ffin.kz

Ақылы жол туралы не білеміз?

Ақылы жол туралы не білеміз? интернет

Бүгінде 17 жол учаскесінде ақы төлеу керек. 

Қазақстанда ақылы жолдардың саны да, ұзындығы да жыл сайын артып келеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Алдағы екі жыла оның саны 20-ға жетеді.

Негізгі шектеулер

Ақылы жолдардағы негізгі шектеулер жол ережесінің 16-тарауында көрсетілген. Онда автомагистральдарда қалай және қандай көліктермен жүруге тыйым салынғаны жазылған. Негізгі шектеулер:

жаяу жүруге;

үй жануарларын шығаруға;

велосипедтерді, мопедтерді, тракторларды және өздігінен жүретін машиналарды, сондай-ақ техникалық сипаттамалары немесе олардың жай-күйі бойынша жылдамдығы сағатына 40 километрден кем өзге де көлік құралдарын басқаруға;

рұқсат етілген ең жоғары массасы үш мың бес жүз килограмнан асатын жүк көліктерімен екінші жолақтан әрі шығуға;

тұраққа арналған арнайы алаңдардан тыс жерлерде тоқтауға;

жолды бөліп тұрған тосқауылдардың технологиялық айырымдарында кері бұрылуға және оған кіруге;

артқа қарай жүруге;

көлікті жүргізіп үйренуге тыйым салынады.

Ал көлік бұзылып қалса, жолдың жүру бөлігін белгілейтін сызықтан асып тоқтау қажет. Сосын арнайы белгіні қойған жөн.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 615-бабында жаяу жүргiншiлер мен өзге де қатысушылардың жол ережесін бұзғаны үшін қандай шара қолданылатыны жазылған. Мәселен, велосипедпен автомагистральге шыққан адамдарға 2 АЕК (7 384 теңге) көлемінде айыппұл салынады. Ал сол адамның кесірінен біреудің денсаулығына жеңіл зиян келсе, 10 АЕК (36 920 теңге) мөлшерінде айыппұл қарастырылған. Бір жылдың ішінде тәртіп бұзушылық қайталанған жағдайда айыппұлдың көлемі екі есеге артады.

Шекті жылдамдық

"QazAvtoJol" компаниясының мәліметіне сәйкес, көлік жүргізушілері ақылы жолдарда көп жағдайда жылдамдық режимін сақтамайды. Сол үшін айыппұл арқалап жатады. Ал заң бойынша республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында нақты қозғалыс жылдамдығы бекітілген. Олар:

І-а санаты – 140 км/сағ (Астана-Павлодар, Астана-Щучинск, Астана-Теміртау, Алматы-Қонаев);

І-б санаты – 110 км/сағ (Алматы-Қорғас, Шымкент – Өзбекстан шекарасы, Қонаев-Талдықорған, Шымкент-Қызылорда, Шымкент-Тараз, Тараз-Қайнар, Щучинск-Көкшетау);

Павлодар-Семей-Қалбатау автожолының Павлодар облысына қарасты учаскесінде (Долгое-Аққулы) - 100 км/сағ;

Павлодар-Семей-Қалбатау автожолының Абай облысына қарасты учаскесінде (Шарбақты-Семеновка - Қалбатау) - 110 км/сағ;

Орал-Ресей Федерациясының шекарасы (Саратов) автожолының Батыс Қазақстан облысына қарасты учаскесінде (Болашақ-Достық) - 100 км/сағ;

Павлодар-Ресей Федерациясының шекарасы автожолының Павлодар облысына қарасты учаскесінде (Мичурино) - 110 км/сағ, дәл осы жолда Қызытаңнан Өрлітөбеге дейін - 100 км/сағ;

Бейнеу-Ақжігіт автожолының Маңғыстау облысына қарасты учаскесінде (Тажен) - 100 км/сағ;

Орал-Ресей Федерациясының шекарасы (Самара) автожолының Батыс Қазақстан облысына қарасты учаскесінде (Чапов-Погодаево) - 100 км/сағ.

Айта кетері, биыл жылдамдықты асырғаны үшін айыппұлдың көлемі өсті.

Орташа жылдамдықты есептейді

Жақында жол ережесіне тағы өзгеріс енгізілді. Оған сәйкес, орташа жылдамдық есептеледі. Себебі бүгінде көлік жүргізушілері республикалық маңызы бар жолдарда қатты жүреді. Ал камераларға жақындағанда жылдамдықты азайтады да, өтіп кеткеннен кейін қайтадан қатты жүреді. Соның салдарынан жол-көлік апаттары болып жатады.

Орташа жылдамдықты есептеу тәртібі мынадай: трассаның басында және аяқ жағында бейнекамералар бар, бірінші камера көліктің жолға шыққанын тіркесе, екіншісі келген уақытын тіркейді, екі камераның уақытымен автоматты түрде көліктің трассамен жүрген орташа жылдамдығы есептеледі, көлік жүргізушісі орташа жылдамдықты асырып жіберсе, айыппұл салынады.

Жол ақысын төлемегендер айыппұл арқалайды

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 628-бабында ақылы жолдарда ақыны уақытында төлемегені үшін де айыппұл қарастырылған:

1.жеке тұлғаларға – 5 АЕК (18 450 теңге);

2.заңды тұлғаларға – 10 АЕК (36 920 теңге).

Жолдың ақысы бір аптаның ішінде төленуі керек. Әйтпесе, 8-ші күні айыппұл салынады.

Айта кетері, бүгінде ақылы жолдардың ақысын банк қосымшалары, терминалдар мен интернет сервистер арқылы төлеуге болады. Жалпы шамамен 20-ға жуық ақы төлеу тәсілі бар.

Ақылы жолдардың тізімі

Қазіргі кезде Қазақстанда 17 ақылы жол бар. Олар:

Астана – Щучинск;

Астана – Теміртау;

Алматы – Қорғас;

Алматы – Қонаев;

Астана – Павлодар;

Тараз-Қайнар;

Шымкент-Қызылорда;

Шымкент – Тараз;

Шымкент – Өзбекстан шекарасы;

Қонаев – Талдықорған;

Щучинск – Көкшетау;

Павлодар – Қалбатау;

Бейнеу – Ақжігіт;

Орал – Самара;

Павлодар – Омбы;

Көкшетау – Петропавл;

Орал – Саратов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

08:05

19:10

18:45

18:02

17:43

17:39

17:31

17:20

17:17

17:05

16:54

16:41

16:15

16:05

15:56

15:39

15:21

15:14

14:45

14:40

14:34

14:07

13:47

13:30

12:58