AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Асырап алынған жеткіншектерді балалар үйіне қайтар...

Асырап алынған жеткіншектерді балалар үйіне қайтару мәселесі өзекті болып отыр

Әлеумет 07.09.2023, 12:45 1,218
Асырап алынған жеткіншектерді балалар үйіне қайтару мәселесі өзекті болып отыр
Сурет: Turkystan.kz

Бұл туралы депутаттық сауалында сенатор Амангелді Толамисов айтты.


Депутаттың айтуынша, кейінгі 5 жылда асырап алынған жеткіншектерді балалар үйіне қайтару фактілері 64 пайызға артқан. 2020 жылы 160 бала, 2021 жылы – 197, 2022 жылы 217 бала қайтарылған. Асырап алған баласынан бас тартқан ата-анаға мемлекет тарапынан берілген 75 АЕК көлеміндегі қаражатты мемлекетке кері қайтару, алимент төлеу және екінші рет бала асырап алу мүмкіндігінен айыру сияқты құқықтық жауапкершілік шаралары заңда қарастырылған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Мұндай жағдайлар баланың психикалық денсаулығына қатты әсер етеді. Сонымен қатар, балалар еңбегін пайдалану фактілері де тіркелген.



«Бала асырап алушыларды 3 жылға дейін толық бақылауында ұстап, арнайы сүйемелдеу жұмыстарын жүргізіп отыратын Бала асырап алу ұлттық агенттігі бар. Аталған агенттік аясында ата-аналарға сүйемелдеушілік көмек, психолог, заңгер сынды мамандардың қызметі ұсынылады. Алайда бұл агенттіктің мүмкіндігі барлық ел аумағын қамтуға әлі де жетпейтіні белгілі. Бұл тұрғыда бала асырап алуға ниет білдірген азаматтармен жұмыс істейтін орталықтардың ауқымын кеңейтіп, әлеуметтік қызметкердің санын көбейту қажет», - деді А. Толамисов Үкімет басшысының орынбасары Тамара Дүйсенованың атына жолдаған сауалында.



Оның пайымынша, бала асырап алушы ата-аналарға арналған мамандандырылған орталықтардың жұмысын кеңейту керек.



«Аталған ақпараттардың қатарына асырап алынған бала қайтарылған кездегі заң алдындағы жауапкершілігі туралы ақпарат та енгізілсе. Сонымен қатар, бала асырап алушы ата-аналарға арналған арнайы мамандандырылған мектеп немесе орталықтардың жұмысын кеңейту маңызды. Белгілі бір уақыттан кейін асырап алған баладан бас тартқан отбасыларға заң жүзінде жауапкершілікті әлі де болса күшейту, моральдық шығын ретінде қомақты мөлшерде айыппұл салу мәселесі қарастырылуы керек», - деді Амангелді Толамисов.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#бала асырап алу #бас тарту #депутаттық сауал
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);