AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Бектенов Алғабастағы өрттен кейін министрлер мен ә...

Бектенов Алғабастағы өрттен кейін министрлер мен әкімдерге тапсырма берді

Әлеумет 19.11.2025, 09:50 496 yakiya
Бектенов Алғабастағы өрттен кейін министрлер мен әкімдерге тапсырма берді
Рixabay

Әкімдіктер тұрғын үй секторын, жатақханалар мен хостелдерді аралап, рейд жүргізеді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Премьер-министр Олжас Бектенов Түркістан облысының Жетісай ауданы Алғабас ауылында он екі адам ажал құшқан өрттен кейін министрлер мен әкімдерге бірнеше тапсырма берді.

«Әріптестер, кеше Түркістан облысының Алғабас ауылында қайғылы жағдай орын алғанын білесіздер.  Үкіметтің атынан қаза тапқандардың туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамын. Мемлекет басшысының тапсырмасымен өрттің себептерін анықтау үшін Үкіметтік комиссия құрылып, жұмыс істеп жатыр. Зардап шеккендерге және қаза тапқандардың отбасыларына  барлық қажетті көмек, оның ішінде материалдық және медициналық көмек көрсетіледі», - деді Бектенов Үкімет отырысында.

Премьер-министр жылу беру маусымы басталғалы бері тұрғын үй секторында өрт оқиғалары өсіп бара жатқанына назар аударды.

«Біз бұл мәселені қазан айында Үкімет отырысында қарадық. Алайда жағдайдың жақсарғанын әзірге көріп отырған жоқпыз. Сондықтан алдын алу және түсіндіру жұмыстарын күшейту қажет. Төтенше жағдайлар министрлігіне өртті болдырмау, адамдардың өмірін сақтау мәселелері бойынша орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың жұмысын тиісті деңгейде үйлестіруді қамтамасыз етуді тапсырамын. Өңір әкімдіктерімен және Ішкі істер министрлігімен бірлесіп,  тұрғын үй секторын,  әсіресе жатақханалар мен хостелдерді, халықтың әлеуметтік осал топтарының үйлерін аралап, рейдтер жүргізу қажет. Мәдениет министрлігі мен әкімдіктер  барлық масс-медиа мен әлеуметтік желілерде түсіндіру жұмыстарын жандандырсын. Өңір әкімдіктері газ жабдықтарын қауіпсіз пайдалануға бағытталған алдын алу шараларын жүргізу бойынша газ-техникалық инспекцияның жұмысын күшейтсін», - деп тапсырды Үкімет басшысы.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Олжас Бектенов
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Astana AI Film Festival халықаралық AI-фильмдер байқауы әлемнің түкпір-түкпіріндегі креаторлардан өтінім қабылдауды бастады

Бүгін 19:35

Алматыға Шанхай ғылым және технологиялар колледжі делегациясы келеді

Бүгін 18:42

Алматының ажары

Бүгін 18:12

Алматылық Камиля Досмалова пара таэквондодан Азия чемпионы атанды

Бүгін 16:51

Алматы тұрғындары «Таза бейсенбі» экологиялық акциясына қатысты

Бүгін 16:49
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);