ffin.kz

АҚШ Қытайға қандай мүмкіндік тудырды?

АҚШ Қытайға қандай  мүмкіндік тудырды? inbusiness.kz

ТАЯУ ШЫҒЫСТАҒЫ ОЙЫН КАРТАСЫ




Қазіргі жаһандық жағдай державалар арасындағы өзара бәсекелес іс-қимыл­дарға орай қалыптастып жатыр. Сондықтан сарап­шылар ірі державалардың түрлі аймақтардағы іс-әре­кеттерін салыстыра бағалау­ға тырысады. Айталық, АҚШ пен Қытай арасындағы лидерлік бәсекелестік Үнді- Тынық мұхит аймағында қызу жүріп жатыр. Әлемнің өзге геосаяси аймақтарында да екі елдің қадамдары осыған ұқсас қалыппен өрбуде. Айталық, Қытай Орта Шығыста өзінің страте­гиялық белсенділігін артты­рып, Құрама Штаттардың аймақтағы одақтастарын өзіне тартуда.


Құрама Штаттардың Орта және Таяу Шығыстағы стратегиясы көпке таныс. Ай­мақтағы Израиль, Сауд Арабиясы және Пар­сы шығанағындағы бірқатар араб елдерімен одақтастық, жақын серіктестік қарым-қаты­нас орнатқан. Бұл арқылы аймақта Иранның ықпал-күшінің кеңеюіне және өзге де страте­гиялық бәсекелестерінің аймақтағы қадамда­рына өнімді тосқауыл қойып келген. Ұзақ жыл Ауғанстанда, Ирак пен Сирия жерінде әскери күш ұстап тұрғандықтан, Орта-Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия басты ойыншы ретінде мойындалды. Тіпті, белгілі деңгейде Орта Азияға да ықпал-күшін арттырып келді.


Дегенмен, соңғы кездері жағдай өзгере бастады. Қытайдың арта түскен экономика­лық, әскери және саяси ықпалын Үнді-Ты­нық мұхит аймағында тежеп қалу үшін Құра­ма Штаттардың назары о сы аймаққа шоғырланды. Әрі айтарлықтай нәтижеге қол жеткізді. Бірақ бұл Вашингтонның Орта-Таяу Шығысқа салған назарын әлсіреткендей болды. Бейжің бұны өзіне тиімді пайдалану­ға тырысып жатқандай. Соңғы уақытта ай­мақтағы ықпалын күрт жоғарылатты. Был­тыр жыл соңында Қытай төрағасы Ши Жінпің (Си Цзиньпин) Таяу Шығыс елдеріне сапарлай барды. Сол тұста америкалық са­рапшылар бұл тарихи сапардың нәтижесін төмен болады деп шамалаған еді. Алайда, қазір біз Қытайдың Орта және Таяу Шығыс­тағы ықпалының айтарлықтай өскенін аңға­рамыз.



Наурызда Қытай Сауд Арабиясы мен Иран арасындағы қарым-қатынасты жақсар­туға араағайындық жасады. Эр-Рияд пен Теһран (Тегеран) ортасында дипломатиялық қатынас жанданды. Ұзақ жылдан бері Ва­шингтон суниттік және шиттік бағыттағы осы екі ислам елінің діни, мәдени және тари­хи қайшылығын өзінің аймақтағы мүддесіне оңды пайдалануға тырысып келген. Бейжің болса аймақтағы ықпалды екі мемлекеттің ортасында дәнекер рөлін сомдап, өзін аймақ­та бейбітшілікті және тұрақтылықты қорғау­шы тарап ретінде көрсетті. Тиісінше, бұл са­рапшылар жағынан дипломатиялық ұтқыр қадам ретінде де бағаланған.



Ал маусымның бас шенінде Палестина басшысы Махмуд Аббас Қытайға ресми са­пармен барды. Тараптар бірқатар келісімдер­ге қол қойды. Аббас бұл сапарында Қытай­дың Шыңжаңдағы мұсылмандарға бағытта-


ған саясатын қолдайтынын жеткізіп, кейбір ақпарат құралдарының сынына да тап бол­ған. Бірақ Қытай–Палестина қарым-қатына­сы өзінше жаңа деңгейге көтерілді. Тиісінше, бұл да Бейжіңнің Таяу Шығыста өсіп жатқан ықпалының бір парасы болып танылды.


Енді міне, Қытай мен Израиль арасы да жақындай түседі деген болжамдар ортаға шықты. Жақында ғана Израиль жұртының премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Қы­тайға мемлекеттік сапармен барады деген хабар тарады. Сапардың нақты уақыты әлі анық емес, дегенмен бұл АҚШ–Қытай ара­сындағы бәсеке тұсында тың жаңалық бол­ды. Себебі, еврейдің мемлекет басшысы дәстүрлі түрде алғашқы шетелдік сапарын Америка Құрама Штаттарынан бастайтын. Бірер жылдық үзілістен кейін үкімет басына қайта оралған Нетаньяху билігі сот реформа­сы және Батыс Шериядағы елдімекендерді кеңейту сияқты бірқатар мәселелерде ауыр сынның астында қалды. Оған қарсы оппози­ция ел тарихындағы ең ауқымды қарсылық шараларын да ұйымдастырды. Әсіреоңшыл деп бағаланған Нетаньяху билігі елдегі де­мократия мен адам құқығын кері шегіндірді дейтін ішкі-сыртқы айыптарды да арқалады. Міне, сондықтан да ол билікке қайта оралға­нына көп болса да әлі Құрама Штаттарға шақырылған жоқ.



Израиль – АҚШ-тың Таяу Шығыстағы басты одақтастарының бірі. Аймақта Ва­шингтон мен Тель-Авивтің іс-қимылдары терең үйлестірілген. Ұзақ уақыттан бері Құ­рама Штаттар адам құқығы, демократиялық принциптеріне қарамастан, Израильдің Па­лестина жерін отарлауына және палестина­лықтарға қарсы қатаң саясатына көз жұма қарады. Сәйкесінше, Израиль мемлекеті АҚШ-тың аймақтағы мүддесінің алға ілгері­леуіне зор көмек етіп келген. Соған қарамас­тан соңғы жылдары бақылаушылар АҚШ пен Израиль қарым-қатынасының нашарлап бара жатқанын айтып келеді. Байден наурыз айын­да Нетаньяху саясатын сынаған емеуріндегі мәлімдеме жасап, екі ел қатынасы салқындап қалғанын мойындағандай болған. Оған жауап берген еврей әріптесі: «Израиль – еге­менді мемлекет. Оның саясаты оның доста­рын қамтыған сыртқы күштердің ықпалына орай құрылмайды», – деген.



Бұндай жағдайда Нетаньяху шетелдік сапарында ат басын Құрама Штаттардан бұ­рын Қытайға бұратын болса, бұның өзгеше тарихи символдық мәні болмақ. Ол дегеніміз, қытай–еврей қатынасының жаңа тарихи па­рағы ашылды дегенді білдіреді. АҚШ өз одақтастарын Қытайға қарсы бірігуге шақы­рып жатқанда, Бейжің алдына келе қалған мұндай орайды қолдан жібермесі анық. Бұ­ның бәрі де АҚШ пен Тель-Авивтің алшақ­тай түскенін растай түседі. Бұған Нетаньяху билігінің адам құқығы және өзге де мәселе­лерге байланысты Құрама Штаттармен қара­ма-қайшылықтарға жол беруі негізгі себеп ретінде көрсетіледі. Алайда, мәселенің жоға­рыда біз келтіргендей түпкілікті себебі де бар. Бір сөзбен айтқанда, Құ­рама Штаттар Орта және Таяу Шығыстағы бел­сенділігін әлсіретті.



Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

15:19

15:05

14:30

14:22

14:14

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04

11:51

11:00

10:53

10:51

10:37

10:13

10:04

09:54

09:53

09:38

09:35

09:05

08:58