конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Мектепте қазақ тілінің грамматикасы қайта оқытылат...

Мектепте қазақ тілінің грамматикасы қайта оқытылатын болды

Әлеумет 27.09.2021, 04:38 1,489
Мектепте қазақ тілінің грамматикасы қайта оқытылатын болды
newsroom.kz

Мектепте қазақ тілінің грамматикасы қайта оқытылатын болды. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов өзінің фейсбук желісіндегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz 


2016 жылдан бастап еліміздегі мектептер жаңартылған білім мазмұнына көшті. Сәйкесінше, әр сыныптың оқу бағдарламалары, оқулықтары жаңара бастады. Осы жаңашылдық аясында тіпті оқушыларды бағалау жүйесі өзгеріп, дәстүрлі 5-тік жүйесінің орнына критерийлі бағалау енгізілді. Бірнеше жаңа пәндер де оқытыла бастады.


Ата-аналар, мұғалімдер мен қоғам тарапынан бұл бастама әртүрлі қабылданды. Бірақ тіл жанашырларының басты мұңы қазақ тілінің грамматикасына қатысты болды. Грамматиканы оқуға бөлінетін сағат саны азайып, оның орнына тілдік дағдыларды дамытуға көңіл бөлінген. Бұл мәселені қазақ тілінің мамандары жиі көтеріп, бағдарламаға өзгеріс керектігін айтқан еді. Бүгін еліміздің бас ұстазы осы мәселеге қатысты министрліктің ұстанымын жеткізді.


Министрдің айтуынша, жуырда орта білімдегі қазақ тілі пәнін оқыту бағдарламасы біршама өзгермек.



«Алдағы уақытта грамматиканы оқытуға бөлінетін сағат саны артады. Оқушының дұрыс жазуы мен сөйлеуі үшін, ойын тиянақты және сауатты жеткізудегі грамматиканың орны ерекше», - дейді Асхат Аймағамбетов



Асхат Қанатұлы грамматиканы оқытуда лингвист ғалым Ахмет Байтұрсынұлының еңбектері басшылыққа алынатындығын да жеткізді.


Айта кетейік, биыл жаңартылған білім беру мазмұнына 11-сыныптар да көшті. Олар үшін жаңадан оқулықтар жарық көрді. Демек, биылғы мектеп түлектері Ұлттық бірыңғай тестілеуді жаңа бағдарлама бойынша тапсырады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қазақтілі #граматика #Аймағамбетов
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының коммуналдық қызметтері нөсер жаңбырдың салдарын жедел түрде жойды

Кеше 20:52

Иранда аятолла Әли Хаменеимен қоштасуға арналған аза тұту рәсімдері басталды

Кеше 17:50

Алматыдағы сенбілікке 2,4 мың адам қатысты

Кеше 15:41

Жаңа Конституцияны диалог пен шығармашылық арқылы жүзеге асыру: Алматыда ауқымды жастар науқаны өтіп жатыр

Кеше 15:09

Алматыдағы таулы аймақтарда сел жүруі мүмкін

Кеше 12:42
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);