ffin.kz

Әуезов ауданының әкімі емханалар мен мектептердегі жағдай туралы айтып берді

Әуезов ауданының әкімі емханалар мен мектептердегі жағдай туралы айтып берді Сурет: Almaty-akshamy.kz

Ол денсаулық сақтау, білім беру және жайлы орта құруға қатысты өзекті мәселелерді көтерді.


Бүгін Алматы қаласы Әуезов ауданының әкімі Сайран Сайфеденов Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингіне қатысты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Сайран Сайфеденовтың айтуынша, бүгінгі күні осы саладағы өзекті мәселе 18-ші емхананың шамадан тыс жүктелуі болып қалуда.



«Қала әкімі Е. Досаев аудан тұрғындарымен өткен соңғы кездесуде атап өткендей, "Мамыр", "Таугүл", "Қуаныш", "Шабыт" және "Атамекен" шағынаудандарының 30 мыңға жуық азаматына медициналық қызмет көрсетуге арналмаған 3 филиалдың үй-жайларында қызмет көрсету жалғасуда», - хабарлады аудан әкімі.



Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, қазір "Мамыр-1" шағынауданында бір ауысымда 200 адам қабылдайтын отбасылық дәрігерлік амбулатория құрылысы жалғасуда. Жұмыстарды келесі жылдың I тоқсанында аяқтау жоспарланып отыр.


Сонымен қатар, ағымдағы жылдың соңына дейін жер телімін "Қуаныш" шағынауданынан сатып алуды жоспарлап отырмыз. Ауысымына 300 келушіге арналған №18 емхананың негізгі ғимаратын салу көзделуде. Жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлейміз және құрылысты келесі жылы бастаймыз деп отырмыз.


С. Сайфеденов орта және мектепке дейінгі білім беру саласындағы жағдай туралы толық айтып берді. Әуезов ауданы әкімінің айтуынша, 48 мектеп жұмыс істейді, оның 33-і мемлекеттік мектеп. Барлығы 53 269 оқушы бар. Оқушы орындары тапшылығының жоғары деңгейі негізгі проблемалық мәселе болып қалып отыр.


«Оқушы орындары тапшылығының жоғары деңгейі негізгі проблемалық мәселе болып қалып отыр. Ағымдағы жылдың басында 3 мектепке - №6, 121, 133 мектептеріне қосалқы ғимарат құрылысын пайдалануға беру 1 725 оқушы орнының тапшылығын төмендетуге мүмкіндік берді. Алайда, көп қабатты тұрғын үй кешендерінің құрылысы аясында тапшылықтың күтілетін деңгейі бүгінде 3 600 орынға дейін өсті.


Осы жылдың мамыр айында 4 шағынауданда 400 орындық «Достық» жеке мектебі ашылды. Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне қарай мектептерге қосымша 1 725 орынға 2 қосымша құрылыс пайдалануға беріледі (№117 мектепте 900 орындық және №132 мектепте 825 орындық).


Келесі жылы 5 білім беру нысанының құрылысын жобалау және бастау бойынша жұмыстар, оның ішінде №104 мектепке 400 орындық қосымша құрылыс салу, салынып жатқан «City plus» және «Белкамит» тұрғын үй кешендері жанында 1 500 орындық 2 жаңа мектеп және 800 орындық 2 балабақша салу жоспарланған.


Сонымен қатар, ағымдағы жылдың мамыр айында 3 мектепте - №122, 141, БИЛ-де сейсмикалық күшейтуге байланысты күрделі жөндеу басталды. Аяқталу мерзімі – 2023 жылдың III тоқсаны.


Жөндеу жұмыстары кезінде 122 мектептің оқушылары №86 және №111 мектептерде, 141 мектептің оқушылары №126 және №132 мектептерде, ал Білім-инновация лицейінің оқушылары №153 және №202 мектептерде орналасатын болады. 


Сайран Сайфеденов өткен жылдың қорытындысы бойынша 752 орындық 10 жекеменшік балабақша ашылып, 187 жұмыс орны ашылғанын хабарлады. Алайда, қазіргі уақытта аудан бойынша тапшылық 8 047 орынды құрайды.


Мектепке дейінгі мекемелерде орын тапшылығын азайту мақсатында 280 орындық 2 мемлекеттік балабақша салу жоспарлануда.



«Бірінші балабақша бойынша 120 орынға "Алтын бесік" шағынауданында ағымдағы жылдың қазан айының соңына дейін ЖСҚ әзірлеу және оны мемлекеттік сараптамадан өткізу аяқталады. ҚМЖ 2023 жылдың I тоқсанында құрылысты бастауды жоспарлап отырмыз», - деп хабарлады аудан әкімі.



Екінші балабақша бойынша мамырда 10-шы шағынауданда 160 орынға қараусыз қалған балабақша ғимараты сатып алынды. Ағымдағы жылдың қыркүйек айында бюджетті нақтылау кезінде жобалық-сметалық құжатаманы әзірлеуге қаражат бөлу жоспарлануда. Келесі жылы мемлекеттік сараптамадан өткеннен кейін қолданыстағы ғимаратты бұзып, құрылысты бастау жоспарлап отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

21:49

19:02

18:44

18:21

18:04

17:49

17:33

16:55

16:55

16:37

16:15

16:07

15:58

15:19

15:05

14:30

14:22

14:14

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04