Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Тәуелсіздік-30 / Бейбітшілік өмірдің тірегі – манифест. «Әлем. ХХI...

Бейбітшілік өмірдің тірегі – манифест. «Әлем. ХХI ғасыр»

Тәуелсіздік-30 27.09.2021, 04:32 2,023
Бейбітшілік өмірдің тірегі – манифест. «Әлем. ХХI ғасыр»
Egemen Qazaqstan

Еліміздің Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бүкіл әлем халқы мен көшбасшыларына арналған тарихи манифесті осыдан тура бес жыл бұрын, 2016 жылғы 31 наурызда, Вашингтон қаласында өткен Ядролық қауіпсіздік жөніндегі Саммитте жарияланды.






Бұл манифест жаңа ғасырда Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы мен Қауіпсіздік Кеңесі сияқты негізгі органдарда жоғары ресми деңгейге ие болған бірінші құжат ретінде тіркеліп, әлемнің барлық мемлекеттеріне таратылды. Бұл құжатта Н. Назарбаев әлемге төніп тұрған сын-қатерді, болып жатқан келеңсіз оқиғаларды айта келе, ядролық қарусыз әлем құру бүкіл адамзаттың және барлық дүние жүзі үшін өзекті мәселе екендігін айқындап берді.










Елбасы Қазақстанның көп ұлттың басын қосқан, бейбітшілігі жарасқан, бірлігі мен тірлігі тұтасқан мемлекет екенін паш етіп қана қоймай, мемлекетіміздің жарқын болашағы үшін өзінің еркімен Семей ядролық сынақ полигонын жапқанын айтып, адамзатқа «ХХI ғасыр. Соғыссыз Әлем» атты бағдарламаның қажеттігін ортаға салды. Елбасының «Қазіргі кездегі бірде-бір соғыста жеңімпаз болмайды және бола да алмайды, онда бәрі де жеңіледі» деп айтқан тұжырымы әлем жұртшылығын және мемлекет басшыларын үлкен жауапкершілікке шақыратыны сөзсіз. Өйткені бүгінгі таңда дүние жүзінің 40-тан астам мемлекетінде ядролық қару бар және оның саны 13 мыңнан асады. Олардың бәрі бір мезгілде қолданылған жағдайда жер шарының болашағына адамзаттың қаперіне де кіріп шықпайтын қатер төнетіні белгілі. Біздің мемлекетіміз полигон жабудан бастап, өзінің бейбітсүйгіш ел екенін таныта отырып, Орталық Азия елдерінің аумағында ядросыз аймақ құруға қол жеткізді. Қазіргі таңда Қазақстан ядролық нысандары мен материалдары ең жоғары қауіпсіздік жағдайына жеткізілген 20 елдің қатарына кіріп отыр. Оны мен өзім Шығыс Қазақстан облысында іссапарда болғанда көзіммен көрдім.



Нұрсұлтан Назарбаевтың дүние жүзіне ядролық қаруды таратпаудың бірден бір жолы ретінде төмен байытылған уран банкін құру жобасы қолдау тауып, іске асырылды. Бұл жерде айта кететін бір көрсеткіш – қазіргі кезде еліміз Дүниезүзілік ядролық қауымдастықтың (WNA) сараптамасына сәйкес уран кенін өндіруде әлемде бірінші орынды иеленсе, оның жерасты қоры бойынша екінші орында тұр.



Жалпы Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н. Назарбаевтың жаhандық соғысты болдырмау, мемлекетаралық қақтығыстарды дипломатиялық жолдармен шешу, ядролық қарудан бас тарту, бейбітшілік пен татулық бастамалары мен ұсыныстары және де мемлекет арасындағы келіспеушіліктердің орынды шешімдері мен кеңестерін қабылдап, әлем көшбасшыларының арасынан әрдайым қолдауын тауып келеді. Оған барлығымыз куәміз - Нұрсұлтан Назарбаевқа ядролық қарусыз әлем саласындағы сіңірген еңбегі үшін халықаралық үйлесімділік пен төзімділік бастамашылығы мен басқа да еңбектері биік бағаланып жиырмаға жуық халықаралық марапаттың берілуі бүкіл еліміз үшін үлкен мақтаныш. Олардың ішінде Ұлыбританияның «Әулие Михаил мен Әулие Георгий Орденінің Үлкен Кресі», Жапонияның «Үлкен таспадағы Хризантема» ордені, Америка Құрама Штаттарының «Ядролық қауіпті болдырмау бастамашылығындағы сіңірген еңбегін қадірлеу» сыйлығы, «Хиросима қаласының Ерекше Құрметті Азаматы» атақтары мен көптеген марапаттар бар.


Бұл манифесте  Елбасы ағымдағы ғасырда болашақ ұрпақтың тағдыры мен жарқын келешегіне алаңдаушылық білдіретінін айтады. Қазақстанның өркендеуі дүниежүзіндегі алдыңғы қатарлы 30 мемлекеттің тізіміне енуі келешектегі жастардың қолында екенін айтып, елімізде олардың терең білімді болуларына барлық мүмкіншіліктер мен жағдайлар жасалынған. Біздің жастарымыз ертеңгі күнгі мемлекет басшылары, қорғаныс кемеңгерлері және түрлі инновациялық технологиялық  салалардың тұтқасын ұстайтын азаматтар болады. Тұңғыш Президентіміздің бүкіл дүниежүзіне арналған манифестін тереңінен түсініп, береке бірлік пен бейбіт өмір сүру жолында,   оны жүзеге асыруға өскелең ұрпақ бар күш-жігерін салуы керек деп ойлаймын.


Еліміз аман, іргеміз тыныш болып, шаңырағымыз шаттыққа бөленсін!






Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #Тәуелсіздік #Елбасы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Туристік серпін: Алматыға 2,5 млн-ға жуық адам келді

Бүгін 17:45

Шымкентте ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған жаңа жатақхана ашылды

Бүгін 17:32

СҚО-да полицейлер алаяқтардың арбауына түскен екі зейнеткердің 6 млн теңгеге жуық ақшасын сақтап қалды

Бүгін 17:03

"Аяғымды кесіп тастауы мүмкін": Бетперде киген жігіт 15 жастағы қызға үй мен қаражат сыйлады (ВИДЕО)

Бүгін 16:42

Жазғы Азия ойындарына 500-ге жуық спортшы қатысады – Ербол Мырзабосынов жұмыс кеңесін өткізді

Бүгін 16:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика