Бақилық болған журналистерді еске алды

Бақилық болған журналистерді еске алды суретті түсірген - Қ.Қоныспаев

Қазақстан Журналистер одағы ЮНЕС­КО қамқорлығымен Мәдениеттерді жақындастырудың халықаралық орталығымен бірлесіп, отандық БАҚ-тың қалыптасуына елеулі үлес қосқан, өмірден өткен қазақстандық журналистерді еске алуға арналған акция өткізді.


Аталмыш акция Қазақстан Журналистер одағының ғимаратында өтті. Шара ЮНЕСКО-ның білім қоғамда­рын құру жөніндегі идеяларын іс жүзінде жүзеге асыру мақсатында Дүниежүзілік даму туралы ақпарат күніне сәйкес ұйымдастырылды.


Қазақстан Журналистер одағының төрағасы Сейіт­қазы Матаевтың айтуынша, акцияны ұйымдастыруға ақын, қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов қолұшын созды. Бұл акция алғаш рет былтыр қазан айында өт­кен еді.



1972 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы Дүниежүзілік даму туралы ақпарат күнін құруға шешім қабылдады. Мақсаты – әлемдік қоғамның назарын түйткілді мәсе­лелерге және оларды шешу үшін халықаралық ынты­мақтастықты нығайтуға аудару. Ассамблея бұл күн негізінен Біріккен Ұлттар Ұйымы күні – 24 қазанмен сәйкес келуі керек деп шешті.



Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдары тұ­рақты әрі тәуелсіз болашақ құру, елдегі кедейлік, теңсіздік, қоршаған ортаның нашарлауы, бейбітшілік пен әділеттілік сияқты өзге де маңызды жаһандық мәселелерді шешуді қамтиды. Журналистік міндет­терін абыроймен атқарған отандық бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің біразы бүгінде өмірден өтіп кетті. Сондықтан осы іс-шара еліміздің, қоғамның да­муына үлес қосқан, дер кезінде шынайы ақпарат тарат­қан журналистерді еске алуға арналады. Жиынға марқұм болған журналистердің жақын туыстары, қа­зақстандық баспасөз ардагерлері, сондай-ақ, көрнекті ақын және қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов қатыс­ты.


Шынайы ақпаратты уақытында жеткізу, қоғамдық пікір қалыптастыру – журналист үшін маңызды мін­дет. Бақилық болған журналистердің қызметтегі ес­теліктерімен бөліскен шара қатысушылары бірнеше ұсыныс та айтты. Болашақта журналистер туралы кі­тап та жазылуы мүмкін.



Былтыр акция басталғалы бері Қазақстан Журна­листер одағы Алматы қаласы бойынша қайтыс болған журналистердің тізімін жасауды бастаған болатын. Қазақстан Журналистер одағының жауапты хатшысы Баян Рамазанованың айтуынша, бұл тізім әлі де жаңар­тылады. Себебі, журналистер өте көп. 5-6 облыстан тізім жіберілді. Тек қала бойынша ғана емес, еліміздің жер-жерінен журналистердің тізімі жасалады. Панде­миядан бөлек, басқа да емі жоқ аурудан қайтыс болған журналистердің есімі енгізіледі.




Айта кеткен жөн, «Alataý Аqparat» медиахол­дингінің ғимаратында бүгінде өмірде жоқ журналис­тердің бұрын тұтынған заттары, диктофон, фотоаппа­рат, т.б. заттар сақталған.


Журналистердің қоғамдық өмірдегі еңбегі мен үлесін бірауыз сөзбен бағалау мүмкін емес. Қапыда қаза болған қазақстандық журналистер отандық БАҚ үшін айтарлықтай үлес қосты. Журналистерді еске алуға арналған шара 1 минут үнсіздікпен басталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

10:26

10:13

10:08

10:08

09:52

21:50

18:10

17:09

17:04

16:51

15:36

15:25

15:06

14:45

14:34

14:00

13:55

13:33

12:37

12:27

12:24

12:15

12:05

11:50

11:31