Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Қазақстанда баспана неге қымбаттап жатыр?

Қазақстанда баспана неге қымбаттап жатыр?

Экономика 18.11.2025, 14:55 443
Қазақстанда баспана неге қымбаттап жатыр?
aikyn.kz

Биылғы қазанның қорытындысы бойынша, Қазақстанда тауарлар мен қызметтердің бағасы 12,6 пайыз өсті. Бұған байланысты жылжымайтын мүлік нарығында да қымбаттаған, - деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Ranking мәліметінше, қазанда жаңа тұрғын үйлердің бағасы 13,1 пайыз, ал қайталама нарықтағы баспана құны 11,6 пайыз өскен.

Қазақстанда баспана неге қымбаттап жатыр?

Басылым төрт негізгі себепті атаған.

 

ҚҚС өсімі және нарықтағы өзгеріс

ҚҚС мөлшерлемесінің 16 пайызға дейін артуы баға қалыптастырудағы басты факторлардың бірі болды.

"Құрылыс салушылар шаршы метрдің бағасына алдын ала салықтарды қоса бастады", - деп жазды басылым.

Соның әсерінен сатып алушылар бағаның өсуін болжап, сұраныс артты. Ал екінші нарықтағы сатушылар да жаңа үйлердің қымбаттауына қарап, өз бағаларын көтере бастады.

Қосымша әсер ететін тағы бір жайт — құрылыс компаниялары үшін ҚҚС бойынша жеңілдіктің 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшін жоюы.

Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу ережелерінің қатаңдауы

Биыл үлестік қатысу туралы заңға үш пакет өзгеріс енгізілген. Ең маңыздысы - екінші пакет. Өзгерістерге сәйкес:

  • үлескерлермен мәмілелер тек үлестік қатысу туралы келісім бойынша ғана жасалуы керек;
  • тұрғын үй кешендерін жарнамалау тек гарантия немесе рұқсат болғанда ғана рұқсат етіледі;
  • әкімдіктер мен инжинирингтік компаниялар тарапынан бақылау күшейтіледі.

Бұл өзгерістер құрылысшылардың мүмкіндіктерін шектеп, жобалардың азаюына алып келеді, нәтижесінде ұсыныс көлемі төмендейді.

Сұраныстың өзгеруі

Басылымның жазуынша, Қазақстандағы тұрғын үй нарығы маусымды сұранысқа тәуелді. Жаз бен күздің басында сатып алу белсенділігі артады, себебі адамдар жылдың аяғына дейін мәмілелерін аяқтап алуға тырысады. Осы кезеңде құрылысшылар да жаңа жобаларды көбірек іске қосады. Бұл табиғи сұраныстың артуына және бағаның өсуіне ықпал етеді.

Доллар бағамының әсері

Валюта нарығындағы құбылу да бағаға тікелей әсер етеді. Доллардың күшеюі импорттық құрылыс материалдары мен жабдықтардың қымбаттауына алып келеді, ал бұл құрылыс құнының өсуіне себеп болады.

Екінші нарықтағы сатушылар да доллар бағамына қарап, өз есептерін соған сәйкестендіріп, бағаны реттеп отырады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #баспана #баға #қымбаттау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының Бас жоспары аумақтарды кешенді түрде жаңғыртуды көздейді – қала әкімінің орынбасары

Бүгін 12:39

Қазақстан су тапшылығын ЖИ-мен еңсермек: Алматыда DeepBAS жобасы таныстырылды

Бүгін 12:36

Алматы хайуанаттар бағында үш кенгуру төлі дүниеге келді

Бүгін 12:29

Ақ халатты абзал жандарға алғыс: №7 қалалық аурухана дәрігерлері науқас өміріне араша түсті

Бүгін 12:14

Павлодар облысында той үшін қарызға батқан әйел сотқа жүгінді

Бүгін 12:00
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика