AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Алматыда биологиялық қауіпсіздік саласындағы жетіс...

Алматыда биологиялық қауіпсіздік саласындағы жетістіктер ортаға салынды

Білім және ғылым 07.09.2023, 11:29 1,342
Алматыда биологиялық қауіпсіздік саласындағы жетістіктер ортаға салынды
Сурет: Gov.kz

Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми зерттеу институтына - 65 жыл.


Бүгінде еліміздің ветеринариялық вирусология, иммунология, молекулалық биология және биологиялық қауіпсіздік саласында іргелі зерттеулер жүргізіп келе жатқан институт мамандары 70-ке жуық  биологиялық препарат өндірді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. 


Олардың ішінде ең шоқтығы биігі – пандемия кезінде шығарылған отандық QazVac вакцинасы. Осы ғылыми табыс арқылы Қазақстан өзінің вакцинасын әзірлеген әлемдегі бесінші мемлекет ретінде танылды.


Бұдан бөлек, институт ғалымдары Маңғыстау облысында анықталған «түйе шешегіне» қарсы екпе жасап шығарып, соның арқасында ауру ошағы түбірімен жойылған болатын. Бүгін Алматыда іргелі институттың 65 жылдығына орай әлемнің 9 елінен 200-ден аса зерттеуші ғалым бас қосып, биологиялық қауіпсіздік саласындағы жаңа ғылыми жетістіктерді ортаға салды.



«Қазіргі кезде ветеринария саласында көптеген аса қатты жұқпалы аурулар бар. Сол аурулардың алдын алу мақсатында мониторингтік зерттеулер жүргізеді. Сол аурулардың қалай дамып жатқанына, таралып жатқанына болжам жасайды. Мысалы, қойдың қатарлы қызбасы деген ауру бар. Ол да өте қауіпті аурулардың қатарына жатады. Аусыл. Міне, сол бағытта жаңа жұмыстар, жаңа зерттеулер бастап жатырмыз», - дейді «Биологиялық қауіпсіздік проблемалары» ҒЗИ зертхана меңгерушісі Қуандық Жүгінісов.






Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #биологиялық қауіпсіздік #Мерейтой
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);