ffin.kz

АҚШ–Қытай текетіресі: Әлемдік алпауыттар әскери қуатын арттырып отыр

АҚШ–Қытай текетіресі: Әлемдік алпауыттар әскери қуатын арттырып отыр smapse.livejournal.com

АҚШ пен Қытайдың қорғаныс саласына бөлетін қаржысы едәуір артып келеді. Құрама Штаттар тұтас әлем елдерінің қорғаныс бюджетінің 40 пайызына тең қаражат бөледі. Бұл дегеніміз, өзінен кейінгі 15 елдің қаржысын қосқандағы сомаға жуық. Бірақ соған қарамастан, шығыстағы көршіміз соңғы 8 жыл ішінде қорғаныс шығындарына бөлетін қаржысын толассыз көбейтіп келеді. Сарапшылардың пікірінше, Қытайдың әскери салаға бөлген қаржысының артуы Құрама Штаттармен жақын арада теңеспесе де, бұл Вашингтонға үлкен қысым түсіреді деп санайды. Себебі, АҚШ әлемдегі өз басымдығын сақтап тұру үшін тіпті де мол ресурстарын жұмсауына тура келмек.




АҚШ ПЕН ҚЫТАЙ  АРАСЫНДАҒЫ АЙЫРМА


Жасырары жоқ, Қытайдың әскери саланы инвестициялауы ұдайы Батыстың бақылауын­да болды. Ал Бейжің сол Батыс елдерінің көз алдында қорғаныс бюджетін әлемдегі екінші орынға дейін көтеріп алды. Бұл жағдай кейбір батыстық сыншылар айтатындай, «Қытай қорғаныс бюджеті «Қытай қаупімен» бірге өсіп шықты» дегенге келеді. Вашингтон жыл сайын қорғанысқа жұмсайтын қаржысы жағы­нан әлемде теңдессіз. 858 миллиард доллар, яғни Қытай бюджетінен 4 есеге көп. Ал қорға­ныс шығынын халық санына шаққанда Қытай АҚШ-тың 16/1-ге тең болады.


Бұған қоса, шетелдерде әскери базасы ең көп ел де – АҚШ. Әлемнің 80 елінде 750 шамасындағы әскери базасы бар. Оларда 173 000 әскерін орналастырған (ел ішіндегі әскер санынан тыс). Батысты алаңдататыны – Бейжіңнің бұл жағындағы тұрақты өсімді ұстап тұруы. Айталық, 2022-2023 жылдары Бейжің қорғаныс бюджетін тұрақты түрде 7,1 және 7,2 пайызбен көбейтті. Биыл нау­рызда Бейжің қорғаныс шығындарына 224,79 миллиард АҚШ долларын бөлді.



ҚЫТАЙ ШЕТЕЛДЕ ӘСКЕРИ БАЗАЛАРЫН ҚҰРА БАСТАЙ МА?


Бейжің өзінің қорғаныс саясатын тек «қорғаныс сипатта» деп көрсетеді. Былайша айтқанда, ресми Бейжің «ешқашан гегемония­ға, экспансияға немесе ықпал ету аясына ұм­тылмаймыз» деген сөзді келтіреді. Дегенмен, тұрақты түрде өсіп келе жатқан қорғаныс бюджеті жақын 5 жыл ішінде Қытайдың әске­ри ықпалын шетелге дейін кеңейтуі мүмкін деген болжамға итермелейді. Айталық, АҚШ- тағы Уильям мен Мэри колледжінің ғылыми- зерттеу мекемесі AidData жаңа зерттеу қоры­тындысын жариялады. Онда Қытайдың соңғы 20 жылдағы әскери саладағы инвестициясы мен шетелдегі порттарға, инфрақұрылымға салған инвестициялары бағаланған. Бағалау нәтижесіне қарай отырып, Қытай алдағы 2 не 5 жыл ішінде мына жерлерде әскери базалар ашуы мүмкін деп болжады: Хамбантота (Шри-Ланка), Бата (Гвинея), Гвадар (Пәкіс­тан), Криби (Камерун), Реам (Камбоджа), Лу­ганвилл (Вануату) Накала (Мозамбик) және Нуакшот (Мавритания).


