Қазақстанда зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балаларға арналған көмек кабинеттері ашылады
2026 жылғы 2 наурыздан бастап Қазақстанда «Құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы» Заң күшіне енді. Заң аясында зорлық-зомбылыққа, қатыгездікке және буллингке ұшыраған балаларға мамандандырылған көмек кабинеттері ашылады. Кәмелетке толмағандарға бір терезе қағидаты бойынша психологиялық, сот-медициналық және бейінді мамандардың қызметтері кешенді түрде көрсетіледі. Ведомствоаралық алгоритмдер балаларға уақтылы қолдау көрсетуге және психологиялық қайта жарақат алуын болдырмауға бағытталған.