛЕУ  – ҰЛТҚА ҚЫЗМЕТ ЕТУ

БІЛІМДІ ҰРПАҚ  ТӘРБИЕЛЕУ  – ҰЛТҚА ҚЫЗМЕТ ЕТУ

Әлеумет 25.02.2025, 15:41 730
БІЛІМДІ ҰРПАҚ  ТӘРБИЕЛЕУ  – ҰЛТҚА ҚЫЗМЕТ ЕТУ
автор

Ұлағатты ұстаз Өрік Иманғожина туралы бір үзік сыр 

 Елімізде әділетті қоғам құру бағытында ауқымды саяси-әлеуметтік, экономикалық реформалар қарқынды жүргізілуде. Бүгінде білім, ғылым, денсаулық, тұрмыс сапасы, мәдениет, тарих, әдебиет сынды құндылықтарымызды қадір-қасиетімен дамыту үздіксіз, жан-жақты жүріп жатқанына куәміз. Солардың ішінде білім беру ісінде заман талабына орай жаңашылдықтар көп – ұлттық болмысымыздың сапасын көтеру қызметінде мыңдаған ұстаздарымыз мен педагог-ғалымдарымыз білімнің бүгінге дейінгі оң мұраларын жаңашылдықтармен үйлестіре еңбек етуде. Осы қатардың алдыңғы легіндегі педагог-ғалымдарымыздың бірі – Өрік Иманғожинаның да ұлтқа қызметі ерекше.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Ұрпаққа білім беру – ұлтқа қызмет ету. Ұстаз – ұлы есім» деп  тұжырымдағандай, осынау ұлы есімнің иелері кімдер десе, мен ең алдымен Өрік Зайнуллақызын атар едім. Оның педагогикалық еңбек жолы – бастауыш мектеп мұғалімінен басталып, аудандық әдіскер-инспектор, облыстық білім басқармасы бастығының орынбасары, мектеп директоры, ҚР Білім және ғылым министрлігінің орта білім беру басқармасы бастығының орынбасары, Оқулықтық әдебиетті мониторингілеу орталығының басшысы, республикалық «Оқулық» ғылыми-әдістемелік орталық директорының орынбасары, колледж директоры, ЖОО оқу-әдістемелік бөлімінің төрайымы, университет проректоры және ректоры, «Қазақстанның ғалым әйелдері» қоғамдық бірліктің вице-президенті лауазымдарына жалғасты. Осы ұстаздық еңбек жолының өзі-ақ Өрік Зайнуллақызының ұлылыққа лайық педагог екенін айғақтап тұр деп ойлаймын.

Кейіпкеріміздің ғылыми жолы да толассыз өрлеумен ерекшеленеді. «Білім беруді ақпараттандыру жағдайында оқушыларды кәсіби бағдарлау әдістемесі» деген тақырыпта педагогика ғылымының кандидаты дәрежесін алған ол межелеген жаңашылдығын күні бүгінге дейін жалғастыруда. Бұл бағдарын «Жаңа ақпараттық педагогикалық технологияларды жасау және оқу-әдістемелік әдебиеттің сапасын диагностикалау» деп аталатын зерттеулер кешенінде одан әрі дамытып, барлығы 150-дей еңбектерін жариялады.  Білім беру кешенін жетілдіру аясындағы зерттеулердің бел ортасында жүрді. Оқулық құрылымын сараптаудың негізгі көрсеткіштерін анықтап, функцияларын айқындады. Әлем елдерінің оқулықтарымен салыстырма  сараптама жасалды. Халықаралық оқулықтардың оқушы тұлғасына бағытталу икемділігінің ақиқаттық сипаттары бағдарға алынды. Бұл мәселелердің қазақстандық оқулықтарға қатыстылығы бойынша ел Президентіне ұсыныстар берілді. Осы жұмыстардың барлығының басы-қасында  Өрік  Иманғожина жүрді. Оның 9, 11, 12-сыныптарға арналған «Русская словесность» оқулығы, «оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер сапасын мониторигілеу» еңбегі, «Салауатты тамақтану мектебі» атты оқу құралы және тағы басқа да шығармашылық туындылары педагогикалық қауым тарапынан оң бағаға ие болды. Сала бойынша Отанымыздың игілігіне, ұрпақ болашағына жасаған еңбегі оң бағаларын алды, біреу біліп, біреу білмейтін марапаттары өз алдына үлкен биіктік дер едім.

Білімді ұрпақ тәрбиелеу – әр ұстаздың ұлтқа мінсіз қызмет ету миссиясындағы ұлы міндеті. Бұл ретте Өрік Зейнуллақызы қазақ халқының қымбатты, асыл тұлғалық құндылықтарын өз еңбегі арқылы танытқан жан. Ол кісімен ұшырасқан адамның сөзіне жылу, жүзіне нұр дариды. Яғни кісімен қарым-қатынаста әдепті, инабатты сабырмен, кішіпейіл ұлылығымен танылған. Сөйте тұра, ұлт мүддесін барлық факторлардан жоғары қоятын принципшілдігі ерекше. Бүгінгі жетпіс бес жасында педагогикалық бай, озық тәжірибелерін жас ұрпаққа тәрбиелі білім беруде әлі де пайдалануға болатыны Өрік Зейнуллақызына күш-қуат береді деп сенемін, шығармашылық табысқа жете берсін деймін. «Тар адам таласып жүріп тозады, кең адам кеңесіп жүріп озады» деген халық мақалының даналығы тұрғысынан айтсам, ұлағатты ұстаздың адал пейілі, абыройлы еңбегі мен өзінің әр ісін елмен кеңесіп атқаратын кеңдігі  кейінгі педагог жастарымызға тағылым болар үлгі-өнеге дер едім.

.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#мұғалім #Ұстаз #Өрік Иманғожина
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Наурыз – бірлік пен алғыс мерекесі: Алматыда ақ халатты абзал жандарға құрмет көрсетілді

Бүгін 20:32

Ғылым мен Конституция арқылы жаңа бағыт: Алматыда Қасым-Жомарт Тоқаев не туралы айтты

Бүгін 20:28

21 наурызда Түркі әлемі халықтарының көрме-жәрмеңкесі ашылады

Бүгін 20:23

Абай университеті Ұлыс күнін тойлады

Бүгін 18:53

Алматыда «Ауыл» партиясы Наурызға орай ерекше акция ұйымдастырды

Бүгін 18:35
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика