AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Балалар жылы / Ана сүтінен ардақты ас бар ма?

Ана сүтінен ардақты ас бар ма?

Балалар жылы 01.06.2022, 04:37 1,992 Нұржамал Тегінбайқызы
Ана сүтінен ардақты ас бар ма?
Сурет: Unicef.org

Ата-бабамызда уызына жарыған деген киелі сөз бар. Әсіресе, текті парасатты, кісілікті адам көрсек, уызына жарып өскен азамат екен деп сүйіспеншілік білдіріп жатамыз. Ал бұл дегеніңіз адам баласының бойындағы асыл қасиеттердің барлығы ана сүтімен дарып, жетілетіндігін білдірсе керек.


Ал қазір сол уызына жарып өсер ұрпақ саны азайып бара жатқаны жасырын емес. Туған сәбиін ана сүтімен қоректендіріп, табиғи тамақтандыратын аналардың санының азайып бара жатқанына Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы осыдан жиырма жеті жыл бұрын дабыл қағып, өзіміз ұмытып бара жатқан жаңа туған баланы туа салысымен ана бауырына салып, бірден  ана сүтімен ауыздандыру керектігін айтып дабыл қақты. Тіпті арнайы бағдарлама да қабылданды. Осыдан екі жыл бұрын ол бағдарламанының  қолға алынғанына   ширек ғасыр толғанын атап та өттік. Қазір өзге ұлт өкілдері тұрмақ, өзіміздің қаракөз келіншектеріміз баланы емізуді артық жұмыс санап, «ана сүтімен пара-пар»  деген жарнамасы жалаулатылған жасанды сүтке иек артып алғандай.  Оның үстіне ана сүтінің қадір- қасиетін түсіндіретін бұрынғы енелер мен аналар қатары да сирей бастағандай. Өзі баласын жасанды сүтпен қоректендірген ана мен ене қызы мен келініне бала үшін ана сүтінен ардақты астың жоқтығын  қайдан түсіндірсін?!  Перзентханаларда жаңа босанған жас аналарды бала емізуге иекемдеп, сәбиі емшек сүтімен ауызданғанша көмек көрсететін мамандар бар, бірақ ол маманның үш-төрт күнгі кеңесі кейбір жас аналардың бойына сіңіп үлгермейтіні тағы бар. Осы олқылықтардың орынын толтыру мақсатында қаламыздағы №29 қалалық емханада  «Жас аналар» кабинеті ашылды. Мұнда жас босанған келіншектерді сәбилерін ана сүтімен қоректендіруге және олардың денсаулығын күтіп баптауға, оқыс жағдайларда сәбиіне алғашқы көмек көрсетуге бейімдейді.



"Кабинет жұмысының басты міндеті–  жас аналарға тек сәбиін ана сүтімен қоректендіруге бейімдеп қана қоймай, туылған күнінен бастап күтіп-баптау мен дұрыс құндақтап, денсаулығын күтуді де үйрету. Ол үшін оларға емхананың бала дәрігерлерімен қатар, қаламыздағы ана сүтімен қоректендіру бағдарламасы бойынша құрылған орталықтың білікті мамандары ана сүтімен қоректендірудің маңызын түсіндіріп, ақыл-кеңес  береді. Арнайы шақырылған көп бала тәрбиелеп өсірген аналарымыз бен ақылман әжелеріміз келіп, өздерінің тәжірибелерімен бөліседі. Соның нәтижесінде соңғы екі-үш жылда жас аналар арасында балаларын ана сүтімен тамақтандырып, бесікке бөлейтіндер қатары артып келеді", – дейді «Жас аналар» кабинетінің мейірбикесі Алина Нүркеева.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#ана сүті #Жас аналар #кабинет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы өнеркәсіп өндірісінің көлемі 931 млрд теңгеден асты

Бүгін 11:06

«Балаларымыз – аманатымыз» акциясы аясында Қазақстан бойынша 20 000 балаға балмұздақ таратылады

Бүгін 11:04

Алматыда Балаларды қорғау күніне орай балаларға медициналық көмек көрсетуге арналған үш құзырет орталығы ашылды

Бүгін 10:10

Алматы қаласының қаржы нарығындағы жағдай туралы

Бүгін 09:43

Танымал бейнероликтің кейіпкері үш жасар Әміреге Мемлекет басшысының Алғыс хаты табыс етілді

Бүгін 09:26
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);