Бұл болжамды жасау үшін AidData сарап­шылары соңғы 20 жыл ішінде Қытай тарапы­нан инвестицияланған 46 елдегі порттарды жіті зерттеген. Осы елдерде Қытай 123 теңіз портына жалпы құны 29,9 миллиард АҚШ доллары шамасындағы инвестиция салған. Бұдан тыс, инвестиция деңгейі, стратегиялық орналасу, порт көлемі мен су тереңдігі, сон­дай-ақ Бейжіңнің сол елдермен қарым-қаты­насы сынды көрсеткіштер бойынша анықта­ған.


Сарапшылардың болжауынша, Шри-Лан­кадағы Хамбантота порты алғашқылардың бірі болып Қытайдың әскери базасына айна­луы мүмкін. Себебі, мұндай 2,19 миллиард долларды құрайтын ең үлкен порт инвести­циясы салынған. Әрі Бейжің нысанды тіке­лей бақылап келеді. Жоғарыдағы сегіз порт­тың ішінде төртеуі Африка елдерінде, олар Қытайдың «Бір белдеу, бір жол» жобасын жүзеге асыруда да аса үлкен маңызға ие. Бейжің өз авторлығындағы бұл жобаны түбе­гейлі жүзеге асыру үшін бұл орындарда үл­кен тәуекелдерге баруы да мүмкін.



АҚШ-ТЫҢ  «АРТҚЫ АУЛАСЫНА ТҮСУ»


Америкалық зерттеушілердің назарын аудартқан бір мәселе бар. Қытай геострате­гиялық ойындарда АҚШ-тың «артқы аула­сы» саналатын Кариб теңізіндегі және Латын Америкасындағы елдерге қарқынды инвес­тициялар салуда. Осы аймақтарда 20-ға жуық мемлекет Қытайдың «Бір белдеу, бір жол» жобасына ынталы тұр. Бұл ынтаны Бейжің өзіне тиімді пайдалана отырып, Куба, Вене­суэла, Антигуа мен Барбуда, Бразилия, Пана­ма каналындағы порттарға және өзге де инфрақұрылымдарға үлкен көлемде инвести­ция салуда. Бұл инвестициялар болашақта әскери қорғауды қажет етуі бек мүмкін.


Қазірге Қытайдың шетелдегі жалғыз әс­кери базасы Джибутиде орналасқан. Мұны АҚШ-тың 750 базасымен салыстыруға кел­мейді. Дегенмен, қазіргі қарқынмен ұлғайған жағдайда, Қытай 30 жылда Құрама Штаттар­мен тең шетелдік базаларға ие болуы мүмкін. Өйткені, Бейжіңнің әлемдегі ірі порттар мен су жолдарына салған инвестициясы жоғары деңгейде. Зерттеуде Қытайдың теңіз актив­тері қосарлы мақсатта қолданылатыны баса айтылған. Әскери кемелер саны бойынша барлық түрдегі кемелерді құрастыратыны және Қытайдың ешбір шетелдегі әскери аль­янстардың мүшесі емес екендігі де қаперге алынған. Бұның бәрі Бейжіңді шетелдегі ба­заларды дамытуға итермелеуі мүмкін. Тіпті, болжамдық мүмкіндіктері бойынша АҚШ- ты қуып жететіні де айтылады.


Қытайдың ішкі әскери өндірісін, модер­низациялаудағы қарқынын қарай отырып, 2030 жылға дейін Қытайда 5 ұшақ тасымал кемесі болады деген болжам айтылған. Бірер жыл бұрын айтылған болжам расқа айналып келеді, былтыр ғана Қытай үшінші ұшақ та­сымал кемесін сынақ мерзімінде теңізге шығарды. Бұл Қытайдың аса маңызды стра­тегиялық активінің бірі. Себебі, алыс теңіз- мұхиттарда әскери іс-қимылдарды жүргізу­дегі мүмкіндіктерін арттырады. Қазіргі жағдайдан қарағанда, АҚШ пен Қытай сын­ды ірі державалар арасындағы бәсекенің теңіз-мұхитта көбірек белсенді болуы біз үшін тиімді. Бірақ оған шектескен шағын елдер үшін ұдайы өсіп келе жатқан қатерді бақылап отыруға тура келеді.


«Аlmaty-akshamу», №94. 8 тамыз, 2023 жыл

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

15:19

15:05

14:30

14:22

14:14

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04

11:51

11:00

10:53

10:51

10:37

10:13

10:04

09:54

09:53

09:38

09:35

09:05

08:58