AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / АӨСШК Аға лауазымды тұлғалары комитетінің отырысы...

АӨСШК Аға лауазымды тұлғалары комитетінің отырысы өтті

Әлем 24.06.2021, 10:37 2,157 Almaty-akshamy.kz.
АӨСШК Аға лауазымды тұлғалары комитетінің отырысы өтті
Сурет:Gov.kz.

АӨСШК Аға лауазымды тұлғалары комитетінің отырысы өтті


2021 жылғы 21-23 маусым аралығында қазақстандық төрағалықтың бастамасы бойынша Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің (АӨСШК) Арнайы жұмыс тобы (АЖТ) мен Аға лауазымды тұлғалар комитетінің (АЛТК) кезекті отырыстары өтті, деп хабарлады Almaty-akshamy.kz ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі таратқан хабарға сілтеме жасап.


АЖТ және АЛТК отырыстарында Кеңестің одан әрі институционалдық дамыту, Сенім шараларының каталогын іс жүзінде іске асыру, құқықтық базасын жетілдіру, АӨСШК сенім шараларын жүзеге асыру жөніндегі іс-шараларды өткізу қағидаттары мәселелері талқыланды. Сондай-ақ Азияның әлемдегі жаңа рөлі, жаһандық және өңірлік үрдістер, АӨСШК одан әрі даму перспективалары туралы пікір алмасылды.


АЛТК төрағасы - Қазақстан Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Шахрат Нұрышев өз сөзінде АӨСШК қызметінің айтарлықтай жанданғаны байқалатынын қанағаттанушылықпен айтып кетті. Атап айтқанда, ол АӨСШК Іскерлік кеңесі мен Жастар кеңесі басқармасының отырыстарының, экономикалық және экологиялық өлшемдер шеңберіндегі бірқатар іс-шаралардың, сондай-ақ эпидемиологиялық қауіпсіздік саласындағы конференцияны қоса алғанда, жаңа сын-қатерлер мен қауіптерге қарсы күрес саласындағы бірқатар іс-шаралардың сәтті өткізілгенін айтты.


АЛТК отырысы барысында Түрікменстанға АӨСШК бақылаушы мәртебесін беру туралы шешім қабылданды.


Сонымен қатар, іс-шара барысында БҰҰ Бас хатшысының орынбасары - Терроризмге қарсы күрес басқармасының басшысы Владимир Воронковтың Кеңес шеңберінде талқыланып отырған БҰҰ-ның Жаһандық контртеррористік стратегиясын іске асыру жөніндегі АӨСШК іс-қимыл жоспарының маңыздылығы туралы бейнеүндеу жасады.



АЛТК отырысының қорытындысы бойынша, 2021 жылғы қазанда өтетін АӨСШК 6-шы министрлік кездесуі барысында бекіту үшін АӨСШК Даналар кеңесі туралы ереже жобасы келісілді. Бұдан басқа, АЛТК келесі сенім шараларында қоса үйлестірушілерді бекітті: эпидемиологиялық қауіпсіздік, қоғамдық денсаулықты сақтау және фармацевтика (Қытай және Иордания), көлік дәліздерінің қауіпсіз және тиімді жүйелерінің дамуы (Қытай), залал апаттарды басқару (Бангладеш) және адами өлшемі (Қытай).



 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #СІМ #конференция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық дәрігерлер италиялық туристі аман алып қалды

Бүгін 11:06

Қазақстан Орталық Азиядағы суды ең үнемді тұтынатын ел атанды

Бүгін 10:18

Қазгидромет Алматының тұрғындарына ескерту жасады

Бүгін 09:11

Ұлт руханиятының құндылықтары сөз болды

Кеше 19:46

Алматы қаласының Мәслихатына жаңа депутат сайланды

Кеше 18:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);