ffin.kz

Әуезов ауданында 2022 жылдың соңына дейін 191 аула жөнделеді

Әуезов ауданында 2022 жылдың соңына дейін 191 аула жөнделеді Сурет: Almaty.tv

Бүгінде 30 аулада құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіліп жатыр.


Алматы қаласы Әуезов ауданының әкімі Сайран Сайфеденов Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингі барысында жергілікті атқарушы органдардың күшімен жайлы қалалық орта құрылып, «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы іске асырылып жатқаны туралы айтып берді.



«Аудан тұрғындарын толғандыратын мәселелердің бірі қоғамдық кеңістіктерді, сондай-ақ аула аумақтарын абаттандыру және дамыту болып табылады. Бұл бағытта тұрғындардың өмір сүруіне, ауданды көгалдандыруға жайлы және қолайлы орта құру бойынша кешенді шаралар жүргізу жалғасуда», - деді аудан әкімі С.Сайфеденов.



Ауданда 966 аула алаңы бар (847 алаң абаттандыруға жатады), оның 656 алаңы жөнделді. 2022 жылдың соңына дейін 191 аула аумағын күрделі жөндеуді аяқтау жоспарланып отыр. Бүгінде 9 және 11 шағынауданындардағы 30 аулада құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде, олар ағымдағы жылдың қыркүйек айында аяқталады.


Қалған шағынаудандар бойынша (7,8,10,12, "Жетісу–1,2,3,4"), бұл 161 аула конкурстық іс-шаралардың нәтижелері күтілуде.



«Халық қатысатын бюджет» аясында 2022 жылы барлық іріктелген 23 жоба бойынша 800 млн. теңге сомасына құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Барлық жобаларды жүзеге асыру ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне дейін аяқталады. Еске салсақ, келесі жылы тұрғындардан 163 өтініш түскен. Қазір олар ағымдағы жылдың 29 тамызына дейін жалғасатын қарау сатысында», - деп айтты С. Сайфеденов.



«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында тұрғындардың ұсынысына сәйкес, қала әкімі Е. Досаевтың тапсырмасы бойынша қаржыландыру бөлінді және бүгінгі күні шағынауданда саябақты абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. "Ақсай-2" шағынауданындағы барлық жұмыстарды осы жылдың қазан айында аяқтау жоспарланып отыр.


Әуезов ауданының әкімі 2023-2024 жылдарға арналған абаттандыру жоспары туралы да айтып берді.



«Біздің тұрғындардың бастамасы бойынша Алтынсарин даңғылын қайта жаңарту жоспарлануда. Бүгінгі күні ауданның 6 магистралды көшелері, оның ішінде Алтынсарин даңғылы бойынша жаяу жүргіншілер кеңістігін қайта құру бойынша ЖСҚ әзірленуде», - деп жалғастырды аудан әкімі.



Олар мына мекенжайларда пайда болады:


- Абай даңғылы, Алматы өзенінен Момышұлы көшесіне дейін;


- Алтынсарин даңғылы, Жандосов көшесінен Қабдолов көшесіне дейін;


- Төле би көшесі, Сайран көлінен Яссауи көшесіне дейін;


- Жандосов көшесі,  Алматы өзенінен Саин көшесіне  дейін;


- Момышұлы көшесі, Шаляпин көшесінен Төле би көшесіне дейін;


- Саин көшесі, Абай даңғылынан Төле би көшесіне дейін.


Мемлекеттік сараптамадан өткеннен кейін, 2023 жылдың соңында құрылыс-монтаж жұмыстарын бастау жоспарлануда.


Ағымдағы жылдың қыркүйегіне дейін екі қоғамдық кеңістікті абаттандыру бойынша ЖСҚ әзірлеуге конкурстық іс-шараларды аяқтаймыз: шағынаудандағы жаяу жүргіншілер аймағы, "Мамыр-1" және "Ақсай-4" шағынаудандарындағы сквер.



«Таугүл» шағынауданында қоғамдық орындардың жетіспеушілігін ескере отырып, 2023 жылы көлік қозғалысын шектеу арқылы Шалов бульварын заманауи жаяу жүргіншілер аймағына айналдыруды бастаймыз. Ағымдағы жылдың соңына дейін мемлекеттік сараптамадан өтіп, жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу аяқталады», - деп толықтырды С. Сайфеденов.



Сондай-ақ, ауданда қала тұрғындарының сүйікті демалыс орындарының бірі болып қала беретін Сайран көлі орналасқан. Бүгінде Сайран су қоймасының түбін механикалық тазалау бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленді, тазалау жұмыстарын ағымдағы жылдың аяғында бастау жоспарлануда.


Сайран көлін іргелес аумақты абаттандырумен трансформациялау үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде. 2023 жылдың II тоқсанында игеру аяқталғаннан кейін жөндеу жұмыстары басталады.


Аудан әкімі көгалдандыру сұрақтарына бөлек тоқталды. Биыл аудан бойынша 1146 түп ағаш көшеті отырғызылды. 2000 ағашқа санитарлық кесу жұмыстары жүргізілді, 150 апатты ағаштар жойылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

21:49

19:02

18:44

18:21

18:04

17:49

17:33

16:55

16:55

16:37

16:15

16:07

15:58

15:19

15:05

14:30

14:22

14:14

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04